Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Моңғолияның әкімшілік бӛлінуі



Pdf көрінісі
бет8/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

Моңғолияның әкімшілік бӛлінуі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 – ТАРАУ. ХХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ – ХХІ 
ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ОҢТҤСТІК ЖӘНЕ ОҢТҤСТІК-
ШЫҒЫС АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ 


54 
 
Ҥндістан 
1. Үнді Одағы Доминионы (1947-1950 ж.ж.). Үндістанның 
тәуелсіздік алуы 
2. Үндістан Республикасы. Үнді мемлекеттілігі негізінің 
қалыптасуы (1950-1970 ж.ж.). 
3. ХХ ғ. 80-90 ж.ж. Үндістанның партиялық-саяси және 
мемлекеттік-құқықтық құрылымының дамуы 
 
Ҥндістан Республикасы (хинди Bhārat Gaṇarājya IAST, ағылш. 
Republic of India) – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Үндістан әлемде 
жер кӛлемі бойынша жетінші, халық саны бойынша екінші орынды 
иеленеді. Үндістан батысында Пакістанмен, солтүстік-шығысында 
Қытаймен, Непалмен және Бутанмен, шығысында Бангладешпен және 
Мьянмамен шектеседі. Одан басқа, Үндістан оңтүстік-батысында 
Мальдивимен, 
оңтүстігінде 
Шри-Ланкамен 
және 
оңтүстік-
шығысында Индонезиямен теңіздік шекарасына ие. Джамму 
штатының даулы территориясы және Кашмир Ауғанстанмен 
шектеседі.
Ресми тілдері – хинди, ағылшын және тағы 21 тіл.
Астанасы – Нью-Дели 
Басқару формасы – парламенттік республика, федеративтік 
республика, республика 
Президент - Пранаб Кумар Мукерджи 
Вице-президент - Мохаммад Хамид Ансари 
Премьер-министр - Манмохан Сингх 
Территориясы - 3 287 590 км² ( дүние жүзінде 7-ші). 
Халқы - 1 210 193 422 адам, тығыздығы - 364 адам/км² 
Ақша бірлігі – үнділік рупия (INR, код 356) 
1947 жылы 15 тамызда Үндістанның тәуелсіздігі туралы Заң 
күшіне енеді, ол бойынша оған Британ ұлттар достастығы шеңберінде 
доминион статусы берілді. Елдің мемлекеттік-құқықтық статусының 
ӛзгеруі оның тарихында түпкілікті жаңа парақты ашты. Құрылтай 
жиналысы ӛз заңдарын шығару ӛкілеттілігін алды, Үндістанның 
алғашқы тәуелсіз үкіметі ӛз жұмысына кірісті. 
Құрылтай жиналысының тӛрағасы Үнді Ұлттық Конгресінің 
(ҮҰК) қайраткерлерінің бірі – Раджендра Прасад, Үндістанның 
бірінші премьер-министрі – Джавахарлал Неру болды. Үкімет 
құрамына бірнеше саяси партиялардың ӛкілдері кірді. Онда солшыл-
консервативтік күштер ықпалы басым болды. Министрлік 
орындардың басым бӛлігі конгрессистер қолында болды: қорғаныс 
және сыртқы істер министрі Дж.Неру, ішкі істер министрі – В.Патель, 


55 
қаржы министрі – Ч.Дешмукх, сауда министрі – Т.Т.Кришнамачари, 
ӛнеркәсіп және жабдықтау министрі – Хинду маха сабха 
партиясының кӛсемі Ш.П.Мукерджи, әділет министрі – Б.Р.Амбедкар. 
Жаңа мемлекеттік биліктің бірінші кезекті міндеттері әкімшілік 
аппаратты және қарулы күштерді үнділендіру, жаңа конституцияны 
дайындау бойынша жұмыс және федерация субъектілерімен қатынас 
жүйесін жасау болды. Үндістанның мемлекеттік шекарасын анықтау 
мәселесі шешілмеген күйінде қалды және Үнді Одағына 
княздықтардың қосылу формуласын дайындауға тәуелді болды. Осы 
мақсатпен 1947 жылы В.Патель басқарған княздықтар ісі бойынша 
министрлік құрылды. Князьдықтардың Үндістанға немесе Пәкістанға 
кіруі, 1947 жылғы Үндістан тәуелсіздігі туралы Заң ережесіне сәйкес, 
олардың ӛкілдерінің еркіне тәуелді болды. 1947 жылдан бастап 1949 
жылға дейінгі кезеңде 601 князьдықтың 555-і Үндістанға қосылды 
(қалғандары Пәкістан құрамына қосылды).
1949 жылы қарашада Құрылтай жиналысы Үндістан 
конституциясының жобасын қарастырды және қолдады. Конституция 
1950 жылы 26 қаңтарда күшіне енді, бұл күн Республика Күні болды. 
Қазіргі кезге дейін қолданылып келе жатырған және түзетулер мен 
толықтырулар енгізілген бұл конституция алғашқыда 395 бетті және 9 
кӛлемді қосымшаларды алып жатырған 22 бӛлімнен тұрды. Бұл 
дүниежүзіндегі кӛлемі бойынша ең үлкен конституция. Оны 
құрастыруға елдің алдыңғы қатарлы саяси қайраткерлері қатысты: 
Дж.Неру, Р.Прасад, Б.Р.Амбедкар, П.Ситарамайя және т.б. 
Конституцияға сәйкес, Үнді Одағы демократизм және 
секуляризм принциптеріне негізделген тәуелсіз парламенттік 
республика деп жарияланды. Конституцияда маңызды буржуазиялық-
демократиялық еркіндіктер бекітілді, ұлттық, нәсілдік, касталық 
немесе діни негіздегі бӛлушіліктің кез-келген формасына тиым 
салынды. Жеке меншікке қол сұқпау 31-ші бапта бекітілді. 
Мемлекет басшысы – президент – конституция бойынша, 
маңызды ӛкілеттіліктерге ие: ол қарулы күштердің бас қолбасшысы 
болып табылады, премьер-министрді және орталық үкімет 
министрлерін тағайындайды, парламент сессиялары арасындағы 
кезеңде заңдарды шығарады және күшін жояды, конституция 
қызметін тоқтатады. Президент елде тӛтенше жағдай енгізуге 
құқылы, бұл жағдайда Үндістан федерация болуын тоқтатады және 
барлық билік орталық үкімет – министрлер кеңесінің қолына 
шоғырланатын унитарлы мемлекетке айналады. Министрлер кеңесі 
коллегиялық орган болып табылады, басында премьер-министр бар 
барлық орталық үкіметтік ведомствалар басшыларынан тұрады.


56 
Заң шығару билігінің жоғары органы екі палатадан: Халық 
палатасы (Лок сабха) және штаттар Кеңесінен (Раджья сабха) тұратын 
Орталық парламент болып табылады. Халық палатасы тікелей сайлау 
жолымен 5 жыл мерзімге сайланады және ӛкілеттілік мерзімі 
аяқталған соң толығымен жаңартылады. Конституция бойынша, 
Үндістанда жалпы халықтық сайлау құқығы орнатылды. Сайлауға 
қатысу құқығы 21 жасқа толған Үндістан азаматтарына берілді (1988 
жылдан бастап жас ерекшелігі 18 жасқа дейін тӛмендетілді). Штаттар 
Кеңесі тұрақты қызмет етуші орган, оның құрамының 1/3-і әрбір 2 
жыл сайын жаңартылып тұрды. Штаттар Кеңесінің жекелеген 
депутаттары 6 жылға сайланады, штаттар Кеңесінің ӛзі толығымен 
ешуақытта қайта сайланбайды.
Штаттар деңгейінде атқарушы билік президентпен 5 жылға 
тағайындалған губернаторлармен, ал заң шығару – екі палатадан: 
жоғары (заң шығару кеңесі) және тӛменгі (заң шығару жиналысы) 
тұратын штаттар легислатураларымен жүзеге асырылады.
Штаттар неғұрлым ұсақ әкімшілік-территориялық бірліктерге 
бӛлінеді: облыстар, округтер, уездер, селолар.
Үндістанның Жоғары соты және штаттардың жоғары соттары 
заңдарды талдау құқығына ие және егер конституцияға қарама-қайшы 
болса, олардың қызметін тоқтата алады.
1950 жылғы Конституция бойынша Үндістанда түрлі құқықтық 
статустағы штаттардың үш тобы құрылды: а) Британдық Үндістанның 
бұрынғы провинциялары (Уттар-прадеш, Мадхья-прадеш, Бихар, 
Мадрас, Бомбей, Ассам). Олардағы басқару жүйесі: губернатор, штат 
үкіметі, екіпалаталы ассамблея; б) бұрынғы княздықтар (Джамму 
және Кашмир, Хайдерабад, Майсур, Траванкур-Кочин, Пепсу, 
Мадхья-Бхарат, Саураштра, Раджастхан, Виндхья-прадеш). Басқару 
жүйесі: губернатор (раджпрамукх) – бұрынғы князь, бірпалаталы 
ассамблея; в) бұрынғы бас комиссарлық провинциялар, яғни ӛзін-ӛзі 
басқаруға ие болмаған провинциялар (Дели, Трипура, Манипур, 
Андаман аралдары, Локкад аралдары, Аджмер, Бхопал, Куч-Бихар, 
Кург, Кач, Химачал-прадеш). Басқару жүйесі: «А» тобы штатының 
губернаторы немесе президентпен тағайындалған комиссар. 
Үнді Одағының ресми тіліне қатысты баптар жеке бӛлімге және 
тӛрт тарауға бӛлінген: Одақтың ресми тілі; жергілікті (ұлттық) тілдер; 
Жоғары сотта, жоғары соттарда қолданылатын тілдер; арнайы 
дерективалар. Үнді Одағының ортақ тілі деванагари кестесінде 
қолданылатын хинди тілі жарияланды, алайда конситуцияның 


57 
қабылданған күнінен бастап 15 жыл бойы ағылшын тілі барлық ресми 
мақсаттар үшін қолдануға сақталуы тиіс болды.
Конституция «ұлттық» статусын алған Үндістанның 15 негізгі 
тілдерін бӛліп кӛрсетті: тамили, каннада, малаялам, телугу, ассами, 
бенгали, гуджерати, хинди, кашмири, маратхи, ория, пенджаби, 
синдхи, урду, санскрит.
1950 жылғы Конституцияның Үнді Одағының негізгі заңы 
ретінде қабылдануы тәуелсіз Үндістанның дамуында жаңа – 
республикалық кезеңді ашты. 
Үндістанға тәуелсіздігінің берілуі партиялық-саяси күштер 
арақатынасында айтарлықтай ӛзгерістерге алып келді. ҮҰК-нің 
ішінде екі ағым қалыптасты, олардың қарама-қарсылығы ішкі 
партиялық ӛмірді айқындады. Центристер және солшылдар қолдаған 
Дж.Неру тобы мемлекеттік сектор дамуының басымдылығымен 
«аралас экономиканың» даму бағытын, аграрлық реформаның және 
әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қолдады. ҮҰК-де 
консервативтік топтың мүддесін кӛздеген В.Патель және П.Тандон 
тобы жеке капиталистік кәсіпкерліктің жан-жақты және шексіз 
дамытылуын, рынок құру және елдің еңбек бӛлінісінің халықаралық 
капиталистік жүйесіне қосылуын қолдады. Селолық жерлердің 
капиталистік трансформация қажеттілігін түсіне отырып, олар 
түпкілікті радикалды қайта құрулардың алдын алды және ауыл 
шаруашылығының техникалық қайта қарулануына күш салды. 
Сыртқы саясат саласында олар батыс елдеріне, ең алдымен Британ 
ұлттар достастығы елдеріне бағыт ұстануға басымдық берді. 
В.Патель тобы қысымының күшеюі Конгрестен бірнеше солшыл 
топтардың шығуына алып келді. 1951 жылы Конгрестен шыққан 
солшылдар А.Крипалапи және Р.А.Кидваи бастаған Шаруа-жұмысшы 
халық партиясын (Кисан маздур праджа парти) құрды.
ҮҰК-ін Социалистік партия құрған Конгрес-социалистер де 
тастап кетті. Біртұтас ұйым ретінде ол ұзақ ӛмір сүрген жоқ. 1951 
жылы «гандистік социализм» жағына бағыт ұстанған Дж.Нараян және 
коммунистермен ынтымақтастықты жақтаған Арун Асаф Али 
бастаған «солшыл социалистер» арасында келіспеушіліктер орын 
алды. Социалистік қозғалыс түрлі жолдармен және түрлі ұйымдар 
шеңберінде дами бастады.
50 ж.ж. басында оңшыл-консервативтік күштердің де 
шоғырлану тенденциясы байқалды. Тәуелсіз Үндістан тарихындағы 
тұңғыш сайлауы қарсаңында орташа қалалық сауда-кәсіпкерлер 
тобына бағыт ұстанған Джан сангх (Халықтық одақ) ұйымы құрылды. 
Ол бұрын пайда болған коммуналистік партиялармен Хинду маха 


58 
сабха (1915), Раштрия сваям севак сангх (1925), Рам раджья паришад 
(1948) бірікті. Барлығы сайлау алды күреске 80-ге жуық партия 
қатысты.
Алғашқы жалпыүнділік сайлау 1951-1952 ж.ж. ӛтті және 
орталықта және штаттарда бірпартиялық үкімет қалыптастыруға 
мүмкіндік алған ҮҰК-не жеңіс әкелді. Сайлауда парламентке 
Конгресс 44,5% дауыс және 74,3% орын алды.
ҮҰК айқын позицияларды иеленген аймақтар айқындалды. 
Мысалы, Конгресс Уттар-прадеш және Саураштра Заң шығару 
жиналыстарында 90% орын алды, Бомбейде, Мадхая-прадеште, 
Бхопалда және Делиде - 80% орын, 51-ден 77%-ға дейін – қалған 
штаттарда. Сайлау «Неру бағыты» атауын алған ҮҰК-нің әлеуметтік-
экономикалық даму бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігін 
кӛрсетті. 
1950 жылғы конституциямен заңдастырылған әкімшілік жүйе 
штаттардың даму қажеттіліктеріне жауап бермеді. Үнділік штат-
тардың түрлі заңды статусы партиялық-саяси ӛмірдің дамуында да 
қиындықтар туғызды. Лингвистикалық провинциялар құру үшін 
күрес толық бірқатар аудандарды қамтыды және қантӛгісті сипат 
алды. 1953 жылы бұрын территориясы Мадрас штатына кірген дербес 
Андхра штаты құрылды, ал 1956 жылы тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі 
әкімшілік-саяси реформа болған штаттарды қайта құру туралы Заң 
қабылданды. Заңға сәйкес, Үндістанда 19 штаттар және одақтас 
территориялар («С» тобы) құрылды, олардың территориясы кӛпшілік 
жағдайда автономия талап еткен этнолингвистикалық қауымдас-
тықтардың қоныстану ареалымен сәйкес келді: Андхра-прадеш, 
Ассам, Бихар, Бомбей, Керала, Мадхья-прадеш, Мадрас, Майсур, 
Орисса, Раджастхан, Уттар-прадеш, Батыс Бенгалия, Пенджаб («А» 
тобы), Джамму және Кашмир («В» тобы) және Дели, Химачал-
прадеш, Манипур, Трипура, Лаккадив және Андаман аралдары («С» 
тобы). Үндістанның әкімшілік-саяси жүйесінің этнолингвистикалық 
құрылымын жүзеге асыру одан кейінгі онжылдыққа да жалғасты. 
Оның негізгі кезеңдері: 1960 – Бомбей штатын қайта құру және оның 
Гуджерат және Махараштраға бӛлінуі; 1962 – Нагаленд штатының 
құрылуы; 1967-1968 – Пенджаб штатының қайта құрылуы және одан 
Хариананың бӛлінуі; 1971 – Солтүстік-Шығыс Үндістанның қайта 
құрылуы және Мегхалайа, Манипур, Трипур штаттарының құрылуы, 
сондай-ақ 1975 жылы Үндістанға Сиккиманың штат ретінде қосылуы. 
1957 жылғы екінші жалпы халықтық сайлау билеуші ҮҰК 
партиясына парламентте, сондай-ақ штаттардың Заң шығарушы 
жиналысына да абсолюттік басымдықты қамтамасыз етті. Сайлау 
дауыс берушілер саны екі еселенген Джан Сангх партиясы 
позициясының нығайғанын кӛрсетті. Әсіресе бұл ұйымның 


59 
позициясы хинди тілді штаттар белдеуінде күшті болды, Батыс 
Бенгалия және оңтүстікте – әлсіздеу. Сонымен қатар 1956 жылдан 
кейін реалистік позицияны иеленген ҮКП-на дауыс берушілер саны 
артты. Коммунистер Керала, Батыс Бенгалия және Андхра-прадеш 
штаттарында неғұрлым зор жетістіктерге жетті. Кералда ҮКП 
үкіметінің 
құрылуы 
Үндістандағы 
коммунистік 
қозғалыс 
тарихындағы тарихи оқиға болды. Коммунистік қозғалыс 1957 
жылдан 1959 жылға дейін ӛмір сүрді және заңды бұзу сылтауымен 
таратылды, ал штатта президенттік басқару енгізілді.
50 ж.ж. соңында штаттардың Заң шығару жиналысына сайлауда 
ӛз позицияларын нығайтқан аймақтық партиялардың маңызы 
күшейді, және бірқатар аудандарда ҮҰК-мен бірге коалициялық 
үкіметке кірді. Мысалы, Ориссте коалициялық ҮҰК үкіметі және 
аймақтық Ганатантра паришад құрылды.
1959 жылы консервативтік бағыттағы конгрессистер тобы 
(Ч.Раджагопалачария, И.Р.Ранга және т.б.) Конгрестен шықты және 
«Неру бағытын» ӛткір сынға алған жаңа оңшыл оппозициялық ҮҰК 
Сватантра партиясын (Еркіндік) құрды.
1957 жылы тӛменгі каста және кастадан тыс үнділіктер 
кӛзқарасын білдірген Үндістан Республикалық партиясы құрылды, 
неғұрлым ірі орталықтары Махараштрада және Уттар-прадеште болды.
1962 жылғы үшінші жалпыхалықтық сайлауда 1957 жылмен 
салыстырғанда ҮҰК 6 млн.-нан астам сайлаушыларынан айырылды. 
Штаттардың заң шығару жиналысына сайлауда да ҮҰК үлесі 
қысқарды. Сайлау оңшыл күштер – Сватантра және Джан сангх – 
позициясының нығайғанын кӛрсетті. ҮҰК ішіндегі күштердің 
поляризациялану үрдісі үш негізгі фракцияның құрылуына алып 
келді: басында Дж.Неру болған центристік, Морарджи Десаи 
басшылығындағы оңшыл, К.Д.Малавие басшылығындағы солшыл. 
1963 жылы оңшылдар парламенттен Неру үкіметінің отставкаға 
кетуін талап етті және Конгресс ішінде «синдикат» тобын құрды. 
1964 жылғы Дж.Неру ӛлімімен Конресс ішіндегі күштердің 
арақатынасы шиеленісті сипат алды.
1967 жылғы кезекті тӛртінші сайлау қарсаңында ішкі саяси 
жағдай күрделі болып қала берді. 1966 жылы бірқатар конгрессистік 
штаттық ұйымдар ыдырады. 1967 жылы бұрынғы конгрессистердің 
кӛпшілік жергілікті партиялары жаңа жалпыүнділік Бхаратия кранти 
дал (Үнділік революциялық партия) партиясын құрды. 1966 жылғы 
Л.Б.Шастри ӛлімі премьер-министр қызметіне үміткер ұсыну 
мәселесін кӛтерді. Центристік және солшыл фракциядан Индира 
Ганди, оңшылдардан – Морарджи Десаи ұсынылды. Тартысты күрес 


60 
нәтижесінде ұзақ жылдар бойы Конгресстің, сонымен қатар жалпы 
үнді мемлекетінің кӛсемі болған И.Ганди жеңіске жетті.
Сайлауда жеңіске жеткен ҮҰК Халықтық палатада 5% дауысын 
және 19% орнын, сонымен қатар 17 штаттың 9-ында ӛзінің билеуші 
партия позициясын жоғалтты. Оппозициялық күштердің коалициялық 
үкіметі Бихарда – Біріккен социалистік партия басымдығымен, 
Пенджабта – Акали дал, Уттар-прадеште – Джан санггх, Мадраста – 
ДМК, Орисста – Сватантра, Мадхья-прадеш – Джан сангх 
басымдығымен құрылды.
1969 жылы ҮҰК-де ыдырау және барлық ел бойынша 
Конгресстің екі ұйымының құрылуы жүрді: басында И.Ганди болған 
ҮҰК (И) және М.Десаи бастаған Конгресс Ұйымы – ҮҰК (Ұ) 
(«синдикат»).
1971/72 ж.ж. бесінші жалпыхалықтық сайлау ҮҰК (И)-не жеңіс 
әкелді. Ол парламентте абсолюттік басымдыққа ие болды және 
конституцияға түзетулер енгізу үшін қажетті 2/3 дауысты алды. Бұл 
кезеңдегі маңызды оқиға Оңтүстік Азияның саяси картасындағы ірі 
ӛзгеріс болды – 1971 жылы жаңа мемлекеттің құрылуы – Пәкістаннан 
Шығыс 
Бенгалияның 
бӛлінуі 
есебінен 
Бангладеш 
Халық 
Республикасы. Пәкістанның әскери әкімшілік режимінің күйреуі, 
Үндістанның әскери жеңісі және пәкістандық қарулы күштер 
капитуляциясы И.Ганди және жалпы ҮҰК беделінің артуына әсер 
еткен факторлар ролін атқарды.
70 ж.ж. басында Конгресс идеологиялық жандану және 
популизм нәтижесінде саяси механизмде қайтадан жетекші орынға ие 
болды. Сыртқы саяси бағыт социалистік елдермен де, батыс әлемімен 
де ӛзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталуын жалғастырды. 
Үндістанның қосылмаушылық қозғалысындағы ролі артты.
1971 жылғы сайлау барысында сауда-ӛнеркәсіп капиталының 
ҮҰК-не екіжақты қатынасы кӛрініс тапты. Алайда мемлекеттік 
этатизм тәжірибесі кӛп ұзамай ҮҰК жетекшілігінде автократиялық 
орталықтандырылған тенденциялардың күшеюіне, сыбайластықтың 
да тұралануына да алып келді. Үнді қоғамындағы дағдарысты 
үрдістер (әлеуметтік және экономикалық бағдарламаларды жүзеге 
асырудағы сәтсіздіктер, әлеуметтік және этноконфессионалдық 
шиеленістің ӛршуі, сепаратистік тенденциялардың күшеюі) дамудың 
альтернативті жолдарын іздеуге ынталандырды және ҮҰК 
ұйымдастырушылық оппозициясының қалыптасуына объективті алып 
келді.
Бұл кезеңнің ерекше сипаттамаларының бірі ӛздерінің 
бағыттары бойынша алуан түрлі негізгі оппозициялық күштердің 


61 
жақындасуы болды. Оппозицияның экономикалық бағдарламасы 
экономикаға мемлекеттік бақылаудың азаюын, орталықтандырылған 
жоспарлаудан 
бас 
тартуды, 
экономикалық 
жүйені 
қайта 
орталықтандыруды қарастырды.
1974 жылы Бхаратия лок дал (Үнді халық партиясы) құрылды – 
БЛД – аграрлық тақырыпқа бағыт ұстанды. БЛД аграрлық 
бағдарламасы оған ауылдық жерлерде танымалдылық әкелді. Ашық 
саяси акция формасындағы үкіметке қарсы жаппай қозғалыстарды 
Социалистік партияның неғұрлым танымал кӛсемдерінің бірі – 
Джаяпракаш Нараян басқарды. Нараян «жаппай революция» 
популистік ұрандарын ұсынды. Нараян полицияны бұйрықтарға 
бағынбауға, ал халықты салық тӛлемеуге шақырды. Қозғалыс 1974-
1975 ж.ж. Бихарда және Гуджератта басталды және солтүстік және 
батыс штаттарда – Уттар-прадеште, Махараштрада неғұрлым 
интенсивті болды.
Аллахабад соты И.Гандидің депутаттық мандатын 1971 жылғы 
сайлау кампаниясын ӛткізу туралы заңды бұзуына орай жоққа 
шығарды, оның Халық палатасына сайлануын заңсыз деп таныды, 
және оның отставкаға кетуін талап етті. Мұндай талапты басында 
Ч.Шекхар, М.Дхария және И.Кант болған 120 конгрессистер де талап 
етті, 1975 жылы 25 маусымда сәйкесінше ұсыныспен оған 
меморандумды берді. Премьер-министр қызметіне меморандумда 
Дж.Рам ұсынылды.
Ч.Шекхар фракциясы Конгресті тастап кетті және оппозицияға 
қосылды (1977 жылы ҮҰК-нен Дж.Рам жақтаушылары да кетті, олар 
жаңа партия – демократия үшін Конгресті құрды).
Бірмезгілде басында премьер-министрдің кіші ұлы Санджай 
Ганди болған «Жастар конгресі» ұйымының билікте күшеюі жүрді. 
Ол «5 пункттен бағдарламаны» ұсынды: 1) сауатсыздықты жою; 2) 
тууды шектеу; 3) қол сұғылмашылықты бұрмалау; 4) жасау беруді 
жою; 5) кӛшелердің тазалығы үшін күрес. Оның жүзеге асырылуы 
антидемократиялық акциялар сериясына ұласты.
1976 жылғы антикоммунистік кампания ҮКП-мен қатынасының 
шиеленісуіне алып келді, ал тӛтенше жағдай мемлекеттік және 
партиялық аппараттың жақындасуына, басшылықтың авториатарлық 
әдістерінің күшеюіне және ҮҰК легитимдік басқаруының күшеюіне 
алып келді. 1977 жылы 18 қаңтарда тӛтенше жағдай жойылды және 
1977 жылы наурызға алтыншы парламент сайлауы белгіленді. Сайлау 
қарсаңында басында М.Десаи болған Джаната майдан (Халықтық 
майдан) атауымен коалициялық оппозициялық партияны құру туралы 
жарияланды. Оны Конгресс Ұйымы (ҮҰК (ұ)), Джан сангх, Бхаратия 


62 
лок дал (БЛД), ҮКП (м) ынтымақтастығымен Социалистік партия 
және Ч.Шекхар тобы, Акали дал және Дравида муннетра кажагам 
(ДМК) құрады. 
ХМ-ның сайлауалды платформасы тӛмендегідей пункттерден 
тұрды: демократиялық еркіндіктерді қалпына келтіру; ұлт-азаттық 
қозғалыстар дәстүрі мен принциптеріне негізделген демократиялық, 
социалистік қоғам құру; аграрлық реформа ӛткізу; халықтың толық 
жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету; касталық қалдықтарды жою; 
әділ экономикалық тәртіпті орнату; мемлекеттік қызмет және 
мемлекеттік сектор саласын шектеу. 
Ішкі дағдарыс кезеңін басынан ӛткерген ҮҰК (и) ХМ-ға сенімді 
сайлауалды манифестін қоя алмады. 1977 жылы ақпан айында сайлау 
қарсаңында басында ауыл шаруашылық министрі Дж.Рам болған 
қайраткерлер тобы Конгрестен шықты, ӛздері құрған Демократиялық 
майданның демократия үшін Конгресс партиясының қолдауы туралы 
мәлімдеді.
1977 жылғы сайлау ел тарихында тұңғыш рет ҮҰК-не жеңіліс 
алып келді, ол Халықтық палатаға 34,5% дауыс және 153 орын алды. 
Оппозиция жалпы кӛлемінде 43,2% дауыс және 328 орын алды. ҮҰК 
үшін әсіресе хинди тілді аймақтардағы сайлау нәтижелері қолайсыз 
болды; Уттар-прадеште, Мадхья-прадеште және Раджастханда – бар 
болғаны 2 орын. Солтүстіктегі штаттарда ДМ блогы 298 орынның 
221-ін алды. Батыс және солтүстік-шығыс штаттарда дауыс аз ғана 
кӛлемдегі ДМ басымдығымен ДМ және ҮҰК арасында тең бӛлінді. 
Үндістанның оңтүстік штаттары (Керала, Карнатака, Андхра-прадеш, 
Тамилнаду) ҮҰК-н қалады. 
Осылайша, ДМ-ның жалпы жеңісімен сайлау қорытындылары 
тӛмендегідей болды: оппозиция болгы алған орындардың жалпы 
санының ¾ бӛлігі хинди аймағының және одақтас Дели 
территориясының 7 штатына тиді, бұл кезде конгресс алған орынның 
3/5 бӛлігі оңтүстіктің 4 штатына шоғырланды. 
1977 жылы 1 мамырда Джанат партидің құрылтай съезді ӛтті, 
онда оппозициялық партиялардың (ОК, Джан сангх, БЛД, СП, КЗД) 
ұйымдастырушылық қосылуы жүрді. Оның мақсаты гандизм 
принципінде Үндістанда демократиялық, светтік, социалистік 
мемлекет құру болды. Алайда оппозицияның әлеуметтік және 
идеялық алуан түрлілігіне, сондай-ақ оның территориялық базасының 
Үндістанның солтүстік аудандармен шектелуіне қарай шоғырландыру 
процесі күрделі болды.
1978 жылдың ӛн бойына толастамаған ӛткір фракциялық күрес 
1979 жылы жазда Джанат парти ыдырауына алып келді. Басында 


63 
Чаран Сингх болған ДП-дан парламенттің бірқатар депутаттары одан 
шықты және алғашқыда Джаната парти (светтік), ал кейіннен Лок дал 
(Халықтық партия) деп аталған жаңа партия құрды. 1979 жылы шілде 
айында парламенттегі оппозиция кӛсемдері Джаната үкіметіне 
сенімсіздік вотумы туралы ұсынысты жіберді, оны отставкаға кетуге 
мәжбүр болған премьер-министр М.Десаи қабылдады. Чаран Сингх 
басшылығындағы қайтадан құрылған коалициялық кабинет кӛп 
ұзамай отставкаға кететіндігі туралы және 1980 жылғы қаңтар айына 
кезектен тыс сайлау белгілеу туралы жариялады. 
1978-1979 ж.ж. ҮҰК ішінде де ӛзгерістер жүрді. Оппозицияда 
болған кезеңінде ол үш күшке бӛлінді: ҮҰК (И) Индира жақтастарын 
біріктірді, ҮҰК (С) – бұрынғы сыртқы істер министрі Сваран Сингх 
жақтастары, ҮҰК (А) – Деварадж Арс жақтастары.
1980 жылғы сайлау тәуелсіз Үндістанның саяси тарихындағы 
ӛзіндік ерекшелігі бар кезең болды. Сайлауға алты жалпыұлттық 
партия қатысты – ҮҰК (И), ҮҰК (А), Джаната парти, Лок дал, ҮКП, 
ҮКП (м) – және 20-дан астам аймақтық. Олардың ішінен тек үшеуі 
ғана – ҮҰК (И), Джанат және Лок дал парламенттегі Халықтық 
палатада орынның басым бӛлігін алуға және бірпартиялық үкімет 
құруға үміткер болды. ҮҰК (И) тек жеңіске жетіп ғана қойған жоқ
сонымен бірге Халықтық палатадағы орынның басым бӛлігін алды 
(524-тің 351-і). Қалған дауыстар тӛмендегідей бӛлінді: Джаната – 31, 
Лок дал – 41, ҮКП – 11, ҮКП (м) – 35.
1984 жылы қазан айында Индира Ганди сикхалық 
террористермен ӛлтіріледі. 1984 жылы желтоқсан айында тәуелсіз 
Үндістанның барлық тарихында ҮҰК (И)-не Халықтық палатадағы 
(508-дің 401-і) теңдессіз орынға қол жеткізуіне алып келген сегізінші 
жалпыхалықтық сайлау ӛтеді. Премьер-министр қызметіне 80 ж.ж. 
басынан бастап ҮҰК (И) қызметіне белсенді түрде қосылған 
Индираның үлкен ұлы – Раджив Ганди сайланды. Негізгі 
оппозициялық партиялар аз орын иеленді. Коммунистердің 
ӛкілеттілігі де азайды. Конгрестің 100-жылдығын тойлауға орай (1985 
ж.) барлық сатыда ішкі партиялық сайлау ӛткізілді (ол 12 жылдан 
астам уақыт бойы ӛткізілмеген), партия құрамы жаңартылды. Р.Ганди 
ҮҰК (И) тӛрағасы болып сайланды. 
1985/86 – 1989/90 ж.ж. есептелген жетінші бесжылдық жоспар 
жаңа капитал салымынсыз жеке қорлану есебінен мемлекеттік 
секторды дамытуды қарастырды. Р.Ганди үкіметімен шетелдік, оның 
ішінде жеке капитал ағынымен тығыз байланысты экономиканы, ең 
алдымен электронды ӛнеркәсіпті, модернизациялау саясаты ӛткізілді. 


64 
Үндістанның алдыңғы қатарлы серіктестері АҚШ, Жапония, ГФР 
болды.
1985 жылы этноконфессиялық жағдайды шешу жоспарында 
бірқатар жақсартуларға қол жеткізу мүмкін болды. Пенджаб 
штатында, кейіннен Ассам штатында дағдарысты реттеу туралы 
келісімге қол қойылды. Алайда бұл келісімдердің әрекеті ұзақ 
мерзімді болған жоқ. Жалпы алғанда ҮҰК (И)-нің этникалық, діни-
қауымдық және касталық шиеленістерді шешу әрекеті жетістікке 
жеткен жоқ. Келесі жылы Пенджабта сикхалық сепаратистердің 
террористік қызметі жанданды, Пакістанмен шекаралас Джамму және 
Кашмир штаттарындағы жағдай шиеленісті, Уттар-Прадеш және 
Бихар штаттарында үндістер мен мұсылмандар арасында бірнеше 
қантӛгісті қақтығыстар, Тамилнаду штатында кастааралық толқу, 
Ассамда тайпалардың қарулы бас кӛтерулері орын алды. 
Конгрестің бірқатар жергілікті ұйымдарындағы фракциялық 
күрес шиеленісті. Партияға оны бұрын тастап кеткен күштердің қайта 
оралуы Конгрестің бірігуіне әкелмеді. Оппозиция Р.Ганди үкіметін 
жемқорлықа және «Бофорс ісіне» байланысты қаржы операцияларын 
жүргізу ережелерінің бұзылуына айыптады. Премьер-министр оған 
қарсы тағылған барлық айыптардан бас тартты, алайда қоғамдық пікір 
оған қарсы бағытталды.
ҮҰК позициясының әлсіреуі, оның беделінің тӛмендеуі 
парламенттің Халықтық палатасына қосымша сайлау (1988 ж.) 
кезінде айқын кӛрінді, ҮҰК (И) үміткерлері алты орынның тек екеуін 
ғана ала алды. 1987 жылы ҮҰК (И)-нен басында В.П.Сингх болған 
топ шығып кетті және Джан морча (Халықтық майдан) құрды. Ол 
1988 жылы Джанат парти және Лок далмен қосылды. Жаңа коалиция 
Джаната дал деп атала бастады. Ол конгрессистерге қарсы 
қозғалысты басқарды.
1989 жылдың соңында ӛткен тоғызыншы парламент сайлауы 
билеуші ҮҰК (И)-не жеңіліске жетуіне, 1984 жылдан бері билікте 
болған конгрессистік үкіметтің отставкаға кетуіне және басында 
оппозициялық блок В.П.Сингх болған жаңа үкіметтің құрылуына 
алып келді. Тәуелсіз Үндістан тарихында алғаш рет бірде бір саяси 
партия бірпартиялық үкімет құру үшін парламенттің тӛменгі 
палатасына жеткілікті дауыс жинау мүмкін болмады. Кабинеттің 
коалициялық сипаты және оны қолдаушы күштердің алуан түрлілігі 
олар белгілеген бағдарламалардың жүзеге асуына қиындық туғызды. 
Ұлттық майданның экономикалық саясатының бұрынғы бағыттан 
ӛзгешелігі болмады. Бұрынғысынша шетелдік капиталды тартуға 
үлкен назар аударылды. 80 ж.ж. соңы әлеуметтік шиеленістің кезекті 


65 
рет ӛсуімен, ел бірлігін жоюға бағытталған экстремистік күштер 
әрекетінің жандануымен ерекшеленді. 
1991 жылы оныншы кезектен тыс сайлау ӛтті. Екі жылдан аз 
уақыт ішінде В.П.Сингх және Ч.Шекхар үкіметінің тұрақты 
экономикалық ӛсуді қамтамасыз етуге және ішкі саяси тұрақтылыққа 
қол жеткізуге қабілетсіздігі айқын кӛрінді. Сайлау Үндістанның 25 
штатының 22-інде ӛткізілді. Р.Гандидің қайғылы ӛлімі (ол сайлау 
кампаниясы барысында тамильдік террористермен ӛлтірілді) 
жалпыхалықтық сайлаудың екінші және үшінші турын кейінге 
қалдырды. Жаңа парламентте жеңіске жеткен ҮҰК (И) тұрақты 
позицияны иеленді: Халықтық палатада 541 орынның 225-і. БДП 119 
орын алды, ал солшыл күштермен Ұлттық майдан блогы – 129. 
Кезекті үкіметтің премьер-министрі конгрессист П.В.Нарасимха Рао 
болды.
Үндістанда Батыс Европамен (ең алдымен Германиямен), АҚШ 
және Жапониямен қатынасын дамытуға ерекше мән берілді.
1996 жылы сәуір-мамыр айларында ӛткен он бірінші парламент 
сайлауы үш негізгі саяси бірлестіктің – ҮҰК, БДП, Біріккен майдан 
(БМ) – қарама-қарсылығын кӛрсетті. Жеңіске жеткен басында 
А.Б.Ваджпаи болған БДП үкіметі бар болғаны 13 күн ғана ӛмір сүрді 
және үкімет дағдарысының нәтижесінде отставкаға кетуге мәжбүр 
болды, жаңа үкіметті құру БМ-ға жүктелді. Үндістан премьер-
министрі Біріккен майдан кӛсемі Х.Д.Деве Гоуда болды, алайда кӛп 
ұзамай бұл қызметте И.К.Гуджралмен алмастырылды. БМ үкіметінің 
18 айлық билікте болуынан кейін Конгресс оны қолдаудан бас тартты 
және мерзімінен бұрын парламент сайлауын ӛткізуді жақтады. 1997 
жылы 28 қарашада конгрессистер Гуджарал үкіметін отставкаға 
кетуге мәжбүрледі. 1998 жылы ақпан-наурыз айларында ӛткен он 
екінші кезектен тыс парламент сайлауында Бхаратия джаната парти 
(БДП) жеңіске жетті. 1998 жылы 19 наурызда Үндістан президенті 
Р.К.Нараянан жаңа премьер-министр Атал Бихари Ваджпаиды ант 
қабылдауға алып келді. Жаңа үкімет экономикалық либерализация 
саясатын жалғастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет