Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы


Кореяның әкімшілік бӛлінуі



Pdf көрінісі
бет7/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
Кореяның әкімшілік бӛлінуі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Моңғолия 
 
1. 1945-1960 ж.ж. Моңғолия 


49 
2. 60 ж. – 80 ж. бірінші жартысындағы Моңғолия 
3. 80 ж. ортасы – 90 ж. ортасындағы Моңғолия 
4. 1990 ж.ж. екінші жартысындағы Моңғолия 
Моңғолия – Орталық Азиядағы мемлекет. Солтүстігінде 
Ресеймен және шығысында, оңтүстігінде және батысында Қытаймен 
шектеседі. Теңізге шығатын жолы жоқ.
Аумағы  - 1 564 116 км² (дүниежүзінде 18-ші). 
Ресми тілі – моңғол тілі, халықтың 95%-дан астамы сӛйлейді.
Астансы – Улан-Батор. 
Басқару формасы – парламенттік республика. 
Президент - Цахиагийн Элбэгдорж 
Премьер-министр - Норовын Алтанхуяг 
Халқы - 2 854 685 адам (2010 ж.), тығыздығы - 1,8 адам/км² 
Ақша бірлігі – моңғолдық тугрик (MNT, код 96) 
Ірі қалалары - Улан-Батор, Эрдэнэт, Дархан 
1945 жылы 20 қазанда Ішкі Моңғолия территориясында 
мемлекеттік тәуелсіздік мәселесі бойынша плебисцит ӛткізілді. Ресми 
мәліметтер бойынша, тәуелсіздікті жақтап дауыс беруге құқылы 
моңғолдардың 100%-ы дауыс берген. 1946 жылы қаңтарда Қытай 
Республикасының Заң шығарушы юаны МХР-ның тәуелсіздігін ресми 
мойындады, ал сол жылдың ақпан айында екі мемлекет арасында 
дипломатиялық қатынастар орнатылды.
Кеңес Одағы оның Қытайдан тәуелсіздігін сақтауының кепілі 
бола отырып, іс жүзінде бақылауын жүзеге асыруын жалғастырды. 
Оған қоса 1946-1949 ж.ж. азамат соғысы нәтижесінде материктік 
Қытайда Ішкі Моңғолияның жаңа статусын орнату бойынша 
келіссӛздерге қатыспаған коммунистердің билігі орнатылды. Моңғол 
мәселесі 1949 жылдың соңы – 1950 жылдың басында Мао Цзэдунның 
КСРО-ға сапары барысында И.В.Сталинмен талқыланды. Тараптар 
біржақты шешімге келген жоқ және бұл мәселені неғұрлым кейінгі 
кезеңге қалдыруға шешім қабылдайды.
Бұл кезеңде моңғол жетекшілері КСРО-ға бағыт ұстай отырып, 
бесжылдық жоспар негізінде социализмді құруға кӛшті, оның 
алғашқысы 1948 жылдан бастап жүзеге аса бастады. Сол жылы 
КСРО-мен 
одақтас 
Шығыс 
Европа 
мемлекеттері 
онымен 
дипломатиялық қатынас орнатты.
50 ж.ж. басында ішкі ӛнеркәсіп ӛнімі екі есе ӛсті, бірқатар жаңа 
ӛнеркәсіп орындары құрылды. Халықтың негізгі тобының сауатсыз-
дығын жою мүмкін болды. Алайда саяси жүйе бұрынғысынша 
ӛзгеріссіз күйінде қала берді.
Формальды түрде МХРП ОК Саяси бюросының тек мүшесі бола 
тұра маршал Х.Чойболсан іс жүзінде 1952 ж. ӛмірінің соңына дейін 


50 
МХРП ОК-н басқарды, дегенмен, кеңес басшылығымен келісе 
отырып, 1940 ж. ӛзінде-ақ МХРП ОК бірінші хатшысы қызметіне 
Ю.Цеденбал тағайындалды. Ол бұл қызметті 1954 жылға дейін, ал 
одан кейін 1958 жылдан бастап 1984 жылға дейін иеленді. 
МХР-да орнатылған режим Кеңес Одағындағы сталиндік 
режимнің нақты кӛшірмесі болды. 1953 жылы наурызда, Моңғолияда 
И.В.Сталин ӛліміне байланысты қаралы шараларды ӛткізу кезінде 
МХРП ОК Саяси бюросы КСРО-ға қосылу ниеті туралы шешімді 
тағы да қабылдады, бірақ жаңа кеңестік басшылықтың позициясы бұл 
жолы да қарама-қарсы болды.
Бұл кезеңнің ӛн бойында МХР-да сталиндік үлгідегі 
бірпартиялық диктатура орнады, ел ішкі және сыртқы саясатында тек 
КСРО-ға ғана бағыт ұстанды. Бұл кезеңде Моңғолия экономикалық 
және мәдени дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
1956 жылдан кейін Моңғолияда И.В.Сталиннің жеке басын 
сынға алу тоқтатылды, ӛйткені ел басшылығы, және ең алдымен 
Ю.Цеденбал Сталин моңғол халқына дербестілігін сақтауға және 1949 
жылдан кейін елді ҚХР талаптарынан шектеуге кӛмектесті деп 
есептейді.
1960 жылы Моңғолияда саны бойынша үшінші Конституция 
күшіне енді. Ол бойынша халықтың алдына «социалистік құрылысты 
аяқтау және болашақта коммунистік қоғам құру» міндеті қойылды. 
Негізгі заңның саяси бӛлімінде, жалпы алғанда, 1924 және 1940 ж.ж. 
конституция принциптері сақталды.
Бұл кезеңге қарай елдегі ӛнеркәсіп ӛндірісінің кӛлемі 1940 
жылмен салыстырғанда жеті еседен астам артты және оны аграрлы-
индустриялы елдер қатарына қоса бастады.
1961 жылы Моңғолия БҰҰ-на қабылданды, бұл әлемдік 
қауымдастықтың оның тәуелсіз статусын түпкілікті мойындауын 
нақтылады.
60 ж.ж. бірінші жартысынан 80 ж.ж. басына дейін 
Ю.Цеденбалдың ел басшылығында саяси қарсыластары қалған жоқ. 
1974 жылға дейін ол МХР министрлер Кеңесінің Тӛрағасы қызметін 
иеленді, ал одан кейін, жоғары партиялық қызметтен басқа, МХР Ұлы 
Халықтық Хуралы Президиумының Тӛрағасы қызметін де иеленді. 
80 ж.ж. басында моңғол басшысының денсаулық жағдайы күрт 
нашарлады, және оның жұбайы, формальды түрде ешқандай жоғары 
қызметті иеленбеген, бірақ жұбайына үлкен ықпалы болған кеңестік 
азаматша А.И.Филатова үлкен роль атқара бастады.
Ел басшылығында кеңестік кӛсемдермен қолдау тапқан 
Ю.Цеденбалды жоғары қызметтен аластату жоспары пісіп-жетілді. 


51 
Нәтижесінде, 1984 жылы Ю.Цеденбалды денсаулық жағдайына 
байланысты қызметінен босатқан ОК Пленумы ӛтті. Жұбайымен бірге 
Мәскеу қаласына тұрақты мекен етуге кетеді және 1990 жылы қайтыс 
болады. 
МХРП-ның жағдайды бақылауға тырысқан әрекеті неғұрлым 
радикалды ӛзгерістер талабы пісіп-жетілген интеллигенция мен 
жастардың қарсылығына тап болды. Бұл уақыты бойынша Кеңес 
Одағындағы қайта құрумен сәйкес келді және сондықтан партияның 
және мемлекеттің жаңа жетекшісі Ж.Батмунх 1988 жылы ОК 
Пленумында, КСРО типі бойынша, бірақ жеке ерекшеліктерді есепке 
ала отырып, моңғол қоғамының барлық саласындағы қайта 
құрулардың басталуы туралы жариялады. Пленум қаулысында партия 
және мемлекетте басшылықтың әкімшілік-командалық әдісінің 
басымдылығына жол бермеу қолдау тапты, Х.Чойболсон жеке 
тұлғасының салдарларын жою және оның биліктегі жылдары 
негізделмеген репрессия құрбандарын ақтау қажеттілігі кӛрсетілді. 
Ю.Цеденбал қызметіне баға берілді, оның есімімен моңғол 
қоғамындағы дағдарысты құбылыстарды байланыстыра бастады. 1990 
жылы оны МХРП қатарынан шығарды және барлық мемлекеттік 
марапттарынан айырды. 
Соған қарамастан, бұл шаралар қалыптасқан оппозицияны 
қанағаттандыра алмады, олардың жетекшілерінің бір бӛлігі 
«социалистік тәжірибені» тоқтатуды және қоғамды демократия-
ландыру жолына кӛшуді талап етті. 1989 жылдың соңынан бастап 
МХР-да оппозициялық саяси ұйымдар және қозғалыстар пайда 
болды, олардың ішінде Моңғол демократиялық одағы, Социал-
демократиялық қозғалыс, Жаңа прогрессивті одақ және т.б. неғұрлым 
белгілі болды. Олардың қызметінің негізгі формасы Моңғолияның 
1921 жылдан кейін жүріп ӛткен тарихи жолын объективті бағалау, 
жоғары партиялық және мемлекеттік шенеуніктердің отставкаға 
кетуін талап еткен митингілер мен демонстрациялар болды. Бұл 
талаптарды билеуші топ орындауға мәжбүр болды, және 1990 жылы 
ӛткен МХРП тӛтенше съездінде жаңа ел басшылығы тағайындалды, 
ол 
ішкі 
саясатты 
демократияландыру 
және 
Моңғолияның 
кӛппартиялық жүйе мен демократиялық мемлекет құқығына кӛшу 
бағытын ұстанды. Билеуші МХРП парламенттік типтегі партияға 
трансформациялануға міндеттенді және ел жетекшілігінің басты 
құралдарын ӛзіне сақтады. 
1992 жылдан бастап Моңғолияда жаңа коснтитуция күшіне енді, 
ол бойынша елдің ресми атауы Моңғолия (Моңғол Ұлыс) болды. 
Мемлекет кӛппартиялық жүйемен және нарықтық экономикамен 


52 
құқықтық деп жарияланды. Басты мақсат «адамгершілікті, азаматтық 
демократиялық қоғам» құрылысы болып табылды. Ӛткізілген 
демократиялық сайлаулар нәтижесінде Демократиялық одаққа 
біріккен реформаларды жақтаушылар коалициясы жеңіске жетті.
Соған қарамастан, Моңғолия бұл жолда күрделі қиындықтарға, 
ең алдымен экономикада, тап болды. Бұрын КСРО кӛрсетіп келген 
кең кӛлемді кӛмектің тоқтатылуы ӛткізілген реформалардан кӛңілі 
қалған халықтың негізгі тобының кедейленуіне алып келді.
90 ж.ж. екінші жартысына Моңғолия күрделі экономикалық 
жағдайда аяқ басты. 1995 жылы елде соңғы он жалдағы ең тӛмен 
кӛрсеткіш болған егін жиналды, халықтың тӛрттен бір бӛлігі ең тӛмен 
кӛрсеткіште ӛмір сүрді, ал 50 мыңнан астам адам ресми жұмыссыздар 
болды. Инфляцияның жоғары қарқыны сақталуын жалғастырды. 
Кейінгі жылдары бұл кӛрсеткіштер одан әрі ұлғайды. 
1996-1997 ж.ж. негізгі қарсыластар билеуші коалиция – 
Демократиялық Одақ және МХРП болған парламенттік және 
президенттік сайлау ӛтті. Орын алған қиындықтарға қарамастан, 
халықтың басым бӛлігі Ұлы Мемлекеттік Хуралдың жаңа құрамында 
кӛпшілік орынды алған нарықтық реформаларды жақтаушыларға 
дауыс берді. Моңғолияның жаңа президенті болып тӛрт жыл мерзімге 
реформалардың жақтаушысы Н.Багабанди сайланды. Жаңа басшылық 
нарықтық қайта құрулар жолы бойынша қозғалысты жалғастыруға 
ниеттенді. 
Алайда реформалардың одан әрі жүргізілуі экономиканың тек 
одан әрі құлдырауына және халықтың кедейленуіне алып келді. 1999-
2000 ж.ж. ӛткен парламенттік және президенттік сайлауда МХРП 
жеңіске жетті.
2008 жылы 29 маусымда Моңголияда министрлер кабинетінің 
бӛлінуінен басталған ішкі саяси дағдарыс орын алады, Халықтық-
революциялық партия (МХРП) ӛзінің коалициялық үкіметтен 
шығатындығы туралы жариялайды.
1 шілдеде Улан-Баторда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 
Демократиялық партиядан шыққан премьер-министр Цахиагийн 
Элбэгдоржды жақтаушы біржарым мыңға жуық адам Улан-Батордың 
орталық алаңына МХРП шешіміне қарсы қарсылық акциясына 
жиналды. Олар МХРП штаб-пәтерінің әйнек есіктерін сындырды, 
және 300 полицейліктің қарсылығына қарамастан, мекемеге баса 
кӛктеп кіреді. Партия жетекшілерінен басып кірушілер ешкімді таба 
алмайды, бірақ бірнеше сағат бойы мекеме олардың бақылауында 
болды. Бұл әрекеттер елдегі екі ірі саяси күштер арасындағы ӛзіндік 
«келісімнің» бұзылуына алып келеді.


53 
2008 жылғы 29 маусымдағы сайлау нәтижесінде МХРП толық 
бақылауды алды (76 орыннан 46 депутаттық орын), ол коалициялық 
үкіметті құрды. Портфельдер саны тӛмендегідей бӛлінді: 60% МХРП, 
және 40 % ДП. 
2008 жылы 1 шілдеде Демократиялық партия және басқа 
оппозициялық партия сайлаушылары қарсылық демонстрациясын 
ұйымдастырады, олардың пікірі бойынша, ӛткен сайлау нәтижелері 
бұрмаланды. 
2009 жылы 18 маусымда оппозиция кӛсемі Цахиагийн 
Элбэгдорж президенттік қызметіне кірісті, ол Моңғолияның 4-ші 
президенті болды. Моңғолия - астанасы Улан-Баторға және 21 
аймаққа бӛлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет