Тақырыбы: Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата31.01.2023
өлшемі2.21 Mb.
#468971
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Myrzabaeva, B. M. Aziia jane Afrika elderinin qazirgi zaman tarihy. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тунис
1. Соғыстан кейінгі жылдардағы Тунис.
2. Тәуелсіз Тунис. Х.Бургиба билігі.
3. Бен Али билігі кезіндегі Тунис.
4. Тунис Республикасының сыртқы саясаты. 
Басқару формасы және территориялық қҧрылымы. Прези-
денттік республика, 23 провинциядан тұратын унитарлы мемлекет. 
Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – бірпалаталы 
депутаттар палатасы. Астанасы – Тунис (2,0 млн. адам). 
Б.э.д. 814 жылдан бастап Тунис территориясы Карфагеннің, 
кейіннен Рим империясының бір бӛлігі болды. ХІХ ғасырдың 


255 
соңында Тунис Францияның отарына айналады. 1956 жылдың 20 
наурызынан бастап Тунис тәуелсіздігін алады.
Географиялық жағдайы: Солтүстік Африка, Жерорта теңізінің 
жағалауы. Алжирмен және Ливиямен шектеседі.
Жер кӛлемі: 163,6 мың км
2

Халқы: 10,1 (12,8) млн. адам. Тунистіктер (арабтар мен 
берберлердің ұрпақтары). Тығыздығы – 62 адам/км
2

Мемлекеттік тілі: араб, испан және француз. 
Ақша бірлігі: тунистік динар. 
1945 жылы қыркүйекте елде Үлкен кеңес қызметі жанданды, 
баспасӛзге цензура жойылды, Францияның Құрылтай жиналысына 
сайлау ӛтті. Бірмезгілде, ІҮ Республика конституциясына сәйкес, 
Тунис Француздық Одақ шеңберінде «қосылған мемлекет» 
статусында қалды. 1947 жылы тамызда протекторат режимін нығайту 
мақсатымен отарлық үкімет жеті француздықтардан және алты 
тунистіктерден тұратын министрлер кабинетін құру идеясын ұсынды. 
Алайда аталған ұсыныс Жаңа дустурдың мемлекеттік хатшысы 
Муххамед бен Юсеф қолдауын тапқан жоқ.
Тунисте соғыс жылдары француз түрмесінен «Нео Дустур» 
партиясының жетекшісі Хабиб Бургиба босатылады. 1945 жылы ол 
Каирге, одан АҚШ-на аттанып, онда 1949 жылға дейін болады. Оның 
оралуымен Тунисте пісіп-жетілген саяси мәселелерді реттеуге үміт 
пайда болады.
1950 жылы Х.Бургиба және оның жақтастары би үкіметінің 
құрамына кіреді; француздықтармен бірге болашақ конституциялық 
реформалар талқыланады. Бірақ 1952 жылы қаңтарда «Нео Дустур» 
жақтастары үкіметтен шеттетіліп, Х.Бургибаның ӛзі тұтқындалады. 
Одан кейінгі жылдары Франция Үндіқытай мәселесімен ғана 
айналысады; тек француздықтар шығарылғаннан кейін ғана Тунистегі 
мәселені реттеуге кіріседі. 1955 жылы Х.Бургиба толық ішкі ӛзін-ӛзі 
басқару туралы келісімге қол жеткізеді, ал 1956 жылы 20 наурызда 
Тунис тәуелсіз елге айналады.
Тунистің тәуелсіздігін алғаннан кейін бірыңғай светтік сот 
жүйесі, кӛп әйел алушылыққа тиым салған азаматтық кодекс 
енгізіледі, әйелдерге сайлау құқығы беріледі. Халықтың сауатсыз-
дығымен күрес мәселесіне үлкен кӛңіл бӛлінеді.
Маңызды қайта құрулардың бірі монархияның жойылуы және 
1957 жылғы 25 шілдедегі Ұлттық Құрылтай жиналысының шешімінің 
негізінде республиканың жариялануы болды. Тунис Республи-
касының бірінші президенті Хабиб Бургиба болды.


256 
Республиканың жариялануынан екі жылдан соң, 1959 жылы 1 
маусымда конституция жарияланады, ол бойынша республика 
президентіне үлкен артықшылықтар (ол президент ветосына құқылы, 
атқарушы билікті толығымен жүзеге асырады және т.б.) беріледі. 
Барлық билік мемлекеттің ресми басшысы президенттің қолына 
кӛшеді. Ұлттық жиналыс (бір палаталы) президентпен бірге заң 
шығарушы билікті бӛліседі. Конституция бойынша саяси партиялар 
мен ассоциациялар құруға рұқсат етілді.
Экономика саласында Тунис тәуелсіздік алғаннан кейін үлкен 
қиындықтарға тап болады. Тәуелсіздігінің алғашқы кезеңіндегі Тунис 
үкіметінің басты міндеттерінің бірі бұрынғы метрополиядан 
экономикалық тәуелділігін жою болды. 1956-1959 ж.ж. мемлекет 
қарамағына темір жолдар, 1961 жылы транспорттық компаниялар 
және электр энергия шығарушы компаниялар кӛшіріледі. Тау-кен 
ӛндірісі ұлттандырылады. 1959 жылы Тунис ұлттық валюта ретінде 
динарды енгізеді, ал келесі жылы Франциямен кедендік одақтан 
шығады. Экономиканың маңызды салаларын бақылауына алған ел 
басшылығы бірмезгілде жеке ұлттық және шетелдік капиталға 
«жасыл кӛшені» берді. Шетелдік капиталистер елден ӛз капиталдарын 
алып кетеді, нәтижесінде жұмыссыздық кӛбейіп, баға ӛседі.
Аграрлық салада үкімет би фамилиясының жер иеліктерін және 
мүлкін конфискациялайды. 1958 жылдан бастап елде европалық 
отаршылдардың жер иеліктерін сатып алу басталды. 1964 жылы 
шетелдіктердің барлық жер иеліктері ұлттандырылады.
Жекелеген сәтсіздіктерге қарамастан, индустрилизация, туризм 
дамыту, инфрақұрылым бойынша Тунис мемлекетінің шаралары 
елдің экономикалық позициясын нығайтады. Тунис Франциядан 
(1972 жылы 110 млн. фр. сумма кредит беру туралы келісім 
жасалады), АҚШ-нан (1960 жылдан 1970 жылға дейін АҚШ-ның 
үлесі барлық шетелдік кӛмектің 42,8 пайызына тең болды), ГФР-нан 
(1970 жылдың аяғында Тунис 338 млн. батысгермандық маркаға тең 
экономикалық кӛмек алады) қаржылай кӛмек алады.
Тунис үкіметінің сыртқы саясаты әрбір елдің саяси бағытына 
қарамай барлық елдермен қайырымды кӛрші қатынасын қолдауға 
бағытталған. 1972 жылы Х.Бургиба Францияға барады, осыдан кейін 
ынтымақтастық мәселелері бойынша комиссия құрылады.
Магрибтің басқа да елдерімен: Алжир және Мароккомен 
қатынасы жақсарады. Энергетика, қаржы, сауда, ақпарат, табиғат 
байлықтарын (мұнай және газ) бірігіп пайдалану саласындағы 
ынтымақтастық туралы алжир-тунис келісімі жасалады. 1964 жылдың 
аяғында Мароккомен дипломатия, заңтану, денсаулық және байланыс 


257 
саласындағы ынтымақтастық туралы 8 келісім жасалады. 1970 жылы 
достық және ынтымақтастық туралы тунис-алжир келісіміне қол 
қойылса, 1972 жылы тунис-марокко қаржы конвенциясына қол қою 
рәсімі болады. Осы жылы туризмді дамыту бойынша Магрибиндік 
конфедерация құрылады.
Тунистің социалистік елдермен де байланысы сәтті дамиды. 
Тунис Кеңес Одағымен, Польшамен, Чехословакиямен, Болгариямен 
және Югославиямен экономикалық және техникалық ынтымақтастық 
туралы келісім жасайды.
1964 жылы Социалистік дустурлық партия деп атауы 
ӛзгертілген Жаңа Дустур және оның жетекшілері партиялық-
мемлекеттік басқару стиліне қатаң тәртіп орнатады.
1983 жылы Халықаралық Валюта қорының талап етуімен 
тунистік үкімет нан ӛнімдерінің бағасын екі есе ӛсіреді. Бұл 1983 
жылы қараша – 1984 жылы қаңтар аралығында ондаған адам қаза 
тауып, жүздеген адам жарақат алған нан бүлігінің басталуына алып 
келеді. 1975 жылы ӛмірлікке президент болған Бургиба теледидар 
арқылы сӛз сӛйлейді. Ол жанындағылардың шынайы жағдай туралы 
шындықты жасырғандығын, оны адасушылыққа салғандығын 
мәлімдейді. Ол үкіметтің қате шешімін жойған жарлыққа қол 
қойғандығын мәлімдейді. Биліктің жоғарғы эшелонында бұрынғы 
министрлерді бірінен соң бірін қызметінен босатып, жаңа 
министрлерді тағайындаған Бургиба қызметіне деген күмән 
туындайды.
1987 жылы 7 қарашада премьер-министр Зин аль-Абидин бен 
Али конституцияның 57-бабына арқа сүйеп, ӛзіне президент және 
билеуші партияның хатшысы қызметін алады. Билікке келген жаңа 
үкімет алдыңғы үкіметтің тарихи қызметіне оң баға беріп, халыққа 
азаматтық құқықтар мен отандастарының еркіндігін сақтау туралы 
уәде береді. Оның алғашқы қадамдары үкіметте және армияның 
жоғарғы тобындағы қайта құрулар, ұлттық баспасӛзді либери-
зациялау, саяси тұтқындарға амнистия жариялау болды. 1988 жылы 
ақпанда Демократиялық Конституциялық Бірлестік (ДКО) деп 
жаңадан аталған билеуші Социалистік дустурлық партияның съезі 
ӛтеді. 1988 жылы күзде жасалған Ұлттық пакті елдегі түрлі 
қозғалыстар мен ұйымдардың ӛзара қарым-қатынасын реттеді. 
Халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу мақсатымен үкімет 
экономикалық даму бағдарламасын жасап шығарды. Ол ӛнеркәсіп 
саласына және ұлттық ӛнім экспортының жағдайын жақсарту үшін 
салынатын каптитал салу кӛлемін арттыруды қарастырды. 


258 
Шаруашылық 
процестерді 
басқарудың 
тиімді 
жолдарының 
нәтижесінде ұлттық ішкі ӛнім кӛрсеткіші 1986-1996 ж.ж. 3 есе ӛсті.
1994 
жылы 
парламент 
сайлауында 
Демократиялық 
Конституциялық Бірлестік (ДКО) барлық орынды иеленеді. Соңғы 
сайлау 1999 жылы қарашада ӛтеді. 2001 жылы қаңтарда үкіметте 
қайта құрулар жүргізіледі, министрлер саны 2 есе қысқартылады.
Тунис экономикалық саясатында либеральдық бағытты ұстанып 
келеді, шетелдік инвестицияға кең қолдау кӛрсетеді, еркін 
экономикалық аймақтар құрады. Ел Европалық Одақпен тығыз 
қатынаста, оның үлесіне барлық сыртқы сауданың 80 пайызы тиеді.
Ұзақ жылдар бойы Тунис үкіметі Ұлы Магриб құру ісі бойынша 
белсенді қадамдар жасап келеді және 1989 жылы ақпанда 
Марракеште Алжирмен, Ливиямен, Мавритания және Мароккомен 
Араб Магриб Одағын (САМ – Союз Арабского Магриба) құру туралы 
келісімге қол қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет