Ғаламтордың денсаулыққа зияны
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зияны жайлы сөз болғанда ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес.
Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.
Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне әсерін тигізбей қоймайды, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.
Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдемін.
Ғаламтор желісінде қауіп төндіретін бағдарламалар
Электрондық қауіпсіздік.
Электрондық қауіпсіздікке байланысты тәуекелдер әр түрлі кибер қызметке жатады, оған мыналар кіреді: жеке ақпаратты жария ету, қорғаныс деңгейі төмен үй компьютерінен желіге шығу (вирустық шабуылға ұшырау қаупі), онлайн - алаяқтық және спам.
Зиянды бағдарламалар.
Зиянды бағдарламалар-бұл компьютердің жұмысына теріс әсер ететін бағдарламалар. Оларға вирустар, шпиондық бағдарламалар, қалаусыз жарнамалық бағдарламалар және зиянды кодтардың әртүрлі түрлері кіреді.
Спам.
Спам-бұл жарнамалық материалдары бар қалаусыз электрондық пошталар. Спам алушы үшін қымбатқа түседі, өйткені пайдаланушы өз уақытын және ақылы интернет - трафикті көбірек электрондық пошталарға жұмсайды. Сондай-ақ, қалаусыз поштада өзін-өзі жіберетін тіркемелер түрінде зиянды бағдарламалар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |