Тақырыбы: «Қазақстандағы көрікті жерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағала



бет4/6
Дата01.11.2023
өлшемі35.92 Kb.
#482115
1   2   3   4   5   6
БЖБ №1 6б қазақ тілі

жиынтық бағалау
ІІ нұсқа



Тапсырма.

  • Мәтінді мұқият тыңдап, құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтаңыз.

  • Тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.

  • Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.



Алматының керемет жерлері
Алматы маңындағы керемет жерлер Алматыда көз тартарлық табиғи орындар жеткілікті. Шарын шатқалы Алматы облысы, Райымбек ауданында орналасқан Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігімен, көзтартар ерекше сұлулығымен танымал. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. Жергілікті халық шатқалды «қорғанды қамалдар аңғары» деп атайды. Аңғар ұзындығы шамамен 2 шақырым, ені 20-80 метрге дейін барады. Өзен ағысы секундына 10-12 шақырымға жетеді. Бұл ағыс рафтинг спортына жарамды. Өзен арнасының кеңдігі 35-40 метрге дейін жетеді. Тоғай негізі соғдиян шетенiнен құралған. Әлем бойынша мұндай тоғайлар екі жерде ғана бар. 1964 жылы Шетен тоғайы табиғат ескерткіші деп жарияланды. Алматыдан 4 сағаттық жер, 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Шонжыдағы ыстық су Шонжыдан бір сағаттық қашықтықта, Кетмен жотасы мен Іле өзені алқабы аралығында термалды артезиандық қайнарлар бар. Жер астынан бұрқырап шығып жатқан су көздерінің қоры аса бай және денсаулыққа да пайдасы зор екені дәлелденген. Минералы әлсіз мұндай сулардың емдік қасиеттері бар. Ұйғыр ауданында 140-қа жуық минералды қайнарлар орналасқан. Бір қызығы, олардың әрбірінің құрамы бір-біріне ұқсамайтындай әртүрлі және әрбірінің өзіндік қасиеті бар. Жуырда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олар химиялық құрамы жөнінен атақты «Сарыағаштан» да асып түседі. Ыстық су көздері Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта, шығыс бағытта орналасқан. Ыстық су көздері маңында жыл сайын 50 мыңға жуық адам демалады, ем алады. Демалыс аймақтары санының көбеюіне орай туристер саны да 200-250 мың адамға дейін артуы мүмкін деп болжанып отыр. Шоңжыдағы ыстық суға Алматы қаласынан 4-5 сағатта жетуге болады. (295 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/39492/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет