Тақырыбы: «Десмургия. Жұмсақ және қатты таңғыштардың түрлері» Таңғыш туралы ғылымды десмургия


Аяқты және шаттың арасын таңу ережелері



бет5/5
Дата10.12.2023
өлшемі26.16 Kb.
#486092
1   2   3   4   5
десмургия

Аяқты және шаттың арасын таңу ережелері
Шаттың арасындағы жараны бинттен жасалған "Т" сияқты танғышпен немесе үшкіл орамалмен таңып байлайды. Алдымен жараның бетіне таза салфетка жауып, оның үстінен мақтаны қабаттап салады. Бинттің кесіндісінен жасалған "Т" тәріздес таңғыштың белдігімен мықыңды айналдыра орап байлайды. Шаттың арасына өткізілген бинттің орамдарын белдікке бекітеді. Үшкіл орамалмен шаттың арасын байлау үшін, оның ұштарын бір түйінде орнықтырады. Аяқтың башпайы мен тізені аяқ киімді шешкеннен соң байлап таңады. Өкшені байлағанда оның ең шығынқы жерінен бинтпен орап, одан әрі таңуды сегіздік сияқты жүргізеді. Толарсақ буынын сегіздік сияқты етіп таңады. Бастапқыда бинтті тобықтан жоғары айналдыра байлап орнықтырады. Одан әрі табанның астымен башпайына жеткізеді. Бинтті алдыңғы ережемен жүргізіп, тобықтың үстінде бекітеді. Балтырмен санды иректей орап таңады. Тізе буынын таңғанда алдымен тізе ұршығы арқылы айналдыра байлап, кейінгі орамдарды бірде төменнен бірде жоғарыдан орайды да, қылта астында айқастыра байлайды. Жарақаттанған аяқты кескенде (ампутация) ең бірінші бұрау (жгут) салып қанды тияды. Одан кейін ауыруды басатын дәрі егіп, сынықтардың ұшын жауып таңады. Жараға мақтадан және дәкеден жасалған жастықша төсеп, сынықтың ұштарының айналасына және байлау бинтпен алма кезек орап орнықтырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет