Тақырыбы: «Десмургия. Жұмсақ және қатты таңғыштардың түрлері» Таңғыш туралы ғылымды десмургия



бет3/5
Дата10.12.2023
өлшемі26.16 Kb.
#486092
1   2   3   4   5
десмургия

Бинтпен таңу әдістері. Бинтпен таңу әдістерінің ішіндегі ең жеңіл түрі шеңберлеп таңу. Оның барысында бинттің әр айналмасы үстіне бірі түседі. Ондай тану мандайға, мойынға, білезік буынына, балтырдың төменгі жағына жүргізіледі.
Иректетіп таңу дене мүшесінің ауқымды бөлігін байлау үшін керек. Бинтті таңуды дене мүшесінің төменгі жағынан бастайды. Бастапқыда дене мүшесіне 2-3 шеңберді таңу жүргізіледі. Содан кейін бинтті біршама жоғарға қарай қисайтып бинттің әрбір айналымы алдыңғы айналымының 2/3 бөлігін қамтитындай етіп дене мүшесін таңа береді. Дене мүшесінің ұзына бойының жуандығы біркелкі болған жағдайда, оны иректеп байлау жеңіл, егер оның жуандығы біркелкі болмаса, онда бинт денеге жәнді жатпайды және мықты орналаспайды. Бұл жағдайда дене мүшесін жуандау жеріне жеткенде бинттің соңғы айналымыңда бос қолдың бас бармағымен оның төменгі қырын басып, бинтті басқа жағына аударады. Дәрімен қойылған таза материалды денеге тез жапсыру мақсатымен өрмелектете таңады. Бұл жағдайда бинттің орамдары бір бірінен алшақ жатады да дененің керекті бөлігіне тез жетеді. Осы жерден бастап иректеп таңа бастайды.
Сегіздікпен таңу. Дененің пішінінің дұрыс емес және күрделі болып келген жерінде қойылады. Дененің ондай жерлеріне балтыр, табан, иық, жамбастар, алақан, желке және т.б. жатады.
Қайта оралатын таңу жұмыр жерлерге қойылады. Бұл жағдайда бинттің айналымы тіке бағытта жүргізіледі. Осы жағдайда бинттің айналымын 90° қайыру арқылы қамтамасыз етіледі (20-сурет).
Жұмсақ таңғыштарды дененің әртүрлі мүшелеріне орналастыру ережелері. Бас жарақаттанған жағдайда бинтті, үшкіл орамалды, зарарсыздандырылған дәкені және жабысқан пластырь пайдаланып, тұрақты етіп таңуға болады. Жараның орналасуына және сипатына қарай таңу әдісін таңдайды. Басты бөбектердің қалпақтары сияқты жабыстыра таңу (21а-сурет). Ол үшін 1 метрлік бинттің кесіндісін бастағы жарақатты жауып тұрған таза салфетканың үстіне тең ортасына келтіре салады да бинттің екі ұшын құлақтың алдыңғы жағынан төмен түсіріп тұратындай етіп керіп ұстайды. Басты айналдыра бір рет орап, іліп алатын байламға жеткізгенде бинтті шалып алып, желкеге қарай қисайта тартады. Бастағы шаш түгел жабылғанша бинтті желкеден мандайға қарай алма кезек жүргізіп байлауды бастың төбесіне біртіндетіп жақындата береді. Басты бинтпен толық қамтығаннан соң 2-3 рет орап, оның ұшын иектің астында ілмектеп түйеді, Мойын, көмей және бастың шүйдесі жараланғанда таңғышты айқастыра байлайды. Бастапқыда басты маңдайынан айналдыра бинтпен орап, сол жақ құлақтың түбін ала мойынға қарай қиғаштай төмен түсіреді. Бинтті қайтадан желкеге қарай көтереді. Бинттің келесі айналымдары оң және сол кұлақтардың үстін ала бұрынғы орамдары қайталайды.
Таңғышты бекіту үшін мандайды айналдыра орап барып түйеді. Бастағы жараның көлемі үлкен болған жағдайда оны "ноқталап" таңған дұрыс. Бастапқыда мандай арқылы 2-3 рет айналдыра орап бинтті жылжымайтын етіп бекіткеннен кейін, оны желке арқылы мойынға және иекке апарады. Иектен бастың төбесіне қарай бинтті бірнеше рет тік көтеріп орайды. Осыдан кейін бинтті иектен желкеге қарай орайды. Бинтті маңдайды айналдыра орап бекітеді. Мұрынды, иекті және маңдайды сақпаншалап таңады. Бастапқыда жарақат үстіне зарарсыздандырған салфетка немесе бинт төсейді (18 а,б,в,г-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет