Сақпаншадан (праща тәрізді) таңу үшін ең кең бинтті немесе мақтадан жасалған матаның 75-80 см алады. Содан кейін оның екі жағынан ортасынан ұзыннан бойын кеседі. Оның орталық бөлігінен кесілмеген жер қалдырады. Осы кесілмеген жермен зақымданған жерді жабады, ал қырқылған ұштарымен денені айқастыра байлайды (18-сурет).
Жеке адамның таңу пакеті мақта мен дәкеден дайындалған екі жастықшадан тұрады. Жастықшаның бірі бинттің бір ұшына қозғалмайтын етіп тігеді, ал екіншісі еркін жылжитын етіп жасалады. Пакеттің қабы резинка жіптері бар созылғыш матадан тігіледі. Пакеттің ішіне түйреуіш салынады. Пакетті қолға алып, оң қолымен сыртқы қапты арнайы жерден жыртады. Ішіндегілерден босатып, денеңің зақымданған жерін таңуға қолданады. Ең алдымен түйреуішті ағытып алып, оралған қағазды ашады да жастықшаның ішкі бетіне қол тигізіп алмай таңу материалын жазады. Жәрдем беруші адам жастықшаны түсті жіппен көктелген бетінен ғана қолымен ұстауына болады. Жастықшаны бинтпен орап, оның ұшын түйреуішпен бекітеді. Тесілген жараның кірер және шығар ауызын жабу үшін жылжымалы жастықшаны бинтті бойлата қажетті қашықтыққа жылжытады. Кәдімгі пакеттің жеке адамдық пакеттен айырмасы - сыртынан су өтпейтін қағазбен оралып, оның астына жазба қағаз желімделеді. Бір жастықшалы және екі жастықшалы алғашқы жәрдем көрсететін пакеттер ішкі жағынан су өтпейтін қағазбен, оның сыртынан пленкамен оралыи қапталады (19-сурет).
Шиыршықталып оралған дәкенің тілімі бинт деп аталады. Бинттің шиыршықталып оралган жағы - басы, ал бос ұшы — бастамасы деп аталады. Зарарсыздандырылған бинт су өтпейтін қағазбен ауа кірмейтіндей етіп оралады. Стерильді салфеткалар бірнеше қабаттан, су өтпейтін қағазбен ауа өтпейтіндей бір орамда оралған 28 дана салфетка болады.
Үлкен салфеткалардың көлемі 70x68 см, кішкене салфеткалар 68x35 см. Стерильді кішкене таңғыш жалпақтығы 14 см, ұзындығы 7 м. Бинт пен бинттің бір ұшына тігілген көлемі 56x29 см мақта-дәкелі жастықшадан тұрады. Стерильді үлкен таңғышта көлемі 65x45 см жастықшадан тұрады. Бұл таңғыштар жара мен күйген жер аумақты болған жағдайда қолданылады. Таза зарарсызданбаған мақта салмағы 50-250 гр болады. Жөндеуіш, компресс салғанда жұмсақ төсем дайындауға компресске арналған мақта қолданылады. Үшкіл орамалдан жасалған таңғышпен басты, кеудені, иықты, шынтақ, тізе, толарсақ буындары, саусақтар мен башпайларды байлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |