Тақырыбы: «Десмургия. Жұмсақ және қатты таңғыштардың түрлері» Таңғыш туралы ғылымды десмургия



бет4/5
Дата10.12.2023
өлшемі26.16 Kb.
#486092
1   2   3   4   5
десмургия

Бір көзді таңғанда алдымен басты орнықтыра орап байлайды. Оң көзді таңу үшін бинтті желкеден оң құлақтың астына қарай, ал сол көзді таңу үшін сол жақ құлақтың астына қарай жүргізеді. Бұдан соң бинтті кезектестіре, бір айналымымен көзді бастырып, екінші айнымалымен басты орайды (21 в-сурет).
Екі көзді таңғанда сол және оң көзді байлағандай, екі таңғышты үйлестіре байлайды (21-г сурет).
Кеудені иректеп немесе айқастыра таңады. Иректеп таңу үшін бинттің ұшынан 1,5 м қиып алып, сау иықтың үстіне салып, кеудеге қиғаштап асады. Дезо таңғышты салу үшін жалпақтығы 10 см бинтпен кеуде қуысын алқадан төменірек бастап, жоғары қарай иректеп, бинтпен орайды. Бинттің ұштарын бір-біріне байластырады. Кеудені айқастыра таңғанда бастапқыда бинтті кеуденің төмен жағына орналастырып 2-3 рет айналдырады. Содан кейін арқадан сол жақ иық арқылы асырып, кеуденің төмен жағына орналастырады да, қайта оң жақ иық арқылы асырады. Бинттің келесі айналымындағы алдыңғы орамдарды қайталайды. Бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді. Кеуденің тесілген жарасын саңлаусыз етіп таңады. Бастапқыда жараға ауа өткізбейтін мата қиындысын (жеке адамдық пакеттің резеңке өткізілген қабы лейкопластырь тілімдері, клеенка) қойып, үстінен салфетка салып, бір қабат мақта төсеп, жараны қатты қысып таңады (22-сурет). Ең астына тесікті бітей орналасқан материал жараны толық жауып 1-2 см шығып тұрғаны жөн.
Басты немесе кеудені күйік шалғанда, үшкіл орамал таңғышпен қорғауға болады. Күйген жерді зарарсыз салфеткамен жауып, үшкіл орамалмен байлайды. Іштің сыртын және қолды таза таңғыштармен байлау ережесі. Іштің жарасының ішіндегі ең қауіптісі, оның ашық жарақаттары болып табылады. Ондай жарадан қаң көп кетіп, ішегі ақтарылуы мүмкін. Ішек-қарынның сыртқа ақтарылған жағдайында оның айналасын таза салфеткамен орау керек. Салфетканың үстінен мақтадан және дәкеден жұмсақ төсеніш салып, жараның үстін жұмсақ етіп таңу керек. Бинтті төменнен жоғары қарай иректеп байлап, іштің жоғары бөлігіне таза таңғышты қояды. Иректеп байлаған жағдайда іштің төменгі бөлігіне қойылған таңғыш сырғып белге түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан іштің төменгі жағы мен шапты масақ сияқты етіп таңады. Бастапқыда ішті айналдыра орап, бинтті санның сыртынан бастап бір айналдырады да, қайта ішке қарай бағыттайды. Осылайша бинттің әрбір айналысы алдындағы орамның ізін қайталап отырады.
Іштің беткі қабатындағы жәй жараға, шиқанға клеол немесе жабысқақ пластырь пайдаланып таңады. Іштің беткі қабаттарын ауқымды күйік шалғанда үшкіл орамалмен таңады. Қолды әдетте иректеп, масақтап, айқастыра таңып байлайды. Саусақты иректеп ораудан бастап, одан әрі алақанның сырт жағынан бинтті саусақтың ұшына иректеп иректетіп бағыттайды да, кері қарай орап қолдың сырт жағымен білезік буынына апарып бекітеді.
Алақан мен қолдың сырты зақымданғанда бинтті алдымен білезік буынына орнықтыра байлап, одан әрі қолдың сыртынан алақанға қарай айқастыра таңады (23-сурет). Қолдың білегі мен қырында төменнен жоғары қарай әр мезгіл бинтті бұрай отырып иректете таңады. Шынтақ буынын таңғанда бинтті біресе қолдың қарынан, біресе білектен алма кезек иректей орап, шынтақ шұңкқырына байлайды. Иық буынын сау жақтағы қолтық астынан бастап байлап, кеудені байлай өтіп, зақымданған қолдың қарын сыртын ала, қолтық асты арқылы иықтан асырып, арқаны байлай, сау қолтық астымен иық буынын толық жаба отырып, бұрынғы орамын қайталайды. Бинттің ұшын түйреуішпен түйреп, кеудеге бекітеді. Тоқпан жілік пен кәрі жілік сынықтарын, қанды тоқтатқан соң үшкіл орамалмен таңады. Жараның бетіне таза салфетканы және мақтаны қабаттап салып, үшкіл орамалмен қатты тартып байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет