Тақырыбы: Емдеу- алдын алу мекемелерінің санитарлық эпидемиологиялық режимі Жоспар: Кіріспе



бет2/6
Дата21.02.2024
өлшемі325.07 Kb.
#492616
1   2   3   4   5   6
2 тақырып МҚС

Санитарлы бөлме арнайы жабдықтандырылған және пациенттің жеке гигиенасын жүзеге асыруға арналған (шомылу бөлмесі, жуыну бөлмесі), кір жаймаларды сұраптауға, таза жаймаларды сақтауға арналған және дезинфекция, зәр қабылдағыштарды сақтауға арналған, жинау инвентарларын және персоналды қамтамасыз ететін арнай киімдерді қоятын бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады. Аурухананың инфекциялық бөлімшелері бокстерден, жартылай бокстерден, жай палаталардан және карантин жарияланған кезде бөлімшенің қызметін қамтамасыз ететін бірнеше бөлек секциялардан құралады. Әрбір бөлімшеде персоналға және пациентке арналған, пациенттерге емдеу-қорғаныш режимін: ұйықтау және дем алуды, диетамен тамақтануды, оларды жүйелі түрде бақылау және күтуді, емшараларды орындауды қаматамасыз ететін бөлімшенің ішкі күн тәртібі бар.

Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі. 6—7 сағат Ұйқыдан тұру, дене қызуын өлшеу. 7 — 8 сағат Таңертеңгі жуыну. 8 — 10 сағат Таңғы ас 10 — 12 сағат Дәрігерлердің шолуы 12 — 14 сағат Дәрігерлердің тағайындауын орындау 14 — 15 сағат Түскі ас 15— 17 сағат Тыныштық сағаты (дем алу) 17— 18 сағат Серуендеу, туыстарының келуі 18— 19 сағат Дене қызуын өлшеу 19 — 20 сағат Кешкі ас 20 — 22 сағат Бос уақыт 22 сағат Түнгі ұйқы

Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) пациент ауруханаға түскеннен бастап оған жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының байқалуынсыз ауруханада жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын клиникалық анықталынған кез келген ауру. АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға жататын аурулардың көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның шамамен 85%-ы іріңді-септикалық инфекция (ІСИ), 6-7%-ы вирусты гепатиттер В,С,Д: клиникалық инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда –сальмонелез. АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар: Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі; Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ; Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау ; Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін зақымдайтын) көбеюі; Емдеу - алдын-алу мекемелерінің адамға толуы; Құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет