Тақырыбы: Емдеу- алдын алу мекемелерінің санитарлық эпидемиологиялық режимі Жоспар: Кіріспе


Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары



бет4/6
Дата21.02.2024
өлшемі325.07 Kb.
#492616
1   2   3   4   5   6
2 тақырып МҚС

Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Мейірбике міндетті:
1.қолды жуу деңгейін сақтауға
2.қанмен және биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде қолғап киюге
3.қолғапты шешкеннен кейін қолын жууға
4.инфицирленген материалдар төгілген немесе шашылған кезде оларды тез арада жинап алуға
5. залалсыздандыру құралдары, тәсілдері және режимі көрсетілген құжаттарға сәйкес науқасты күтуге қолданған құрал-жабдықтарды, қолданған таңу материалдарын залалсыздандыру.
Аурухана ішілік инфекцияны (АІИ) алдын-алу
АІИ-ны алдын-алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінде мынадай шаралар жиынтығы жүргізіледі:
  • санитарлы-гигиениалық режим сақталынады
  • стационарға пациенттерді қабылдау тәртібі сақталынады (жалпы қарау және педикулез табылған жағдайда оны тазарту, дене қызуын өлшеу, стафилакокқа мұрын және аңқадан жұғынды алу).
  • тазалау, тазалау құралдарын залалсыздандыру және қолдану, оларды сақтауды санитарлы бөлім қадағалайды.
  • Сан Пин 90100176 06.08.97ж. «Медициналық тағайындауға арналған заттарды стерилизациялау және залалсыздандыру».
  • бөлімшедегі пациенттерге санитарлы тазалық жүргізіледі және олардың төсек жаймасы жеті күнде бір рет немесе қажет болған жағдайда ауыстырылады
  • пациенттердің жеке киімдерін және кірленген жаймаларды сақтау тәртібі сақталады.
  • залалсыздандыру, стерилизация алдындағы тазалау және мед. тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау №408 бұйрық және ОСТ42-21-02-85жыл ДС бұйрығына сәйкес, сонымен қатар залалсыздандыру, стерилизация алдындағы залалсыздандыру, медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
  • инфекциялық пациенттерді белсенді түрде анықтау жүргізіледі (ішек инфекциясына, іш сүзегі, дифтерию, вирусты гепатитке күдік туса), олармен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.
  • тамақтану режимі сақталынады: тамақ тарату бөлмесінің, асхананың жарығы, дайындалған тамақтың таралу уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және ыдыстарды тазалау тәртібі, тазалау құралдары және оларды сақтау, науқастың үйінен келген тамақтарды сақтау тәртібі сақталынады.
  • бөлімшеде карантинмен немесе аса қауіпті жұқпалы аурумен науқас анықталған жағдайда күдік туған пациенттер анықталған кездегі медициналық персоналдың іс-әрекеті, жедел көмек көрсету және хабар берудің сызбанұсқасы болу қажет.
  • емдеу-алдын алу мекемелерінде қалдықтарды жинау, сақтау және оларды жою тәртібі сақталынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет