Тақырыбы: Эмоция және сезім Бүгінгі өтетін «Эмоция және сезім» тақырыбы бойынша қарастыратын сұрақтарымыз мынадай: Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері Күрделі эмоциялар Жоғары сезімдер 1


) Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар: а) қарама- қарсы, полярлық сапалықтар



бет3/6
Дата25.09.2022
өлшемі103 Kb.
#461308
1   2   3   4   5   6
Эмоция мен сезім 4 лекция

2) Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар:
а) қарама- қарсы, полярлық сапалықтар деп атайды. Мысалы: сүйсіну- сүйсінбеу, көңілдену- қажу, шаттық- уайым. Осы секілді сапалар өзара полюске ажырасып біріне- бірі қарама- қарсы мағынада болады.
б) актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әректке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық – (грек сөзі, қазақша «күшті» деген мағынаны береді), ал бұлардың бояу, солғын түрлерін астеникалық – (грек сөзі қазақша «әлсіз» деген мағынаны білдіреді) деп атайды. Біріншісіне – жолдастық, достық, айбаттылық жатса, екіншісіне – уайым, енжарлық, көңілсіздік сезімдер жатады.
в) жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да – сезімнің қарама- қарсы сапаларының бірі. Мысалы: адамдардың өздері белгілеген мақсатына жетуі, студенттердің төрт жыл білім алып, оқығанынан кейін диплом алуы.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан – тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе соны өлердей жек көріп, отыруы тиіс.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан – жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мысалы: қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т. б. Эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды – көпті нұсқан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену жатады.
Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Ағзаның күшті тітіркендіргіштері мен айқасқа түсуін күш салу немесе зорлану кезеңі деп атайды. Адам сырттан келетін әсерге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет