Тақырыбы: Эмоция және сезім Бүгінгі өтетін «Эмоция және сезім» тақырыбы бойынша қарастыратын сұрақтарымыз мынадай: Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері Күрделі эмоциялар Жоғары сезімдер 1



бет5/6
Дата25.09.2022
өлшемі103 Kb.
#461308
1   2   3   4   5   6
Эмоция мен сезім 4 лекция

Ар – намысты қорғау – аса жарасымды қасиет. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсаттарына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Ар – ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық – екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет.
Борыш сезімі. Бұл – қоғам, ұжым, жанұя алдындағы міндеттердің санадан туған әсерлері. Бұл сезім адамды өз борышын орындауға шақырады. Мұны орындауға ар – ұят атты ерекше әсер көмектеседі.
Ұжымдық, достық және жолдастық сезім. Мұндай сезім қоғамда кеңінен дамыған. Шынайы достық сезім мен үстірт, дос – жарлық пен өтірік достықта болатын әсерлерді шатастыруға болмайды. Кейбіреулер, дос болу деген – адамның айтқанына жүру, оның ойлаған тілектерін, тіпті ол тілектері моральға жат бола тұрса да орындау деп есептейді.
1) Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік – адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.
2)Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.
3) Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т. б. сезімдер жатады.
Осымен дәріс аяқталды, бәрі түсінікті ме? Түсінбеген жерлері болса, сұраңдар.


Тақырып бойынша керекті сөздіктер:


Эмоция – адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер.
Сезім – адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіреді және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Кейіп – адамның белгілі бір объектіге бағыттылмай – ақ ұзақ созылған көтеріңкі немесе жабырқау қалыптағы көңіл – күйі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет