3) Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, жанұя жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Мысалы, оқушы сабақ айтып бес алса, сатушының саудасы жақсы жүріп жатса.
Аффект – (латын сөзі, қазақша «ашу шақыру, күйіп пісу»)
|
Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл – күйі нашар болса, ешбір негізсіз, көңілі жабырқап, не болса соған абыржып қалады. Кей кездерде адам ешбір себепсіз – ақ шаттық жағдайда болады. Көңіл – күйді көтеріңкі ұстау үшін, күн тәртібінің дұрыстығы, дене шынықтыру, су процедуралары жақсы көмектеседі. Адамның көңіл – күйіне өзінің өмір сүріп жатқан ортасы және жұмыс жасайтын ұжымы үлкен ықпал жасайды. Мысалы, мектеп бітірген оқушы жоғары оқу орнына тест тапсырып түсе алмаса, оның көңіл – күйі болмайды.
Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты. Осының салдарынан тежелу процесі бәсеңдейді және ми қыртысының төменгі бөліміндегі орталықтарынан келіп жататын импульстер тасқынын бақылап, басып отыру мүмкіншілігінен үлкен ми сыңарлары қыртысы айырылады. Қозу мен тежелу дегеніміз не? Қозу - әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері нәтижесінде нерв жүйесінің қызмет жасап тұрған белсенді күйі болса, тежелу, керісінше, нерв жүйесін тыныштандыратын процесс болып табылады. Тежелу сыртқы, шартсыз (туғаннан пайда болатын) және ішкі, шартты (өмірде жасалып отыратын) деп екіге бөлінеді.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. Бұл – адамның белсенділігін, күшті оятатын сезім. Құмарлық ұнамды да, ұнамсыз да болады. Мысалы, оқуға, ғылымға құмарлық – адамның қабілетін тәрбиелейтін, мәдениетін байытатын, оң өмірдің талай биік шыңдарына жеткізетін ұнамды қасиет. Адамның еркін нашарлатып, психикасынын аздырып, берекесін кетіретін ұнамсыз да құмарлық болады. Мысалы: маскүнемдік, нашақорлық, карта ойнауға құмарлық.
4) Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез – құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі- моральдық немесе адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б.
Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны, құрылымы да күрделі болып келеді:
Достарыңызбен бөлісу: |