Уытты (токсикалық) диареялар
Себептері жәй диареядағыдай, бірақ одан ауыр өтеді. Баланың жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр. Алғашқыда бұл түрінде де бала құсып, іші өту байқалады. Бірақ жәй диареялармен салыстырғанда жиірек қайталанады соның салдарынан организмнен көп мөлшерде сұйықтық, онымен бірге тұздар микроэлементтер жоғалады. Сөйтіп, эксикоз (су жоғалту) және токсикоз (улану) белгілері пайда болады.
Э к с и к о з белгілері – тері қабатының серпімділігі мен созылғыштығының төмендеуі, баланың көзі мен үлкен еңбегінің төмен түсуі, көз жасының, зәрінің азаюы, қатты шөлдеуі. Жоғалтқан судың мөлшеріне қарай дегидратацияның 3 дәрежесі анықталады: І дәреже – салмағының 5%, ІІ дәреже- 10%, ІІІ дәрежеде – 10% - тен жоғары кемуі. Су жоғалту 20% тен асса бала өлімі болады. Эксикоздың түрлері:
І – су дефициті (гипертониялық) түрі – бала өте мазасыз, Т0 жоғары, бұлшық ет тонусы да жоғары, қатты шөл қысады, елірмелейді, тер мен зәрі азаяды.
ІІ – тұз дифициті (гипотониялық) түрі – бала өте енжар, әлсіз, есін жоғалтады, рефлекстері мен бұлшық ет тонусы төмен, жүрек тондары күңгірт, әлсіз, қан қысымы төмендеген.
ІІІ–изотониялық түрі – организмнен жоғалтқан су мен тұздардың мөлшері бірдей, клиникалық белгілері зат алмасуының бұзылуының дәрежесімен байланысты.
Т о к с и к о з белгілері – дене қызуы көтерілу, барлық басқа ағзалардың қызметінің бұзылу белгілерінің пайда болуы. Жүрек, қан айналу жүйесі тарапынан – жүрек тондарының әлсіреуі, тахикардия не брадикардия, тері қабатының мрамор түске енуі байқалады. Орталық нерв жүйесі тарапынан – қатты мазасыздану, есін жоғалту, елірмелеу анықталады. Тыныс алу ағзалары тарапынан – дем алысының жиілеуі (т а х и п н о э), ретсіз болуы немесе ауыр түрлерінде патологиялық дем алысы түрлерінің байқалуы (Куссмауль, Чейн – Стокс сияқты).
Достарыңызбен бөлісу: |