Тақырыбы: Ерте жастағы балаларда жедел асқорытудың бұзылуы. Диареялар. Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары



бет5/11
Дата03.01.2022
өлшемі32.47 Kb.
#451597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№6 Диарея гипотрофия

Тағайындалатын ОРС мөлшері:

Баланың жасы


Бір берілетін мөлшері

Барлық ОРС мөлшері

24 айға дейін

50 – 100 мл

500 мл тәулігіне

2 – 10 жас

100 – 200 мл

1000 мл тәулігіне

10 жастан жоғары

Қажет еткенше

2000 мл тәулігіне

2. Аурудың орташа ауыр түрлерінде – “Б” ж о с п а р ы бойынша емдеу, дәрігердің тағайындауымен өткізіледі. Фельдшер тек баланың жағдайына баға беріп, алғашқы көмек көрсетеді, “А” жоспары бойынша емдеуді бастап, тез арада дәрігердің көмегіне жеткізу керек.

3. Ауыр түрлеріне – “В” ж о с п а р ы бойынша ем де ауруханада белсенді түрде өткізілуі керек. Аурудың бұл дәрежесіндегі фельдшердің тактикасы жоғарыдағыдай (“Б” жоспарындағыдай)
Пилороспазм, пилорстеноз

П и л о р о с п а з м – бұл асқазан және ұлтабар арасындағы сфинктердің қысылуынан туындайтын жағдай.



Белгілері. бала туылғаннан бастап көп құса бреді, емген сүттің мөлшерінен құсқан сүттің мөлшері аз болады. Бала мазасыз, біртіндеп салмағы азайып, гипотрафияға айналады.

Емі. сүттің бір емгендегі мөлшерін төмендетіп, жиілігін көбейту керек (8 – 10 ретке дейін), атропин 1: 1000 – 1 – 2 тамшы, немесе аминазин 2,5% 3 – 4 тамшы / кг 3 – 4 рет тәулігіне, витаминдер тобы, әсіресе витамин “В1” тағайындалу керек.

П и л о р о с т е н о з – ас қорту ағзаларының туа пайда болатын ақауларына жатады.



Белгілері: туа сала білінбейді, бала 2 – 3 апталығынан бастап жиі құсуы басталады, құсқан сүттің мөлшері емген сүттің мөлшерінен асық болады. Баланың салмағы тез кеміп, денеде су азайады. Асқазан тұсында көзбен көрінетін бұлшық еттің жиырылуы анықталады. Баланың зәрі, нәжісі азайады, бала қатты әлсірейді.

Емі. операция жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет