Тақырыбы: Ерте жастағы балаларда жедел асқорытудың бұзылуы. Диареялар. Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары



бет3/11
Дата03.01.2022
өлшемі32.47 Kb.
#451597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№6 Диарея гипотрофия

Парентеральды диарея
Диареяның бұл түрінде ас қортылуының бұзылу белгілері бала басқа ағзалардың ауруларымен ауырып келген кезде, қосымша түрінде байқалады, негізгі диагноз басқа болады, мысалы: пневмония. Емі негізгі ауруды емдеу және симптомдық ем жүргізу болып табылыды.

Диагноз қою. Диареяларды анықтау үшін, оның дәрежелерін, ауыстырылған және соған сәйкес жүргізілетін емді таңдау үшін, кейінгі жылдары ЮНИСЕФ ұйымы ұсынған бағдарлама қолданылады. ЮНИСЕФ бағдарламасына сәйкес баладағы дегидратацияның дәрежесін анықтау үшін келесі белгілерді анықтап алады: баланың жалпы жағдайы, көздерінің жағдайы, көз жасының бар – жоғы, шырышты қабаттарының өзгерістері, шөлдеу белгісі, тері қабаттарының серпімділігі. Аталған белгілердің байқалу деңгейіне қарап, сусыздану (эксикоз) дәрежесі анықталады.

Емдеу. Аурудың ауырлығына сәйкес 3 түрлі жоспармен ем жүргізіледі: Жеңіл түрлерінде (жай диареяларда) “А” жоспары бойынша ем тағайындалады. Бұл емді фельшер ұй жағдайында жүргізуіне де болады. Қажетіне қарай, емді алдымен асқазанды және ішекті тазалаудан бастайды. Содан кейін ауыз арқылы ОРС (оральное регидратационное средство) тағайындалып, үйде қалай емдеу керектігі анасына түсіндіріледі. Үй жағдайында емдеу ережелері:


  1. Балаға әдеттегіден көбірек сұйықтықты (ОРС, сорпа, күріштің маңызы, қайналған су) бала іше алатын мөлшерде, іш өтуі тоқтағанша беру.

  2. Баланы жасына лайықты тамақтандыру.

  3. 3 күн ішінде баланаң жағдайы жақсармаса, дәрігерге көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет