Тақырыбы: Ерте жастағы балаларда жедел асқорытудың бұзылуы. Диареялар. Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары


Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары



бет6/11
Дата03.01.2022
өлшемі32.47 Kb.
#451597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№6 Диарея гипотрофия

Емшек жасындағы балалардың созылмалы тамақтануының бұзылыстары.
Баланың физикалық дамуы және жүйке-жүйесінің дамуы өз жасына сәйкес болса, бұндай балаларды-нормотрофиктер дейді. Егер баланың дене құрылысы оның мөлшерлік нормасынан артық немесе кем болса, бұл балалар дистрофиктер деп аталады. Салмағы мөлшерден артық балаларды паратрофиктер деп атайды.

Салмағы мөлшерден төмен болуы және организмнің қорғаныс принциптерінің нашарлауымен сипатталатын созылмалы жағдайды гипотрофия деп атайды.

Балалардағы дистрофия – бұл созылмалы тамақтану бұзылысы, онда асқорыту қызметінің бұзылуымен қатар,зат алмасу мен клеткалар мен тіндердің сіңіру қызметі де бұзылады. Ол дене және жүйке –психика дамуын тежеп, бала организмін әлсіретеді. Дистрофия ауыр және созылмалы инфекциялы аурулар пайда болуына бейімдейтін қолайсыз фон болып табылады. Дистрофиялы балаларды осы аурулар бойынша “қатер” тобына жатқызады.


Гипотрофия.

Көбіне туа болған гипотрофия кездеседі, оның себебі анасының соматикалық және гинекологиялық аурулары, ата- анасыныњ зиянды әдеттері “алкоголизм, темекі шегу”,өндірістік зияндылықтар болуы мүмкін.

Жүре пайда пайда болған гипотрофияның негізгі себептері: Алиментарлық фактор-баланы дұрыс тамақтандырмау-керекті мөлшерден аз беру немесе тамақтың сапасының нашар болуы.

Инфекциялық фактор-баланың жиі ауыруы, әсіресе ас қорыту мүшелерінің ауруларында.

Баланың күтімінің нашар болуы. Тұқым қуалаушылыққа бейімділік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет