Тақырыбы: ҒылымғА Қадам


Қарапайым тәжірибелер жасау (3 сағ)



бет8/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Ғылым

9. Қарапайым тәжірибелер жасау (3 сағ).
- «Тәжірибе» ұғымын білу;
- Қарапайым тәжірибелер жасау.
10. Шағын жобалар жасау (4 сағ).
- Барлық құрамдас бөлшектерінің өзара байланысының негізінде тұтас жобаны жасау үшін қажетті жүйе құраушы факторды таңдау.
- Жобаның мазмұнын әзірлеу жалпыға ортақ алгоритмді, яғни міндетті бөлімдердің тізбелерін және олардың құрылымын ескере отырып жүргізіледі.
11. Қорытынды(3сағ).
- қорытынды жасауға үйрену;
- ұсыныс, тұжырым жасау;
- аннотация, пікір, сын пікір.
Күнтізбелік-тақырыптықжоспары
5 сынып (34 сағат).





Сабақтың тақырыбы

Сағ.
саны

мерзімі



1

Кіріспе

1




2

Зерттеу жұмысыныңқұрылымы, мазмұны

1




3

Жоба. Жобатүрлері

1




4

Тақырыптыңөзектілігі

1




5

Зерттеужұмысыныңмақсаты, міндеттері

1




6

Зерттеунысаны, зерттеупәнітуралытүсінік

1




7

Тақырыптыңзерттелудеңгейі, тарихнамасы

1




8

Деректікнегізі

1




9

Әдебиеттер, деректерменжұмысжасау, сілтеме

3




10

Жобанызерттеуәдістері

1




11

З.Ж. (жобаның) хронологиялықшеңбері

1




12

Болжамжасау. Жобаныңжаңашылдығы

1




13

З.Ж. қолданбалымаңызы

1




14

З.Ж. сыннанөткізу

1




15

Негізгібөлімдеген не? Қосымшадеген не?

1




16

Жобатүрлері: ғылыми, ақпараттық, шығармашылық, әлеуметтік

3




17

Әртүрліақпараткөздерінқосымшаоқу, анықтамалықәдебиетпен, мәліметтердіңэлектрондықбазасымен, каталог, картотекаменөздігіненжұмысістейбілу

2




18

Ақпараткөздерініңтүрлерінбілу (жазбаша, графиктік, мәтіндік, аудио-бейнежәнеэлектрондық) Ақпараткөздерініңартықшылықтары мен кемшіліктерінанықтауБақылаудыңбастыбелгілерінанықтау

2




19

«Тәжірибе» ұғымынбілуқарапайымтәжірибелержасау

3




20

Шағын жобалар жасау

4




21

Қорытынды жасауға үйрену. Аннотация, пікір, сын пікір

2




22

Қорытынды

1




Барлығы

34

3.ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.Дарында балаларды анықтау. Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін, үнемі дамитын, үздіксіз процесс. «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: пәндік олимпиадалар, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары, спорт ойындары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің оқушылармен, ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектептерде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.


Дарынды балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың қалалық, республикалық, халықаралық ойындарға, ҒПК, олимпиадаларға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұр, ол дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс.
Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір
Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді.
Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі. Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Дарында балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Дарында баламен жұмыс жасай алатын мұғалімнің сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :
•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін, сынып журналын зерттеу;
•Оқушының сабақтағы сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;
•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.
Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты, оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты Сонымен қатар мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет, яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы.
2.Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз оны барынша күрделі біліммен «тығындау» емес, жеке тұлғалық дамуының алдын алушылық.
Дарынды оқушылармен жұмыс істеу күрделі әрі қызықты. Олардың жоғары танымдық мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін дәстүрлі мектептерде іске асыру аса қиын. Сондықтан дарынды балалар үшін оқытудың арнайы жағдайы талап етіледі. Оларды оқыту мен тәрбиелеудін дұрыс жолын арнайы мектептер арқылы ғана нақты табуға болады, өйткені көптеген дарынды балалар ойлау қабілеті ерекшелігіне байланысты бұрынғы әдістер мен тәсілдерді қабылдай бермейді. Оларға жеке оқытатын сабақтар, арнайы курстар мен бағдарламалар қажет.
Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары берілген. Бұл бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей: Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; Жан-жақты ақпараттандыру; Коммуникативті бейімдеу; Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына көмек көрсету; Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы; Жеке бас құзыреттілігін дамыту.
Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізу керек:
Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құру; Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау; Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру; Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету; Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керек:
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру. Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру; Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құруы тиіс.
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.Олар: Ата-аналар күндерін ұйымдастыру; Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;
Дарынды оқушылармен жұмыс мектептерде көп жылдар бойы жүргізіліп келеді. Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталады, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылады. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді.
Оқушылардың шығармашылық орталығы құрылады. Оқушылар дарындылық сферасына байланысты топтарға бөлінеді. Әр сфера бойынша жұмыс жоспары құрылады, жұмыс жоспарының орындалуына ,оқушылардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына бақылау түрлері белгіленеді. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей мектептегі талай балалардың қабілеттерін ұстаздар ашқанының арқасында бірнеше оқушылардың дарындылық, шығармашылық қабілеттері ашылып, жоғары жетістіктерге жетеді.
3. Шығармашылық ізденіс жұмыстарын қалыптастыру.
Қажетті тарихи материалын оқып, танып білу және оны меңгеру үшін көптеген тәсілдер мен құралдар қолданылады. Оқушылардың іс-әрекетін, ойлау, таным қызметін дамытуға бағытталған бұл әдістер белгілі жоспармен, жүйемен жүргізіледі.
Зерттеу әдісі – шығармашылықпен жұмыс жасау тәсілін және білім мен біліктерді толық үйретіп, меңгертуді мақсат етеді. Зерттеу әдісі – ғылыми тұрғыда танып білудің тәсілдерін меңгеруге көмектеседі; шығармашылықпен жұмыс жасаудың белгілерін қалыптастырады; өздігінше зерттеу жұмысын жүргізуге оқушылардың ынтасын ұштайды; оқушылар білімді толық әрі саналы іздену арқылы меңгереді.
Пән бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде тарихи құжаттарды пайдалануда осы циклды оқытудағы маңызды әдістердің бірі. Тарихи құжаттар өткен дәуірдің ескерткіші. Олар оқушыларға оқытып жатқан материалды нақтылай түсуге, өткен оқиғалардың бейнесін айқынырақ елестетуге, сол дәуірдің ерекшелігін дәл көрсетуге көмектеседі. Заңдардың, бұйрықтардың, хаттардың, естеліктердің, мемуарлардың үзінділерімен таныса отырып оқушылар белгілі оқиға, құбылыс туралы жан-жақты мәлімет алады. Тарихи құжаттарды оқу және талдау оқушылардың білімін кеңейтеді, олардың ойлауын дамытады, деректермен өздігінше жұмыс жасау шеберлігін ұштай түседі. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар үйде шағын шығарма, тарихи құжаттар бойынша конспект, хабар жасап келеді.
Мектепте ең басты назарды оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық және өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға аудару болып отыр. Сондықтан ұстаз жаңа кезеңдегі мұғалімнің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықты қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет