Тақырыбы: ҒылымғА Қадам



бет9/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Ғылым

4. ЖОБА
4.1 Жоба әдісі
XXI ғасырдың мектеп бітірушісі сын тұрғысынан ойлана білуі қажет, яғни бейтаныс ахуалда бағдарлап, қажетті ақпаратты ала білу, оны жаңа білім түрінде игеру және осы білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білуі қажет. Сондай-ақ, ақпараттық ғасырда ұжымда тығыз топтасып жұмыс істеу маңызды.
Жоба әдісін америкалық философ және педагог Дж.Дьюи әзірлеген.Дж.Дьюидің оқушысы мен ізбасары В.Х.Килпатрик оқытуда жоба әдісін қолданған. Жобада Дж.Дьюидің әзірлеген «іс-әрекет арқылы оқыту»қағидатына көп көңіл бөлінеді. Ғалым оқушының мақсатты іс-әрекеті арқылы белсенді негізде білім түзуді ұсынған. Балаларға шынайы өмірлік жағдайда оларға қажет болатын, меңгерілетін білімдерге деген жеке қызығушылығын көрсету маңызды[3, 19 б].
Жоба әдісінің негізінде оқушылардың танымдық дағдыларын, өз білімдерін өз бетінше құрылымдай білу шеберлігін, ақпараттық кеңістікте дұрыс бағдар таңдай білу икемділігін дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлауды дамыту жатыр. Жоба әдісі белгілі бір пән шеңберінде пайдаланылатын болса, бұл дидактика, жеке әдістеме саласына қатысты болады.
Әдіс – бұл дидактикалық санат. Бұл тәжірибелік немесе теориялық білімнің, іс-әрекеттің белгілі бір саласын игеру тәсілдерінің, іс-шаралардың жиынтығы. Бұл – таным жолы, таным үдерісін ұйымдастыру тәсілі. Сондықтан біз жоба әдісі туралы айтқан кезде, онда проблеманы (технологияны) толық әзірлеу арқылы дидактикалық мақсатқа жету тәсілін меңзейміз, ол белгілі бір үлгіде ресімделген, толық шынайы, нақты нәтижемен аяқталуы тиіс. Дидактиктер мен педагогтер өздерінің дидактикалық міндеттерін шешу үшін осы әдіске жүгінген. Жоба әдісінің негізінде «жоба» ұғымының мәнін құрайтын идея, оның нәтижеге прагматикалық тұрғыдан бағытталуы жатыр, оны белгілі бір тәжірибелік және теориялық маңызды проблеманы шешу кезінде алуға болады. Осы нәтижені көруге, ұғынуға, нақты тәжірибелік әрекетте қолдануға болады. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін балаларды немесе ересек студенттерді өздігінен ойлауға, осы мақсат үшін әртүрлі саладағы білімдерді жұмылдыра отыра,проблемаларды табуға және шешуге үйрету, шешімдердің әртүрлі нұсқаларының нәтижелері мен ықтимал салдарларын болжай білуге, себеп-салдарлық байланысын анықтай білуге үйрету қажет.
Жоба әдісі әрқашан оқушылардың дербес әрекетіне, оқушылардың белгіленген уақыт мерзімінде орындайтын жеке, жұптық және топтық әрекетіне бағдарлануы қажет. Осы әдіс топтық әдістермен үйлесімді үндеседі. Жоба әдісі әрқашан белгілі бір проблеманың шешілуін көздейді. Проблеманы шешу, бір жағынан, әртүрлі әдістердің, оқыту құралдарының жиынтығын пайдалануды көздесе, екінші жағынан, ғылым мен техниканың, технология мен шығармашылықтың әртүрлі саласынан алынған білімдерін қолдану икемділігін өзара ықпалдастыру қажеттілігін қарастырады. Орындалған жобалардың нәтижелері «көрнекі», нақты болуы тиіс, яғни егер бұл теориялық проблема болса, онда оның нақты шешімі болуы тиіс; егер тәжірибелік проблема болса – қолдануға болатын (сабақта, мектепте, шынайы өмірде) нақты нәтижесі ұсынылуы тиіс. Егер жоба әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, онда бұлтехнология өзінің мәні жағынан шығармашыл болып келетін зерттеу, ізденіс, проблемалық әдістердің жиынтығын қамтиды[3, 20 б].
Жоба жұмысының негізгі қозғаушы тетігі түрлі шешім нұсқалары бар тапсырмалар болып табылады, ал оқу жаттығуларының негізінде осындай тапсырмаларды қалай шешу туралы түсінік жатады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, мұндай тәсіл оқыту үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді (Блуменфилд және т.б., 1991). Оқу бағдарламасында ұсынылған жоба жұмысының оқу мақсаттарында жобаны жоспарлау, орындау, талдау және бағамдауға бағытталған үдерістерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың бойында бұл дағдыларды дамыту нақты міндеттер мен проблемаларды зерделеу арқылы және мұғалімнің оқушылар жеткен нәтижелерді емес, олардың қолданған тәсілдері мен әрекеттерін бағалауы арқылы іске асырылады.
Е.С. Полат оқуға ықпал ету үшін қолдануға болатын (Полат, 2000) және осы саладағы басқа да зерттеулердің (мысалы, Кандаурова, 2007, Кутуева және Костина, 2013). негізіне алынған жобалардың көптеген нұсқаларына сипаттама берген. Оның алғашқы жұмысы шет тілдерін меңгеруге көмектесу үшін қолдануға болатын жобаларға қатысты болды, бірақ кейбір әдістерді барлық пәндерге қолдануға болады. Ол жобалардың ерекшеліктерін сипаттау үшін қолдануға болатын кейбір сипаттамаларды анықтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет