Тақырыбы: ҒылымғА Қадам


Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту



бет4/27
Дата24.04.2024
өлшемі3.31 Mb.
#499683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Ғылым

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту


Білім беру бағдарламалары мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын, оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде оқушылардың коммуникативтік, сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынаста әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, пәндік ғылыми тілді сауатты түрде қолдана білу дағдылары дамытылады. Ауызша сөйлеуді дамыту мақсатында жұппен үлкен және кіші топтарда сыныппен жұмыста қарым-қатынас жасаудың құралы ретінде диалог талқылау, пікірталас өз пікірін айту.



  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ



«Ғылымға қадам» үйірме жұмысын оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер:
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі оқу үдерісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушы тәрбиелейтін қағиданы ұстанады.Олар:

  1. Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

  2. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

  3. Үйірме жұмысының оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы үйірменің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын ғылыми, шығармашылық, ақпараттық, тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

  4. Үйірме жұмысында мақсат, міндеттер, күтілетін нәтижеге қол жеткізу процесінде оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, атап айтсақ: қажетті ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру сияқты қолдану дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасау керек.

Сабақтың түрлері:Дәрістер, мультимедиялық презентацияларды пайдаланған дәрістер, тренингтер, практикалық сабақтар, шеберлік сабақтары, дәріс-диалог, дөңгелек үстелдер, конференциялар т.б.
Сабақтарды жүргізу түрлері мен әдістерін мұғалім негізгі материалдың дидактикалық мақсаты мен мазмұнына қарай таңдап үйлестіріп отырады. Сонымен қатар сабақтар интеллектуалдық жаттығулар мен тесттер өткізу, рефераттар, шағын жобалар жаздырып, оларды талқылау түрінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет