Тақырыбы: Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері


Құрал — жабдықтармен оқытудағы түсіндіру, көрсету, айту біліктілігін және білімін жетілдіру



бет13/15
Дата29.04.2023
өлшемі383.5 Kb.
#473009
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

13. Құрал — жабдықтармен оқытудағы түсіндіру, көрсету, айту біліктілігін және білімін жетілдіру.
1. Алғашқы ойыншының тәсілін студенттерге түсіндіру және көрсету.
2. Қақпашы тәсілдерін студенттерге көрсету.
3. Допты тоқтату, аяқпен, кеудемен, баспен.
Қарсыластың жабылуы ұғымы футболдағы ойын барысында кедергі келтірген қарсыластан бос орынға шығу арқылы және допты алу арқылы құтылуды білдіреді. Мұнда өте ептілік қажет. Епті ойыншы қарсыласын жабылуға мәжбүр етеді.
1.Біреуі үшеуге қарсы. Алаңда 10х10м алаңша сызылады. Үш ойыншы бір қорғанушыға қарсы ойнайды. Шабуылшы А, Б және Д ойыншы да бос орынға барады, бағыты басқа. Г ойыншы допты алып жүрген шабуылшыға қарсы тұрады. Мақсаты допты бір жаққа қарай А ойыншыдан шығармау.
2.Алаңда 12х12м алаңша белгіленеді. Бір қорғаушы екі шабуылшыға қарсы тұрады. Шабуылшы қарсылас бір-біріне доп бермес үшін қорғанушы ыңғайлы жер таңдайды. Ойыншылар ойын ауыстырады.
3.Екі қорғаушы. Екі шабуылшыға екі қорғаушы қарсы тұрады. Ойын 15х15 алаңда өтеді. Қорғаушылардың мақсаты допты алып жүрген шабуылшыларды жабу.
4.Қақпаға шабуыл. Алаң ортасында доппен бірге төрт шабуылшы орналасады. Қақпада қақпашымен қатар 4 қорғаушы тұрады.шабуылшылар допты бір-біріне беру арқылы алға жылжиды. Қорғаушылар олардан допты алуға тырысады. Берілген уақыттан соң орын алмасады.
5. Үш қақпа. Алаңда 25х25м алаңша белгіленеді. Үш ойыншыдан ойнайтын екі команда ойнайды. Олар қарсыластарының қақпасына доп соғуы керек.
Әріптесіне допты дәл және уақытында беруді меңгерген ойыншы командаға үлкен табыс, олжа әкеледі. Бірақ доты дұрыс беру – жай ғана іс емес. Оны да жаттығулар арқылы әріптесі дәл қабылдап алу мүмкіндігін тудыру керек.
1.Түзу бойымен. Жаттығу екеуден орындалады. Бір-біріне 4-6м қашықтықта тзу бойымен жылжи отырып, допты бір-біріне береді.
2.Әріптес жүрісіне. Алаңда 8-10м диаметрлі шеңбер сызылады. Ойыншы шеңбер ортасында тұрып, шеңбер сыртымен жүгірген әріптесіне бағыттайды. Жаттығу сағат тілі бағытымен жүреді.
3.Әріптеске қарама-қарсы. Жаттығу екеуден орындалады. Әріптестер позициясы бір-бірінен 25-16м қашықтықта. Біреуі әріптесіне допты береді. Ол ұмтылыс жасап қарсы алады.
4.Екеуі біреуге қарсы. Ойынға үш ойыншы қатысады. Ойын футбол алаңынан бір жартысында өтеді. Екі шабуылшы допты бір-біріне бере отырып, қақпаға жақындайды. Үшінші ойыншы қорғаушы рөлін ойнайды. Шабуылшылар қақпаға доп соғуға тырысады.
5.Диогональді беру. Жаттығушылар допты келесі түрге бөледі. А ойыншы –Б – В – Г т.с.с. Период бойынша орын алмасады.
6.Позиция ауысымы. Төрт ойыншы төртбұрыш түзе орналасады. Біреуі ортаға тұрады. Олар допты ретпен алмасады. Д – А сосын орнына жүгіреді. А – Б т.с.с.
7.Аумақтан аумаққа. Алаңда 40х10 алаңша белгіленеді. Түзу сызықтармен 4 бірдей аумақ сызылады. 1м кеңдікте жалаушалар қадалады. А , Б, В және Г ойыншылары көрсетіп ойнайды.
8.Екі колонна. Қақпадан 40м қашықтықта А және Б ойыншылар тобы орналасады. А тобының әрбір ойыншысында доп бар. Сигнал бойынша А тобының басты ойыншысы келесі команданың біріншісіне береді. Өзі алға қайтқан допты алу үшін жылжиды. Осылайша қайталана береді.
9.Жалашылар арасында. Жаттығу барысы жоғарыдағыдай. Бірақ допты беру жалаушылар арқылы орындалады.
Бұл әрекет өзінің қақпасын қорғауда қолданылады. Бұл да күрделенген әрекетке жатады. Бұл жағдайдағв жаттығуларды жасау барысында алдымен екі қорғаушы бір шабуылшыға қарсы, үшеуі үшеуге, төртеуі төртеуге, т.с.с. үшеу төртеуге қарсы шығуы керек.
1.Әріптесті сақтандыру. Екі қорғаушы қақа алдында, қашықтығы 5м. Шабуылшы пассивті тұрған қорғаушы алдына допты әкеледі. Ол оны айналып өтіп, қақпаға жетуге тырысады.
Екінші қорғаушы шабуылшы қай бағытта өтуін болжап, әріптесін сақтандыру қажет. Соңынан орын алмасады.
2.Қақпашыны сақтандыру. Екі қорғаушы қақпаның екі бұрышына орналасады. Қақпашы ортада. Қақпашының сол жағына бағанаға доп іледі. Қақпашы жүгіріп допты қағуға немесе ұруға тапсырады. Қақпашының оң жағындағы ойыншы қақпаға қарай ығысады.
3. 2х1 ойыны. Алаңда 8 қадамды алаңшада белгіленеді. Шабуылшының біреуі екі қорғаушыға қарсы шығып, қақпаға доп соғуға тапсырады.
4. 3х2 ойыны. Алаңда 30х30 алаңшаға белгіленеді. Онда бағанадан қақпа құрылады. Екі шабуылшы үш қорғаушыға қарсы шығып гол соғуға ұмтылады.
5.Ұжымдық алу. Алаңда 20х20 алаңша сызылады. Екі топ ойнайды. Бір топ допты береді, ал екіншісі алуға ұмтылады. Маневрлер арқылы алушылар шабуыл жасай бастайды. 5 минуттан соң орын алмасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет