Тақырыбы: Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері


Оқу жаттығу ойындары кезіндегі командалық әрекеттер



бет14/15
Дата29.04.2023
өлшемі383.5 Kb.
#473009
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

14. Оқу жаттығу ойындары кезіндегі командалық әрекеттер.
1. Оқу жаттығу ойындар кезіндегі әрекеттерді басқару.
2. Оқу жаттығу ойындары кезіндегі демалысты пайдалану.
3. Ойын жиыннындағы футболшылар әрекеттерін бағалау..
Жасалған жұмыстары футбол ойнының шығу тарихы, оның әр кезеңдегі даму сатылары, сол сатылардағы өткізілген оқу-жаттығулардың өткізу әдістемелері қарастырылды. Футбол ойынының әрбір даму сатыларында футболшы ағзаларының оқу-жаттығу жүйесіне бейімделуі әр түрлі жағдайларды болғаны байқалады.
Футбол-атлетикалық ойын түріне жататындықтан ол адам ағзасының дене сапаларының жылдамжығын, ептілігін, төзімділігін, күш және иілгіштік қасиеттерінің жетілуіне септігін тигізіп келеді. Ойын барысында футболшы үлкен жүктеме алатын, оның септігі функционалдық мүмкіншілігінің өсуіне, ерік-жігер сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасайды.
футбол ойынының негізгі екі коллектив арасындағы күрес болғандықтан, олардың ойыншыларының жалпы мақсаты-жеңіс, жеңіске деген ұмтылыс коллективтік іс-әрекетіне өзара көмеке, жолдастық және достық сезімін тәрбиелейтіні белгілі болды.
Футбол ойынының алғашқы даму сатысында ХІХ – ғасырдың басында, спорттық әдістеме тәрбиесінің дамуына ықпал жасайтыны таныла бастады.
Соғыстан кейінгі жылдардан бастап футбол клубтарында жаттығушылар жұмыс атқара бастады. Сол жылдары футбол клубтарының арнайы оқу-жаттығу жоспарлары құрылды. Ойын техникасы мен тактикасына басты назар аударылды.
1950 жылдардың басында футболшылардың жаттығу процестері циклдік сипатта болды.
Жаттығу процесін жоспарымызда апталық, бір айлық және жылдық циклдерде жұмыстардың өткізілу жиілігіне байланысты, кезеңдегі жүктемені түсіру, жаттығудың кезеңдері мен этаптарында олардың көлемі және қарқынының өзара байланысын ескеріп отырды.
Оқу-жаттығу процесінде дене-күш дайындығын жетілдіру сабағында, өзара әсер ететін жүктемені әрбір футболшыға жекеше жоспар құру арқылы іске асыру қажеттігі туындады. Бұл жерде әр футболшының жеке ерекшеліктеріне, олардың дене-күшінің деңгейіне қарай жоспар жасалынды.
Жеке жаттығудың негізгі формасы болып, жаттықтырушы және дәрігердің бақылауымен футболшының өзінше дайындығы саналады. Жекелей жаттығудың құрамын: дене-күш, техникалық, тактикалық, психологиялық, дайындықтарын тәрбиелейтін арнайы іріктелген жаттығулар енеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде өткізілген оқу-жаттығудың қай саласын алсақ та, ол дене-күш, техникалық, тактикалық, функционалдық және психологиялық дайындықты дамыту сабағы болып топтап өткізу әдісімен, жекелей дәріс берудің тиімділігі өте маңызды. Әрине тактикалық әдісті үйрету және жетілдіру сабағында және футболшыға жеткілікті түрде сабақ өткізу мүмкін емес.
Зерттеудің тәжірибелеік маңызы футболшылардың оқу-жаттығу процесінің ары қарай дамуы теориялық және ғылыми - әдістемелік негіздегі бағытта болуды көздейді.
Амалдық ұғымы футболда жеке, топтық командалардың ойыншылардың қимылы қандай да бір мақсатқа жетудегі іс-әрекетті білдіреді. Амал – спорт ойындарының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Ол тәсілдік дене, психологиялық дайындықты қажет етеді. Жоғары класты командалар үшін аиал ұғымының маңызы зор. Аиал жеке, топтық, командалық қимылдардан, әрекеттерден тұрады.
Бұл шабуылда және қорғаныста ойыншының мүмкіндігінше ептілікті жасауы. Ол допсыз және доппен жасалады.
Ашылу ұғымы. Футболшының еркін позицияға шығуы, қарсылас шабуылынан құтылуы. Ашылған ойыншы қарсыласын өз соңынан түсіріп, қақпаға доп алу мүмкіндігі бар. Бос орынға шығу , жылдамдықты арттыруарқылы орындалады. Бағыты алға , артқа, жан-жаққа.
Ойында футболшылар қарсыласты бағындыруға жалған қимыл т.б. жиі қолданады.
Шабуыл жасаушы ойыншы шабуылды қарсыласына шамасы жетпейді. Осы уақытта сандық басымдылық керек болады. Мұндай кездің көптен кездесуі маневр деп аталады және жоғары класты командалар ойын негізінде өте қажетті атрибут болып табылады.
1.Жүгіріп өту. Ойыншылардың екі тобы жиналады. Олар кездеспелі колонна түзеді. Қашықтық 8-10м. Басты ойыншы қарсы допқа допты аяқпен соғып бағыттайды даөзі колонна соңына барып тұрады. Бұл жаттығуды эстафета түрінде жүргізе беруге болады. Әр ойыншы үш реттен орындайды.
2.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар 8м үшбұрыш түзе орналасады. Әріптестер допты бір-біріне кезекпен бағыттайды. Бағыты сағат тіліне қарама-қарсы.
3.Зонадан шығу. Алаңда үшбұрыш тәрізді зона сызылады. Жоғары бұрышта жүргізуші ойыншы Б орналасады. Ол допты А ойыншыдан өткізіп В ойыншыға бағыттап отырады. Бірақ ол сызылған аумақтаншықпау керек. Период бойынша орын алмасады.
4.Номер ретімен. Шектелген бөлімшеде жаттығушылар жаттығады. Әрқайсысына реттік номері беріледі. Ойыншылар оны естеріне сақтайды. Олар реттері бойынша бір-біріне допты беру керек. Соңғысы қайтадан біріншіге береді. Қате жіберген ойыншыға айып салынады.
5.Допқа таласу. Алаңда 15х15м алаңша сызылады. Мұнда 6 ойыншы орналасады. Оның екеуі жүргізуші болып табылады. Қалғандары допты сырқа шығармай, жүргізушіге кездестірмей бір-біріне бағыттайды. Қате жіберген ойыншы жүргізушінің бірі болады.
6.Ашыл. алаңда 20х15 алаңша сызылады. Жалаушадан сызық бойына 4 қақпа орналастырады.
Әр командада 4 ойыншыдан. Олардың екеуі қақпашы ойынды бастаған топ қарсыластарына доп соғуға ұмтылады. Бұл тек қана ашылу шартында орындалады.
7.Аумақтан – аумаққа. Алаңда 15х40 алаңша белгіленеді. Ол үш аумаққа белгіленеді. Үш команда ойнайды. Әр командада Б ойыншы 1 қақпашы. Қорғаушы шабуыл аумағында екі шабуылшы. Ойыншылардың бір аумақтан екінші аумаққа өтуіне болмайды. Шабуылшы командаларды көршілес аумаққа дәл бағыттау. Бума қарасында пас беруге болмайды. Осылайша бұл жаттығу ойыншының активті түрде қимыл жасауына септігін тигізеді.
8.Петачок. Алаңда 3м кеңдікте қақпа орналасады. Қақпа алдына «петачок» тұрады. Екі команда ойнайды, ойыншылар 3-еу. Шабуылшы команда допты алып жүреді. Бұл команданың ойыншылары допты бір-біріне тез беруге ұмтылады. Моментті пайдаланып, біреуі еркін аумаққа өтеді, яғни «петачокқа». 5 минуттан кейін орын алмасады. Қорғаушылардың «петачокқа» кірулеріне болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет