металдық материалдар
жоғары молекулалы қосылыстар негізіндегі материалдар
металдық емес бейорганикалық материалдар
қыштан жасалған материалдар
композиттер
Химияның негізгі мәселелерінің бірі материал жасау. Материал дегеніміз – белгілі бір затты алу үшін немесе басқа заттарды қолданғанда пайдаланылатын заттар.
Құрамы бойынша материалдарды келесі түрлерге бөледі:
Конструкциялық материалдар - Әдетте материалдарды қолдану саласына қарап жіктейді.
- Механикалық жүктелістерге ұшырайтын машиналар детальдарын, аппараттарды, қондырғыларды, техникалық конструкцияларды материалдарды конструкциялық материалдар деп атайды.
- Конструкциялық материалдар:
- берік - тозуға төзімді , - Серпілмеліс, - жеңіл, - ыстыққа төзімді болып бөлінеді. - Сонымен қатар, материалдар магниттік, электрлік және тағы басқа қасиеттеріне қарай бөлінеді.
- Полимерлерді синтездеу заттардан қасиеттері жаңартылған материалдар алу мүмкіндігін ашты. Химияның көмегімен берік, ыстыққа төзімді, тот баспайтын, созылмалы, пластикалық, электр өткізгіш, изоляциялық материалдарды жасау техниканың, машинаның индустрия дамуының негізгі жақтарының бірі болып саналады. Техника дамуының кез келген қадамы химизацияға соқпай өтпейді.
- Қазіргі кезде химиялық технологияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді.
- Химиялық технология бүгін адамзатты ағаш орнына пластмассамен, жүн, тері бұйымдары орнына олардың жасанды алмастырғыштарымен, зығыр, кендір, жібек, жүн маталары орнына синтездік талшықтармен қамтамасыз етіп отыр.
- Ендігі бір максат — белок молекулаларының кұпияларын ашып, түрлі ауруларды емдеу мен дене кемістіктерін түзету, сондай-ақ адамзатты тамақ өнімдерімен жеткілікті дәрежеде камтамасыз ету.
Қазіргі заманда өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылатын қондырғыларда әртүрлі табиғи және жасанды материалдар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |