1 –бастаушы Әп бәрекелде!
Достарым ерігіп жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос.
Жеңіспен мәреге барайық,
Жеңістің ұранын салайық.
Екінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
................................................................................
Топтар жқмбақ шешеді
....................................................................
2-бастаушы
IIІ – бөлім: Өнерлі топ. Өнер сайысы
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек-Дей келе кезекті топтардың өнерлерін ортаға салғанын көрейік.
.................................................................
IҮ - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
1-бастаушы
Асықпайық, саспайық.
Физиканың еліне
Батыл қадам жасайық,
Осылайша шабытпен,
Ойынымызды бастайық!
2-бастаушы
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
.................................................................................
V. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға оқып беріледі.
1-бастаушы
Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
2-бастаушы
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді..
...............................................................................................
Оқушылар талқылайды, Өз жауаптарын қорғайды
...........................................................................................
Достарыңызбен бөлісу: |