VІ - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1-бастаушы оқып тұрады.
1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)
2. Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)
3. Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған құрал? Телескоп
4. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)
5. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.
(Шеңбер тәрізді траектория)
2- бастаушы 2 топқа оқиды
6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
7. Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? (кинетикалық)
8. Қант қайнату заводындағы қызылшадан қантты шығарып алу қандай құбылысқа негізделген./Диффузия/
9. Архимед күшінің әрекетінен пайда болатын жылудың түрі. /конвекция/
10. Жаңғырық көмегімен бағдар жасауға болады ма? /жоқ/
1-бастаушы 1-топқа оқиды
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
2-бастаушы 2-топқа оқиды
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)
VII– бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда 1. Байқоңыр 2.Атом электр станциясы сөздері жазылған.
Топ басшылар қорғайды
.........................................................
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.
{Мысалы}
пайдасы мен зияны
Достарыңызбен бөлісу: |