Тақырыбы: Жалағаш ауданы бойынша 2017-2019 ж балаларда анықталған церебральді сал ауруларының кездесу жиілігі



бет12/15
Дата25.12.2023
өлшемі194.15 Kb.
#487911
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері

Иппотерапия.
Қазақтың жылқы терапиясын бұл күндері әлем медицинасы иппотерапия деп атайды. Иппотерапия - грек тілінде «һірро» - «ат» деген мағынаға ие, дәрігерлік шарадағы мақсатына сәйкес халық санасында қалыптасқан ұғым - «атқа мініп жүру арқылы емдеу». Осы ғасырдағы заманауи иппотерапия ілімі - жүйке жүйесі зақымданған сырқаттарды емдейтін медицинаның бір саласы. Онымен жас та, кәрі де емделе алады, бұл шипалық шарада жас мөлшеріне, адамның жынысына ешқандай шектеу қойылмайды.
Иппотерапия тірек-қимыл аппаратының бұзуылында, атеросклероз, бас сүйек жарақатында, полимиелитте, асқазан-ішек ауруларында, ақыл-ой жетіспеушілігінде ұсынылады.
Ат үстінде жүру эмоциялық жағынан да жағымды әсер етеді, көңіл-күйді көтереді.
Иппотерапияның дамуына ат спортшысы дат қызы Лиз Хартелдің мына оқиғасы серпін берді. Полимиелитпен ауырган ол біртіндеп сал ауруына ұшырай бастады. Л.Хартел спорттағы мансапты енді мүлдем ұмытатын шығармын ойлады. Бірақ, бірде мүгедек арбасында отырған Лизді ипподромға әкелген кезде, ол қайтадан аттың үстіне отырып, аздап онымен серуендеуге талпыныс жасады. Мұнысы сәтті шықты. Бір аптадан соң ол атқорадан қайта көрінді, содан соң қайта, қайта... осы жерден табылды. Осылайша 9 жыл өтті. Нәтижесі болды. Дәрігерлердің оптимистік болжамдары былай болды: жүре алады, бірақ, екі таяқтың күшімен. Ат спортшысы Лиз Хартел 1952 жылы Хельсинкидегі Олимпиялық ойындарда салт жүруден күміс медальға ие болды.
Жігері мықты дат қызы журналистер мен дәрігерлердің көзіне түсті. Ол көптеген арбаға таңылған жандарға үлгі болды. Осыдан соң Еуропада, АҚШ-та иппотерапия орталықтары құрыла бастады. Жылқы - қазақтың жаны, сұлулықтың пірі, тазалық пен тектіліктің символы, мың бір дерттің дауасы. Біздің данагөй бабаларымыз бағзы заманнан-ақ жылқының еті, сүті, өзі арқылы небір ауруларды емдеп жазып, жүре алмайтын мешел, сал балаларды да аяғынан тік тұрғызып, төрт құбыласы тең адам қатарына қосқан. Қазіргі шетелдік, отандық медицинадағы атқа мініп жүру арқылы емдеу - біздің қазақы жылқы терапиясының алтын бір сынығы.
Иппотерапия туралы құнды деректер атақты Гиппократтың еңбектерінде де ұшырасады. XVIII ғасырдың ортасында энциклопедияшы ғалым Дени Дидро болса, «Атпен жүрудің денсаулықты сақтаудағы маңызы» атты трактат жазып, барлық дене жаттығуларының ішінде ең маныздысы ретінде атқа мінуді бірінші кезекте атап көрсетіп, ол арқылы көптеген ауруларды емдеп-жазуға болатынын баяндайды.
Сірә, көне дәуірдегі медициналық жазбаларды, деректерді зерттеп, зерделеудің игі ықпалы шығар, иппотерапияның адам ағзасына пайдалы, түрлі сырқаттарға шипасы ХІХ ғасырдың соңында ғылыми негізде тексеріліп, тәжірибеде қолданыла бастады. Соның нәтижесінде, қазақтардың бала кезінен, еуропалык ақсүйектердің есейіп, қоғамда өз орнын табысымен-ақ түлік төресі - жылқымен дұрыстап тұрып шұғылдануы жылқыдан физикалық ем де қабылдау екендігі анықталып, иппотерапияның кадір-қасиетін асқақтата түсті. Мұнан жарты ғасыр бұрын Германия, Швейцария, Австрия мемлекеттерінде тіпті иппотерапия қосымша емдік курс ретінде пайдаланылып, 1980 жылдардың соңында американдық және канадалық терапевтер арнайы Германияға келіп, осы ілімді үйренді, көп ұзамай иппотерапияны Солтүстік Америкада да медицинаға енгізіп, 1992 жылы АҚШ-та тұңғыш рет американдық иппотерапевтер қауымдастығы да құрылды, Қазақстанда да шипалы ілім кайта жанданды. Соңғы деректер бойынша, казір бір ғана АҚШ-та атқа мініп жүру арқылы емдеудің 600-ден астам сауықтыру орталығы жұмыс істейді, Еуропада иппотерапия емі 20 жылдан бері тұрақты түрде қолданылуда, Англияда иппотерапия король әулетінің ата-тегімен корғауға алынған. Мұнда Анна ханшайым Олимпиада чемпионаты, мүгедектердің ат спорты федерациясын баскарады. Ал енді Украинада иппотерапия бағдарламасы 1994 жылы «Петрусевич» клубының базасында бастау алып, кейін Киев, Донецк, Харьков, Одесса қалаларында атқа мініп жүру арқылы емдудің 4 орталығы ашылды. Осы орайда жамиғатқа жағымды тағы бір жаңалық, Польша елінде де бұл күндері иппотерапияның 60 учаскесі тұрақты түрде жұмыс істейді.
Адам - табиғаттың төл перзенті. Оған қоршаған ортасы, ауа, су, жер мен аспан да ерекше әсер етеді, жан-жануарлар мен құстардың да ықпалы айрықша: дельфиндер суға батқан адамды құтқарса, ит ер адамның жанын сергітеді, мысық ауырған жеріңді жазады, жылқы бір көргенде-ақ бойыңа айрықша күш-қуат құйып, еңсенді көтереді, көңіліңе қуаныш, батылдық пен батырлық ұялатады, көркімен, түр-тұлғасымен сүйсіндіріп, сұлулыққа, ізгілікке кұштандырады.
Иппотерапияға пайдаланылатын аттар туралы айтар болсак, оған жас, асау, үркек, жүген-кұрық көрмеген, бас білмейтін жылқылар жарамайды. Шет елдерде, қазір біздің елімізде де, иппотерапияға спорттық ойындарға катысып, оған барлық күш-қайратын беріп болған аттар тартылады: өзінің спорттық өмір жолын аяқтағаннан кейін аттар иппотерапияға пайдаланылып, тағы да бірнеше жыл адамға қызмет жасайды. Аттарды иппотерапияға пайдаланар алдында арнайы жаттығулардан өткізіп, дайындайды. Оған 3-5 жыл уақыттың да кетуі мүмкін. Өйткені, емдеу сеансы кейде ұзаққа созылып, атқа көп уақыт бойы тапжылмай тұруға да тура келеді. Немесе оның сеанс барысында бірнеше рет баяу шеңбер жасап қозғалуы қажет. Мұндай жаттығу кезінде мүгедек, сырқат балалар аттың арқасында созылып жататындықтан, ертоқымға ішін беріп, асылып бойын салбырататындықтан, аттың бір жағынан екінші жағына асып түсетіндіктен, оның бәріне шыдап, төзетін жуас, балаларды жатырқамайтын, керсінше, жақсы көретін ат таңдап алынады. Иппотерапияға көбінесе спорттық ойындарға қатысып, жасына байланысты одан босатылған аттардың пайдаланылатыны, мінеки, олардың осындай катаң тәртіпке үйретіліп тасталғандығынан.
Негізгі ем болатын сырқаты адамның жүйке жүйесінің бұзылуы, соған қатысты кінәраттар: миға қан құйылу, бас-сүйек жарақаты, мінез-құлық өзгерісі, көңіл күйдің құлазуы, ұмытшақтық, шорбуын, тірек-қимыл аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, есту қабілеті мен көздің көруінің нашарлауы, сәтсіз жағдайлардан, ауыр оталардан кейінгі омыртқалардың қисаюы, артрит, бұлшык еттің семуі, сал болу, қан айналымының, жүрек қан кысымының, зат алмасудың бұзылуы, ентікпе, ішек ауруларының қозуы және тағы да басқалары.
Маман-дәрігерлер иппотерапияда атты «тірі тренажер» деп атайды. Атқа отыру, адамға биохимиялық әсер етіп, ағзасын нығайтады. Жылқы температурасы адам қызуынан екі градусқа жоғары болатындықтан, ол адамның тақымы арқылы өн бойына беріліп, денесін біртіндеп қыздырады да, қан айналымын жақсартады. Тақымы арқылы бойына тараған қызу мен қан адамның саусақ ұштарына дейін барады.
Аттың үстінде отырған адам өз денесін үнемі тепе-тендікте сақтауға тырысады. Бұл жауырынның, қарынның, кеуденің бұлшық еттерінің қызметін біресе босаңсытып, біресе қатайтып ширықтыруға мәжбүрлейді, соның нәтижесінде, омыртқаны демейтін әрі оған түсетін жүктемені азайтатын бұлшық ет «белбеуі» қалыптасады. Сол арқылы адамның жеке мүсіні де әдеміленеді. Әрі адамның жайшылықта әрекетке түсе қоймайтын бұлшык еттері де іс-қимылға көшеді. Иппотерапия дәрігерлерінің айтып түсіндіруінше, жылқы бұлшық еттерінің қозғалысы адам денесіне массаж жасауға тиімді көптеген элементтерден тұрады. Астындағы аты жайлап желігеннің өзінде 110 түрлі тербеліс тудырады да, желіп келе жатқан аттың бұлшык еттерінің қозғалысы үстіндегі адамның бойына беріледі. Сондай сәтте адам ат үстінен құлап калмай, тепе-теңдікті сақтауға тырыспайды ма? Мінеки, бұл тірек-қимыл жүйесінің кызметі бұзылған адамның қимылсыз қалған бұлшык еттерін «тірілтіп», іске қосады, жүйке дертінің ауыр түрімен сырқаттанған адамды коршаған ортамен үйлестіріп, табиғатпен қайта табыстырады, өмір сүруге деген ынта-ықыласын арттырады, жүрегінің қызметін жақсартып, жүйкесін тыныштандыра бастайды.
Кез-келген адам өзінің күнделікті өмірінде дене жаттығуларымен айналысқанда екі бағытта ғана қозғалыс жасайды: оңға-солға және алға-артқа. Атқа мінген адам мұның бәрін жасап, жоғары-төмен бағытта да қозғала алады. Ол - адам ағзасы үшін өте пайдалы қозғалыс. Бұл бұлшық еттерді қуаттандырады, ішкі сөл бөлуші бездер мен ішкі ағзалардың жұмысын жақсартып, күшейтеді. Осының бәрі жерде тұрып, отырып дене жаттығуын жасаған адамнан ат үстінде бірнеше бағытта қозғалған емделуші жаттығуының басты артықшылығы,
Аттың белінің бұлшық еттері көптеген бөліктерден тұратындықтан, ол адамның жамбасы мен аяқ бұлшық еттеріне үгуші және жылытушы әсер етіп, аяқтың қан айналысын қалпына келтіреді. Атқа мінген адам жүріп келе жатқанында алдында, айналасында жіті көз тастап, алыстағыны да жоғарыдан жанарымен шолып, көзінің көру қабілетін қайтадан қалпына келтіріп, жақсартады, таза ауа жұтып, ағзаны шынықтырып, иммунитетін күшейтеді, тыныс алу қызметін жолға қойып, жанын сергітеді.
Адамның атпен бірге болуы оны қайталанбас жағымды әсерлерге бөлейді, көңіл күйзелісінен арылтады, тәні мен бірге жанын сауықтырып, өзіне деген сенімділігін нығайтады, дене бітімін сұлуландырып, кеудесін, басын жоғары ұстап, тік жүруіне жәрдемдеседі. Қазір дәрігерлер «жылқымен емдеу» сеансын жүйке жүйесі шаршап, тозған, ашуланшақ, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға жиі ұсынып, олар бұл емді қабылдаған жағдайда араларында қызба, ызақор, күйгелек мінез, қылықтарынан арылып жатқандары аз емес. Және де көңілсіз, мінезі тұйық адамдардың да «жылқымен емделуді» қабылдағаннан кейін жаны жадырап, ақжарқын кейіпке түсіп жатқандары кейінгі кезде медицина саласында анықталып жатқан иппотерапияның бір шипасы.
Тіршілік иелерінің қай-қайсында да биоөріс болғанымен аттың биоөрісі өте күшті, қашанда адамға жақсы қуат сыйлайды. Дәрігерлердің дәлелдеуінше адамдар аттан биоөрістік қуатты оған мініп жүргенде ғана емес, оны бағып, күту, баптау кезінде де жан-тәніне алады екен. Сөйтіп, жылқы өзінің биоөрістік қуатын адам жанына өткізіп, оның өн бойындағы биоөрістік қуатын тазартып жаңартып шығаратын көрінеді.
1950 жылдардың соңында мұны психикалық және неврологиялық ауруларға қолдана бастады. Қазір 52 елде иппотерапия орталықтары бар. Ал біздің елімізде салт атқа мінгізіп, ем жүргізу 90-жылдардың басында пайда болды. Бұл Қазақстандағы адамдарды емдеу мен оңалту үшін көмекші құрал -зоотерапияны дамытуға үлес қосады. Шығыс өңірі иппотерапия саласын дамытуда да көш бастап отыр. Соңғы бес жыл көлемінде елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды жылқы арқылы, яғни иппотерапиямен емдеу шаралары жүзеге асырылуда. Қай заманнан атқа мініп жатқан қазақ саумал мен жал-жая, қазы-қартаның денге дәру, дәтке қуат екенін білсе-дағы, жылқыға мініп емделу дегенді қабылдай қоймас…Жастайынан жабағыға жайдақ шауып, есейгенде ер қанатын ерттеп мінген ел емді еш қажетсінбейтін ерекше денсаулық кодына ие-тұғын. Ойымызды әріден сабақтасақ, жылқы қазақтың жаны еді. Еуразиялық кеңістікті ен жайлаған көшпенділер өркениетін құлату бағдарламасының бір бұтағы – жылқыдан айыру болған сияқты. Жылқыдан түскен жұрттың жүні жығылып қалады.Жанды жерінен қармалған қазақтың осы күйді кешкені тарихымызда тәптіш-телмесе де, там-тұмдап жазылды. Сөз зергері Ғабит Мүсірепов айтқандай,жаяу қалған адам несімен адам, несімен қазақ?!»… Мінсе - көлік шапса -желік, ішсе - қымыз, жесе - ет болған жылқы жарықтықтың қаншама қасиетін пайымдағанымызбен парқын білмеген тұстарымыз да бар екен. Парқын білмегеніміз, парықсыздығымыз емес. Сірағысын айтамыз. Иппотерапия қазақтың қанына сіңіп, ұлттың дәстүрімен қабысып кеткен ежелгі ем болуы да кәдік. Айтар сөзіміздің арқауы иппотерапия, яғни жылқымен емдейтін медицина саласы. Бұл күнде ішкі қуаттың артық-ауысынан айырылу үшін адамдар аттракционға барады. Ал қазақтың аттракционы - атқа міну. Бабалар атқа мінуді биік өнер деңгейіне көтергені белгілі. Теңге ілу, қыз қуу, көкпар сияқты ұлттық қазына - адамның физикалық һәм психологиялық әлеуетін шындайтын шынайы ойындар. Орайымен ойласақ, халықтық дәстүр мен пайым емделуден бұрын, дерттің алдын алуға саяды екен. Ал заманауи иппотерапия ілімі - аурудан зардап шеккендерді емдеуімен ерекшеленеді. Иппотерапия - жүйке жүйесі зақымданған науқасты емдеуге арналған медицина ғылымының бір тармагы. Ягни наукастын жүйкесін оңалтуға әсер ететін әдіс-тәсілдерге жылкы жануарын қолданады. Атка отыру - адамга биохимиялық тұрғыда ықпал жасап, агзаны нығайта түседі. Иппотерапия дәрігерлерінің айтуынша, жылкы булшық еттерінің қозгалысы массаж жасауға қабілетті көптеген элементтен тұрады және адам ағзасын ақырындап қыздырады. Өйткені, жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары болады. Атқа отырганда тақымға берілетін жылу қан айналымын жақсартады. Тіпті, тақым арқылы тараган кан айналымы саусақтың ұшына дейін жүретін көрінеді. Ат ақырындап желгеннің өзінде 110 түрлі тербеліс тудырады екен. Желген кезде жануар бұлшық етінің қозғалысы мінген адамға беріледі. Салт жүргенде құлап қалмай, дұрыс отыра білу үшін қимыл-қозғалысты бақылап, тепе-тендікті сақтау қажет. Міне, осындай кезде прек-қимыл жүйесінің қызметі бұзылған науқастың күнделікті өмірде қимылсыз қалған бұлшық еттері іске қосылады. Сондай-ак бул жүйке ауруының ауыр түрлерімен ауырған науқастарға қор- орманы аз үйлесімімен қабылдауға, жаратылысқа ынталы болуына көмектесіп журектің қызметін жеделдетеді. Иппотерапия - жұлынға зақым келгенде, миға қан құйылғанда, бас сүйек-ми жарақатын алғанда, мінез-құлық өзгеріске ұшырағанда, көңіл-күй төмендегенде, ұмытшақтық пайда болғанда, шорбуынға және тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылғанда, бір сөзбен айтқанда адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданылады. Тіпті есту қабілеті мен көздің көруі нашарлағанда да иппотерапияға сүйеніп, ем қабылдауға болады десе-ді. Атқа мінуге дағдылану адамның сымбатты болуына да он әсер етеді. Әлемдік медицинада иппотерапияның алғашқы тұжырымдамасы Гиппократтын енбектерінде кездеседі. Иппотерапияның адам ағзасына өте пайдалы екендігі ХІХ ғасырдың соңында ғылыми түрде зерттеле бастады. Еуропадать ақсүйек әулеттердің жылқымен көп әуестенуінің бір ұшыны оны физикалық ем ретінде қабылдауда жатыр. Жарты ғасыр бұрын Германия, Швейцария және Австрия сияқты мемлекеттерде иппотерапия қо- сымша смдік курс ретінде пайдаланыла бастады. 1980-жылдардың соңында америкалық және канадалық терапевтер Германияда осы ілімді үйреніп, Сол- түстік Америка қоғамына енгізді. Соның нәтижесінде 1992 жылы АҚШ-та алғашқы америкалық иппотерапевтер кауымдастығы құрылган болатын [34]. Соңғы жылдары елімізде де иппотерапиялық емдеу бағдарламасына жүгінушілер қатары көбейіп келеді. Елбасы Нурсултан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл қоғам алдындағы біздің парызымыз», деп атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Винное ауылында иппо- терапия орталығы ашылып, еліміздегі ең алғашқы емдеу курстарын жүзеге асыра бастады. Глубокое ауданына қарайтын Винное елді мекені облыс орталы- ғынан аса қашық емес. Осы ауылдағы «Титан» ат спорты кешенінде денсаулығында кемістігі бар балаларға арнайы үйретілген аттар арқылы емдеу шаралары қолданылады. 2009 жылы басталған игілікті іс жыл, жылдан жылға өріс алып келеді. Атаулы көмектің керегесін кеңейте түсу мақсатында облыс әкім- дігі мен «Титан» ЖШС арасында екіжақты келісім орнады. Мемлекет жеке меншік рітестігі негізіндегі келісімге сәйкес, төбесі жабылған манеж құрылыста жургізілді. Соның арқасында иппотерапия орталығының есігі бұл емді пайдаланушыларға қысы-жазы ашық деуге болады. Үкіметтік емес ұйымдармен тиімді әріптестік байланысқа қол жеткізген жағдайда қоғамда аза- маттық іс-шаралар белсенді көзге түсе бастайды. Мұның жаркын көрінісі Винное ауылындағы манежде жұмыс істеп жатқан «Ақ тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі. Жуырда қоғамдық ұйымның жетекшісі Бақыт Солтанованың айтуынша 2009 - 2012 жылға дейін 37 мүмкіндігі шектеулі балаға иппотерапиялық ем алған. Бүгінге дейін орталықта 127 мүгедек бала иппотерапиялык емдеудің толық курсынан өтті. 2013 жылы тірек-қимыл аппараты кызметінің бұзылуы бар 80 бала емделді. «Ақ тай» қоғамдык бірлестігі жетекшісінің айтуынша, «Титан» ат спорты кешеніне күн сайын әрқайсысы 10 баладан тұратын төрт топ иппотерапиялық ем қабылдауға келеді. Иппотерапевт-нұсқаушылар әр баланы жарты сағаттан атқа мінгізеді. Балаларды қаладан адан күнделікті автобуспен тасымалдайды. Ал ем қабылдаушылардың тізімін облыс орталығының медициналық мекемелері бекітеді. Жалпы, иппотерапия орталығында 23 адам жұмыспен қамтылып отыр. Олардың арасында психолог, медициналық-әлеуметтік , қызметкерлер, әдіс- керлер, нұсқаушылар және жылқышылар бар. Орталық қызметкерлері шетел- ден келген мамандармен тәжірибе алмасып тұрады. Былтыр Мәскеу қаласынан келген осы саланың шеберлері семинар өткізді. Ресейлік иппотерапевтер білік- тілігі артқан мамандарға арнайы сертификаттар табыстады. «Оңалтушы, иппотерапевт-нұсқаушы» біліктілігін алған ат спорты кешенінің мамандары енді республика бойынша иппотерапевт мамандарын дайындай алады. Иппотерапия балаға психоэмоционалдық және биомеханикалық тұрғыдан екіжакты асер етеді. Атқа міну, жылқы жануарын бағындыру жарымжан бала үшін үлкен жетістік. Сал аруымен ауыратын бала өздігінен аяғын баса алмай- ды, ол өзін салт атты адам сезінгенде 03 аяғымен жүргендей, психоэмоционалдық тұрғыдан әсер алады. Жылқы жүрісінің тербелісі және артқа, алға шайқалу арқылы баланың тірек-қозғалыс жуйесіне әсер етуге болады. Александр ДенисенковМәскеудегі жылқымен емдеу және мүгедектер ат спорты федерациясының президенті. Шығыс өңірінде ғана емес, тұтас Қазақстанда иппотерапия мамандарын әзірлейтін оқу орталығы осыған дейін болмаған. Бұл кешеннің алдағы уақытта еліміздегі иппотерапия орталығы болуға толық мүмкіндігі бар. Қазақстан бойынша иппотерапия мамандарын дайындайтын огу орны жоқ. Мұндай мамандарды Париж, Тбилиси және Мәскеу қалаларында ғана даярлайды. Мәскеуден білікті мамандарды шақырып, екі аптага созылған семинарға Ақтау, Орал қалалары мен облыстың Үржар және Аягөз аудандарынан қатысушылар халықаралық сертификаттар алған. «Титан» ат спорты кешенінде емдеуден өткен балалардың 90 пайызына иппотерапиялық курстар он әсер еткен. Бала аптасына үш мәрте иппотерапия орталығына келеді. Балаға психолог, иппотерапевт-нұсқаушы мамандар жарты сағат бойы жеке ем-дом жургізеді. Негізі, қатаң іріктеуден өткен жануарлар экелініп, әбден үйретілетіндіктен мұндағы жылқылар өте жуас болып келеді. Солай болуы киік те. Себебі, түрлі сырқат балалар атқа отырғанда оны ұрып, тістеп баска да оқыс әрекеттер жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларға жылқыны алдын ала үйретеді. Яғни дайындық кезеңінде жылқыны ұрып, соңыра қант беріп отыру арқылы шыдамын, төзімділігін арттырады. Жылқы малы мұның қажеттілік екенін өте жақсы түсінеді. Емделіп жүрген сал ауруымен ауыратын балаларда жағымды нәтижесі байқалады. Бала өзіне назар аударуды сезіне бастайды, ақырындап сөйлеуге тырысады. Мінез-құлқы да өзгеріп, көңіл-күйі көтеріледі. Нұсқаушы-иппотерапевтер жылқыға өз денесінің тепе-тендігін сак- тап отыра білген баланың ішкі жігері оянатынын айтады. Бала атқа мінгенде оқыс қимылдағанды сезінеді. Олар үшін атқа дұрыс отыру мен желудің маңызы ерекше. - Біз жылқының баланың бойындағы ауруды өзіне сіңіріп алады. Сондықтан, бір жылкыга күніне алты баладан артық мінгізбеген жөн деп санайды дейді, иппотерапевт-нұсқаушы. Мамандар ем-домға қажетті жыл- қыларды ар жерден іздеп, тауып экеледі. Аттар екі ай бойы үйретіледі. Қазіргі кезде «Титан» кешенінде оннан астам ат бар. Иппотерапия емінің нәтижесін былтыр мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен ат жарыстан да байқауға болады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылуымен ауыратын баланның бес жыл бойы емделгенде нәтиже бермеген бала денсаулығы иппотерапиянын арка- сында бес айдың ішінде оңала бастаған.
Қазақстан әлемде иппотерапияны каржыландырып, қолдап отырған тұңғыш мемлекет болып саналады. Өскеменде «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының жанынан ашылған жүйке дертіне шалдыққан балаларға, сал ауруымен ауыратын балаларға арналған күндізгі орталықта иппотерапия қызметіне жүгінгісі келетін ата-аналар қатары жыл сайын артып келеді.
2013 жылы Таразда мемлекет пен жекеменшік иелерінің әріптестігі аясында иппотерапия (жылқымен емдеу) орталығы ашылған. «Майская роща» ЖШС-ның инвесторы қалалық бақ базасында 20 жылқыға ат алаңы мен ат қорасы бар ипподром салынды. Орталықта мүмкіндігі шектеулі адамдар өз денсаулықтарын тегін түзей алады. Жылқы арқылы емдеудің тиімділігі ғылыми және ол көптеген елдерде оң нәтиже беруде. Бүгін Жамбыл облысында осындай көмекке мұқтаж 300-ден астам бала бар. Мүгедек жастар қоғамының бастамасы бойынша сал ауруына шалдыққан балаларға өтеусіз негізде ем-лом жүргізілген еді. Кішкентай емделушілердің ата-аналарының айтуынша потерапия арқасында балалар дағдылары арттырган. мен ептіліктерін
Иппотерапия — жылқымен емдеу әдісі. Тірек - қимыл қозғалысы нашар жандарға иппотерапияның пайдасы орасан, бұл қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданыла бастаған ем-домның бір түрі. Жылқыға салт міну—науқастың омыртқасы мен жалпы тірек кимыл жүйесінен он әсерін тигізеді деп айтқан екен иппотерапевттер.
Иппотерапия бағыттарының бірі - балаларда кездесетін Церебральді салды, Даун синдромын, аутизмді, ақыл-есінің кемістігін, тағы да басқа ауруларын емдеп-жазу. Иппотерапия балаға психоэмоционалдық және биомеханикалық тұрғыда екіжақты өте жақсы әсер етіп, бой куатын күшейтеді. Жылқына жақындау, оған мініп жүру аяғынан баса алмайтын сал сырқатындағы балаға үлкен жануарды бағындырғандай, жерден өздігінен жылжығандай психоэмоционалдық күшті әсер етеді, жылқы жүрісінің тербелісінде жан- жағына шайқалуы арқылы тірек-қозғалыс жүйесіне оң ықпал жасалады. Жылкы үстіне науқас бала мінгенінде, түлік төресі оның қап ауруын өзінің бойына сіңіріп алып, жазылып кетуіне де көмектеседі. Ат үстінде тепе-теңдігін ұстап отыра білген баланың ішкі жігері оянады, өзіне жан-жағындағы кісілердің назары ауғанын байқап, жүрегін мактаныш пен қуаныш кернейді. Атқа мініп жүргенінде кез-келген бала бойындағы ауруын ұмытып кетеді.
Атқа мініп жүру арқылы емдеу (иппотерапия) балаға ешқандай қысым түсірмейді оның сеансы өте жеңіл де қарапайым әрі табиғи. Барлық бала атка отыруға катты қызығатындықтан, денсаулығын қайта қалпына келтіруде иппотерапия олар үшін барлық емнен шипалы болып табылады. Сыркат балалар атпен тез тіл табысып, төрт түлік төресінің көңіл күйін де тәп-тәуір сезінеді. Атпен жақындасу арқылы мінез-қылығы ашылып, жан-дүниесі байи түседі. Ең куанарлығы, соңғы жылдары балаларды иппотерапиямен емдеу тәжірибесі халыққа кеңінен насихатталып, Қазақстан Республикасы әлемде бірінші мемлекет болып иппотерапияны қаржыландырып, оған үлкен қолдау көрсетуде.
Иппотерапияның балаға ең басты оң әсерлері:
✓ дене белсенділігін арттырады;
✓жаңа қабілеттерін ашады;
✓психикалық оңалудан толықтай өткізеді;
✓Церебральді сал ауруынан сауықтырады;
✓адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретеді;
✓ өмір сүруге деген құштарлығын оятады;
✓ ойлау қабілетін қалыптастырады;
✓ бойындағы қорқыныш, үрейден арылтады;
✓ жанында өзіне деген сенімділігін нығайтады.ud.k
✓ көзінің көруін жақсартады;
✓ баланың сөйлеу тілін шығарады, дамытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет