|
Тақырыбы: Өкпенің іріңді аурулары: абсцесс, бронхоэктазиялық ауруы, гангренасы
|
бет | 4/42 | Дата | 16.05.2023 | өлшемі | 384.98 Kb. | | #473766 |
| ішкі аурулар2Тақырыбы: Өкпенің іріңді аурулары: абсцесс, бронхоэктазиялық ауруы, гангренасы.
1. Өкпеде шектеулі іріңді ошақтардың пайда болуы:
а) пневмония
б) бронхит
в) өкпе абсцесі
г) бронхоэктазиялық ауру
е) бронхылық демікпе
2. Өкпенің іріңді ауруларына жатады:
а) пневмония
б) бронх демікпесі
в) туберкулез
г) өкпе абсцесі
е) пневмосклероз
3. Өкпенің іріңді ауруларындағы бөлінетін қақырық түрлері:
а) мөлдір, созылмалы
б) тот басқандай
в) көбікті, іріңді
г) іріңді, жағымсыз иісті
е) алқызыл көбікті
4. Өкпенің іріңді ауруларындағы күту ерекшелігі:
а) дренажды жағдай жасау
б) жеке басының гигиенасы сақтау
в) тамақатану ерекшелігін бақылау
г) төсек режимін сақтау
е) бөлменің ауасынм жиі тазартып тұру ережесін сақтау
5. Бронхоэктазиялық ауруында І-ші тәулікте бөлінетін қақырықтың мөлшері:
а) 50-100 мл
б) 1000-1500 мл
в) 75-85 мл
г) 20-50 мл
е) 100-150 мл
6. Өкпе абсцесі ауруымен науқасты жалпы қарағанда анықталатын негізгі симптом:
а) «тамыр жұлдызшалары»
б) «күздік тал»
в) «көбелек қанаты»
г) «дабыл таяқшасы, сағат әйнегі»
е) таңқурай тәріздес тіл
7. Өкпе абсцесінің ІІ- кезеңінде аускультацияда анықталатын дыбыс:
а) бронхиалды дыбыс
б) амфорлы дыбыс
в) қорапты дыбыс
г) тимпаникалық дыбыс
е) везикулярлы дыбыс
8. Бронхоэктазиялық ауруымен ауыратын науқастан бөлінетін қақырық:
а) «тот басқандай»
б) «көбікті, алқызыл»
в) аузын толтырып, сасық иісті іріңді
г) созылмалы мөлдір, шырышты
е) іріңді аз мөлшерде
9. Өкпенің іріңді ауруларымен ауырған науқастың кеуде қуысының өзгеруі:
а) рахиттік
б) етікші
в) паралиттік
г) эмфизематозды
е) ладия тәрізді
10. Өкпе абсцесінде инфекцияның түсу жолдары:
а) ауа-тамшылары арқылы
б) араласу арқылы
в) алиментарлы
г) урогенді
е) жыныс жолдары арқылы
11. Бронхоэктазиялық ауруымен ауыратын науқасты рентгендік тексергенде анықталады:
а) өкпенің бір бөлігінің немесе сегментінің біркелкі қараюы
б) «күздік тал»
в) өкпедегі ошақты қараю
г) өкпе суретінің мөлдірлігі
е) өкпе суретінің күшеюі
12. Бронх түтікшелерінің дренажын жақсарту үшін қолданылатын дәрі дәрмек:
а) анальгин
б) ношпа
в) ацетилцистеин (АЦЦ)
г) зинацеф
е) кардиомагнил
13. Өкпе абсцесінің дифференциалды диагностикасын жүргізеді:
а) созылмалы бронхитпен
б) өкпелі жүрекпен
в) бронхоэктазиялық ауруымен
г) бронхылық демікпемен
е) плевритпен
14. Дренажды жаттығуды жасаудың мақсаты:
а) қақырық түсуін жақсарту
б) зат алмасу процессін жақсарту
в) дене қызуын көтеру
г) жүрек қағысын жақсарту
е) қан ұю процесін жақсарту
15. Науқасты жалпы қарағанда саусақ ұштарының өзгеруі «дабыл таяқшасы, сағат әйнегі» симптомы түрінде анықталуы қандай ауруға тән:
а) өкпе абсцесіне
б) плевритке
в) жедел бронхитке
г) ауруханадан тыс пневмонияға
е) ауруханаішілік пневмонияға
16. Өкпе абсцесінің бірінші кезеңінің аталуы:
а) іріңнің сыртқа шығуы
б) іріңді ошақтың пайда болуы
в) іріңнің ыдырауы
г) қанның шоғырлануы
е) іріңнің жиналуы
17. Өкпенің іріңді ауруларында тағайындалынатын диетаның ерекшілігі:
а) ақуызға бай
б) жануар майына бай
в) темірге бай
г) көмірсуларға бай
е) йодқа бай
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|