10
құрылымы күрделірек болады. Оны инновациялық
жобалау тәжірибесінен
айқын көруге болады.
Жобалаудың ғылыми негізіне «жоба», «жобалау», «жобалық»,
«жобалаушылық» сияқты осы ұғымнан туындайтын түсініктер алынады.
«Жобалау» – (орыс тілінде «проектирование»), латынның
projektus –
алға
қарай тастау, алға жүру деген түсінікті береді, оның мағынасы алдағы
уақытта болатын құбылыстың бейнесін жасауға қатысты ғылыми және
инженерлік әрекеттермен байланысты айқындалады. Адам еңбегіне қатысты
өнімдердің барлығы да алдын ала жобалау арқылы жасалатын болғандықтан,
осы тұрғыдан қарастыру
жобалауды жоба құру үрдісі, яғни,
белгілі бір
объектінің
болашақтағы бейнесін алдын ала құрастыру үрдісі дей аламыз.
Жобалау қызметінің алғашқы кезеңдерінде жобаны ғылыми-негізделген,
дәл есептелген күйінде жасалатын, үнемі технологияда пайдалана беруге
болатын белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Одан кейінгі
кездерде жобалаудың кең таралуына байланысты оның өнімнің арзандауын
қамтамасыз ететен экономикалық тиімділігі, халықтың көп бөлігіне жеткілікті
болатын әлеуметтік тиімділігі, өнім сапасы
мен тұтынушылар мәдениетін
көтеруді көздейтін мәдени тиімділігі күтілетін болды.
Достарыңызбен бөлісу: