16
қарастыра бастады. 30-жылдардан бері бұл түсінік менеджерлер арасында
белгілі бір «фирманың инновациялық саясаты» термині ретінде кеңінен тарап,
инновация «дәстүрлі» үғымына қарама қарсы колданылатын болды.
Н.Г.Алексеев жобалауды жүзеге асырудағы екі кезеңді бөліп көрсетеді.
Оның
бірінші кезеңі қоғамдағы жалпы өзгерістермен тығыз байланысты
болып, жобалау қызметінде еркіндіктерге ие болған кездермен сипатталады.
Бұл кезеңде
стихиялық жобалау тәжірибесі, әсіресе білім беру саласында,
кеңінен қанат жайып, өз «жобаларын» құрастыру мен ұсыну жаңашыл
мұғалімдерден бастап білім мекемелеріне дейін орын алды. Осы жағдайларды
талдау қорытындылары жобалау тәжірибесі
мен оның мәдениеті
қалыптаспағандығын көрсетіп, жобалауға мәдени түр беру, оны мәдени
тәжірибеге айналдыру міндетін алға қойған болатын. Сөйтіп, жобалаудың
Достарыңызбен бөлісу: