Тақырыбы: жобалаудың теориялық негіздері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата07.04.2022
өлшемі0.51 Mb.
#456614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Рахымбек Б Тапсырма 2. Реферат

екінші кезеңі басталды, ресейлік және отандық ғалымдар осы кезеңнен бастап 
жобалаудың педагогикадағы инновациялардың мәдени түрі деп белгіленуіне 
негіз қалыптасты деп санайды.
Жобалаудың мәдени контекст алуы оны басқа ғылымдар тұрғысынан
соның ішінде, педагогикалық - психологиялық тұрғыдан, педагогика 
тарихында қалыптасқан үрдістерге сай зерделеуге мүмкіндік берді.
Инновациялық үрдістерді жобалау негізінде мәдени дамыту тәжірибесі 
екі түрлі бағытта қалыптасқандығын айта кету керек. Біріншісін эмпирикалық 
деуге болады, ол – бәсекеге қабілетті жобаларды таңдау мақсатында тиімді 
жобаларды құрастыруға үлгі ретінде қолдануға болатын жобалаудың тиімді 
әдістері мен тәсілдерін іріктеп алу жолы. Екіншісі, процестерді дамытуды 
көздейтін жобалар үшін қажетті арнайы заңдар мен заңдылықтарды 
теориялық зерделеу болып табылады. 
Даму барысында жобалау басқару қызметі контекстіне де, тәжірибелік-
бағдарлы ғылым контекстіне және инновациялардың мәдени түрі ретіндегі 
контексте қарастырылады. Осы аталған үш контекст өз сипаттамаларына сай 
ортақ негізге ие бола тұра, теорияда да, тәжірибеде де бір-бірінен бөлек 
талданып келеді. Бұл жобалау қызметін басқарудағы инновациялардың 
мәдени түрі ретінде де, тәжірибелік-бағдарлы ғылым ретінде даму жолдарын 
айқындаудағы негізгі әдістер мен технологиялар ретінде де, басқарудың 
негізгі процедурасы ретінде де қарастыруға мүмкіндік береді. 
Аталған синтезді жүйелі ой-әрекеттері теориясының әрекетті өзгерту 
және мәдениет тудыру схемасына сүйене отырып көрсетуге болады. Осы 
схема бойынша өзгерістердің түрлі әлеуметтік-мәдени ситуацияларда пайда 
болатын қайшылықтарын жаңа инновациялық қызмет ендіру арқылы
реттеуге болатыны дәлелденген, бұл инновациялық қызмет жобалау болып 
табылады.
Төмендегі суретте (1-сурет) мәдениет түрлері мен (3) әлеуметтік-мәдени 
және ұйымдасқандық қабаттарына оларды түгел қамтитын (4) идеалдық 
(абстрактылық және ойлау негізіндегі ғана) құрылым мен (1)менталдық 
түрлер қабаттарын қосады. Ондағы жоғарыға бағытталған сызықшалар 
арқылы көтерілу үрдісті берілсе, төменге қарай бағытталған сызықшалар 
орындалу, жүзеге асырылу үрдісін көрсетеді.


17 
4 – идеалдық құрылым 
қабаты
З– 
мәдениет 
түрлері 
қабаты 
2– 
әлеуметтік–мәдени 
және ұйымдасқандық қабат 
1– 
менталдық 
түрлер 
қабаты 
Сурет 1 − Жобалау арқылы жаңа мәдениет тудыру схемасы 
Сурет қоғам ұйымдастырылуының бірнеше қабаттарға бөліну 
принциптерін көрсетеді және олар екі үрдістің – көтерілу және орындалу, 
немесе жүзеге асырылу – жүруі мүмкін екенін білдіреді. Бірінші үрдіс 
әлеуметтік қабаттан мәденилікке, одан әрі идеалдыққа өтуді білдірсе, екіншісі, 
идеалдық, яғни идея ретіндегі болмыстың мәдени және әлеуметтік түрлерін 
ұйымдастыру арқылы бойына ала отырып менталитетте, салт пен 
дәстүрлерде бекітілуі болып табылады. Н.Г.Алексеев атап көрсеткен білім 
берудегі инновациялық қозғалыстарды мәденилендіру жолдары осы көтерілу 
үрдісіне де, жүзеге асырылу үрдісіне де сәйкес келеді дей аламыз. Өйткені, 
жобалау қызметі үздік үлгілерін іріктеп алу көтерілу үрдісіне, ал жобалауды 
технологиялық құрастыру мен теориялық зерделеу жүзеге асырылу үрдісіне 
тән құбылыстар. 
Жобалаудың жоғарыда аталған үш аспектісінің синтезі осы екі үрдісті де 
қамтиды. Тәжірибелік – бағытталған ғылыми контекстегі жобалау педагог – 
практиктердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге қажеттіктерінен пайда 
болады, яғни ол да әлеуметтік–мәдени және ұйымдасқандық қабатынан 
шығады. Осы екі жағдайда да болашақтағы инновациялық қайта құрулардың 
мәдени түрі ретінде жобалау қызметі алынады. Ол ерекшеліктер төменде 2-
суретте берілген. 
4 – идеалдық құрылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет