Конфликтілердің туындауының жеке тұлғалық ерекшеліктері
· Конфликтілердің дамуына ықпал етуші тұлғаның негізгі сипаттамаларын қарастыру;
· Конфликтіде жеке тұлғаның қатысуының субъективті себептердің туындауын сипаттау;
· Конфлитілердің себебін түсіндіру үшін әлеуметтік рольдер теориясын қолдану ерекшеліктерін ашу;
· Бәсекелістікті даулы ситуация ретінде көрсету;
Конфликтілердің туындауына ықпал етуші психологиялық жеке тұлғалық ерекшеліктер
Даулардың туындауы, әдетте, жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен қажеттілігіне байланысты мінез-құлқымен тығыз байланысты.
Конфликтілердің едәуір тобын талдау, кез келген конфликтінің негізінде жеке тұлғалық нақты мүдделік тұтынушылық қажеттіліктердің іске аспауы жатады екен. Әсіресе, егер мұндай тұлға белгілі бір билікке ие болып, шешім қабылдай алатын болса.
Конфликтіде мұндай жекетұлғалардың жеке тұлғалық сипаттамасын анықтайтын мінез-құлық сипаттамаларына тоқталайық:
· Жеке тұлғаның табиғи қасиеттері, оның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері;
· Қажеттілік, мотив, мүдде жүйелері;
· Өзі жайлы жандүниелік-ішкі көзқарасы, оның «мен-образы» жатады.
Табиғи қасиеттер-туыла біткен қасиеттер, бұл қасиеттер тұлғаның белсенділігінің және әмоционалдылығының динамикалық айқындылық дәрежесін сипаттайды.
Жеке тұлға-индивидтің белсенділігі әр түрлі әрекеттерге ұмтылуы, өзін байқауға әрекет етуі, іс-қимыл реакциясы мен психикалық процестердің жүру жылдамдығы әрекетін бейнелеп көрсетеді, индивидтің әрекетінің қасиеті ретінде сипатталады. Белсенділіктің маңызды белгісі болып, бір жағынан үлкен қуат пен жедел қозғалуға ұмтылысы, жедел сөйлеу,жедел қимыл етуге бейімділігі, екінші жағынан-баяулық, психикалық іс-әрекеттерде пассивтілік, сөилеуде ымдық қимыл көп жасау білдіреді. Әмоционалдылық индивидтің жүйкелік әсер юерушілігінің әр түрлі дәрежеде көрініс беруімен сипатталады, қаршаған ортаға қатысты әмоция мен сезімді сипаттайтын сезімдер динамикасымен көрініс береді.
ХХғ 20жж Швейцариялық ғалым К. Г. Юнг (1875-1961жж) қоршаған ортаға индивидтің қызығушылығынан туындаған психологиялық ерекшелігін «әкстраверсия-интроверсия» деп атауды ұсынды.
Әкстроверсия- индивидтің меншікті, кейбір өзінің жеке тұлғалық маңыздылығын төмендету нәтижесінде сыртқы объектілердегі, сыртқы дүниедегі өз қызығушылығын нақты бағыттау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы.
Әкстроверттерге импульсивті мінез-құлық тән, ымдау белсенділігі жоғары, инициативті әлеуметті бейімді, ішкі дүниесінің ашықтығы байқалады.
Интроверсия- жеке тұлғаның зейінінің өз ішкі дүниесіне, өз қызығушылықтарына тоқталуы.
Интроверттер өз мүдделерін ең маңызды деп санайды, оларға қарым-қатынас жасауды тұиықтық тән,әлеуметтік пассивтілік(бейғамдық), өзін-өзі талқылауға бейім болу, қиын бейімделушілік тән.
Интроверсия мен әкстроверсияның үйлесуі жеке тұлғалық темперамент сипаттамаларымен айқындалады
Нейторизм
Әмоционалдар тұрақтылық
Достарыңызбен бөлісу: |