Тақырыбы: «Кикілжің психологиясы» Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің функциясы


Қақтығыс (дау-жанжал) психологиясы



бет7/13
Дата10.06.2022
өлшемі244.61 Kb.
#459082
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
КИКІЛЖІҢ

Қақтығыс (дау-жанжал) психологиясы
1.Қақтығыстың (дау-жанжалдың) жалпы сипаттамасы
2. Қақтығыстың (дау-жанжалдың) атқаратын қызметі.
3. Қақтығыс түрлері
4. Қақтығыс тұрцатының стратегиялары (басымдықтары)
5. Практикалық процесстер
6. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
Біздің әрқайсысымыз қалай да дау-жанжал жағдайлар мен қақтығысамыз. Қақтығыстар адамдардың қарым-қатынасында қызметтің барлық әлеуметтік институттарында, топтарында болатын құбылыс. Адамдардың практикасы көрсеткендей, түлға аралық қатынастар көбінесе дау-жанжалжағдайында өтеді, ол адамзат қарым-қарсының ажырамас бөлігі болып табылады да, адам қанша уақыт өмір сүріп тұрса, сонша уақыт ол да бар болып отырады.
Психологияда дау-жанжал (қақтығыс) қарама-қарсы бағытталған, жеке индивид сапасындағы бір-бірімен үйлеспейтін тенденциялар арқылы индивидтердің немесе топ адамдардың түлғааралық әрекеттері немесе түлғааралық қарым -қатынастарындағы кері әсерлі әмоциялық қобалжулармен байланысты анықталады.
Дау-жанжал (қақтығыс) - қарама-қарсы пікірлер, позициялар, бағалар мен идеялардың қақтығысы, оларды адамдар сендірумен немесе әмоцияның сыртқа шығу фоны әрекетімен шешуге тырысады. Кез келген жанжалдың негізі - жиналып қалған объективті және субъективті, шынайы және иллюзиялы қарама-қайшылықтар. Дау-жанжалдың өрбуі мынадай схемада жүзеге асады.
Дау-жанжал жағдайы +себеп=қақтығыс (дау-жанжал).
Дау-жанжалға - тән сипаттар: нәтижесінің анық еместігі, яғни дау-жанжалдың бір мүшесі басқа мүшелерінің қабылдайтын шешімін білмейді;
Әр жақты сәйкес келмейтін мақсаттарының айырмашылықтарын білмейді, бір адамның жан-жақты қызығушылығын да білмейді; әр жақтың, әр қайсысының әрекет ету кейпі.
Дау-жанжалдар әр түрлі, негативті де, позитивті де қызмет етуі мүмкін. Оның позитивті қызметіне мыналар жатады:
-жанжалдасушы жақтар арасындағы (кернеу)өршу бәсеңдігі;
-оппоент туралыжаңа ақпарат алу;
-ұйым ішкі түсініспеушілікпен қарсы күресуге ү-йымдастырушы;
-өзгерістер мен дамуға ынталандыру;
-қол астындығылардың иілу синдромын алып тастау;
-оппоненттер мүмкіндіктерін болжау;
Негативті (жағымсыз) қызметтер:
-жанжалға қатысудағы үлкен материалдық және әмоционалдық шығындар;
-қызметкерлерді босату, ұжымда тәртіптің төмендеуі, оның әлеуметтік психологиялық рольының нашарлау;
-жеңген топтарды жау ретінде көрсету;
-жүмысқа кедергі болатындай дау-жанжал әрекеттерге шектен тыс қызығу (әрекеттермен шектен тыс айналысу)
- дау-жанжал біткеннен кейін-қызметкерлердің бір бөлігімен ынтымақтастық дәрежесінің төмендеуі;
-іскерлік қарым-қатынастарды қалпына келтірудің қиындығы. Жеке тұлғаның ішкі қақтығысы
Жеке ішілік (дау-жанжал) қақтығыс.
Мұнағы қатысушылар адамдар емес, жеке түлғаның көбінесе үйлеспейтін боп көрінетін ішкі дүниесінің психологиялық факторлары: қажеттіліктер, мотивтер, құндылықтар, сезімдер т.б. Бүл қақтығыс функционалды несесе кереғар функционалды болуы мүмкін де, адам оған қатысты қандай шешім қабылдайды, түбінде оны қабылдай ма екеніне байланысты болады.
Тұлғааралық қақтығыс
Бұл қақтығыстардың ішіндегі ең көп тараған типі, әр түрлі мінезді, темперамент қақтығыстарынан көрінеді. Кейде адамдар бір-бірімен мүлде (араласа) жөнге келе алмайды. Мысалы, өз әрекет-амалдарын күштеп келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет