Куратор сөзі.
Қазіргі заманда қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз-деп бекер айтпаса керек. Халқымыздың ерте кезден- ақ адамгершілікті, әдепті жоғары бағалай білген.
Топтық жұмыс.
1-топ. Қазақ халқында ұл мен қыз тәрбиелеудің ерекшелігі
2-топ. Жаһандану дәуіріндегі отбасылық тәрбиенің рөлі
3-топ. «Бақытты отбасының» құпиясы
Топ жұмыстарын бағалау
Критерийлері: Топтық тақырыптарды қорғайды
Дескрипторлар:
1.Мазмұндылығы
2.Үштілділіктің қолданылуы
3.Презентация
4.Креативтілік
5.Регламентті сақтау (4 мин)
Өзара бағалау.
Топтар бір-бірін бағалайды.
Шығармашылық жұмыс. «Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
|
А3 қағаздары, түрлі-түсті бояу құралдары
Бағалау парақтары
«Отбасылық құндылық ағашы»
|