Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет10/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Профилактикасы мен емі. Алдын алу шаралары кене мен кеміргіштерді жоюмен сипатталады. Ол үшін жергілікті тұрғындарға арнайы вакцинация жүргізу керек. Вакцинация ұлпалық културальды вакциналармен жүргізіледі. Халықтың иммунизация параличтік түрінің азаюына әкеледі.
Арнайы емінде кене энцефалитімен ауыратындарды арнайы гаммаглобулин сары суымен егу қолданылады. Сонымен қатар соңғы кездері рибонуклеаза қолданылып келеді. Арнайы емес ем шараларға жалпы улануға қарсы күресуге бағытталады. Олар: ми ісінуі, бас сүйек іші гипертензиясы, бульбарлы бұзылыстар. Бұл үшін дегидратациялық дәрілер ұсынылады. 5% глюкоза, гемодез, изотоникалық ерітінділер, тыныс алу және жүрек қан тамыр бұзылыстары кезінде – лобелин, строфантин, ацидозды азайту үшін – 4% натрий гидрокорбанаты, оттегі тағайындалады.
Кене энцефалитінің созылмалы түрлерін емдеу қиын. Жедел кезеңіне қарағанда созылмалы кезеңіне арнайы дәрі – дәрмектердің әсері аз. Кожевников эпилепсиясы кезінде антиконвульсанттардан бензол, фенобарбитал, гексамидин қолданылады. Салдану кезінде антихолинэстеразды препараттар (прозерин, калимин, оксазил), антигистаминді, десенсибилизациялаушы дәрілер (димедрол, супрастин, тавегил, пипольфен, кальций хлориді, гормондар) тағайындалады. 40% проценттік уротропинді глюкозаға қосып тамырға салу керек.
Маса энцефалиті.
Маса энцефалиті (В-энцефалит, жапон, жазғы-күзгі энцефалит) 1924 жылы Жпониядағы эндемиядан кейін сипаталған. Аурудың қоздырғышы мүзгіш вирус болып табылады. Ауру маса шаққаннан кейін пайда болады. Маса және кейбір жануарлар вирустың табиғи қоры болып табылады.
Патоморфологиясы. Маса энцефалиті өте ауыр энцефалиттер қатарына жатады. Патолого-анатомиялық көрінісі ауыр капилляро-токсикозбен және нейротоксикозбен сипатталады. Ми қабықшасында және затында, бауырда, өкпеде, бүйректе гиперемия, толақандылық, геморрагия айқын білінеді. Қыртыс асты түйіндерінде (стрипаллидарлы жүйеде, көру төмпешігінде), ортаңғы ми құрылымдарында, сирек жағдайда мишықта, жұлында, ми қыртысында қабыну пролиферативті және деструктивті некрозды өзгерістер айқын байқалады. Патоморфологиялық түрде панменингоэнцефаломиелиттің көрінісі жиі көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет