Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер



бет15/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
НС инф аурулары

Бульбарлы түрі: ауыр дамиды, яғни ми сабағының каудальды бөлімінің ядроларының зақымдалуына байланысты. Ошақты симптомдардың дамуы бас ауруымен, дене қызуының көтерілуімен, құсумен қатар жүреді. Менингеальды симптомдар айқын емес немесе болмайды. Көбінесе 9,10 жүйкелердің ядроларының зақымдалу симптомдары дамиды: дисфагия, дисфония, назолалия, қақалу-шашалу, көмекейдің параличі және т.б. жұтынудың бұзылуы гиперсаливация мен жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабығының секреторлы қызметінің күшеюімен қатар дамиды. Кілегейлі секрет жиналып, тыныс алудың бұзылуын тереңдетеді. Полиомиелит кезіндегі тыныс алудың бұзылуы тыныс алу жолында секреттің жиналуына байланысты болады. Тыныс алудың «дымқыл» түрі деп орталық немесе шеткері тыныс алудың бұзылуынан тыныс алу жолының қақырықпен толуын айтады. Ал «құрғақ» түрі деп тыныс алудың жұлындық бұзылуын айтады (бұл кезде тыныс алу жолында қақырық болмайды). Бульбарлы түрінде II және ағымы өте ауыр ақыры қауіпті болуы мүмкін.
Полиомиелиттің болбыр параличі кезінде пирамидалық симптомдар болуы мүмкін, бул кортиконуклеарлы және кортикоспинальды жолда экссудативті-геморрагиялық өзгерістермен байланысты.
Кейінгі жылдары бұрынғы жылдармен салыстырғанда аз кездеседі, параличтер, атрофиялы, бульбарлы бұзылулар абортивті, атипиялық клиникалық ағымда болады.
Полиомиелит тәрізді аурулардың параличтік түрінің дамуында Коксаки А, ЕСНО2, ЕСНО6, ЕСНО11 вирустарының маңызы зор. Полиомиелит тәрізді аурудың ағымы қауіпсіз, тек ауыр параличті түрі өлімге әкеледі.
Полиомиелиттің менингеальды, спинальды, бағанал, полирадикулоневритті түрлері бар. Балаларда қозғалу қызметі бұзылып, парез дамып, жүрісі өзгеріп, ақсандау пайда болады. Зақымдалған бұлшық еттердің гипотрофиясы және гипотониясы байқалып, сіңір рефлекстері төмендейді.
Бағаналы түрінің басты белгісі болып мимикалық бұлшық еттердің шеткері парезі, кейде бульбарлы бұзылулар болады. Жұлын-ми сұйықтығында аралас нейтрофильді-лимфоцитарлы цитоз (50-200 клетка 1 мкл-де) және белок шамалы түрде жоғарылайды(0,49-0,66г/л), қант жоғарылайды (0,8-0,9г/л). Диагностикада вирусологиялық және эпидемиялық зерттеулердің маңызы зор.
Емдеуі. Науқасқа тыныштық сақтау керек. Тітіркендіргіш әсерлерді жою. Гамма-глобулин, С витаминінің үлкен дозасын, десенсибилизациялық терапия (димедрол, дипразин, пипольфен, супрастин, кальций препараттары), дегидротациялық препараттар, антипиретиктер, транквилизаторлар тағайындалады. Паралич кезінде науқасты дұрыс жтқызу керек, яғни контрактураның дамуының алдын алу үшін. Тыныс алудың бұзылуының «құрғақ» түрінде жасанды тыныс алу интратрахеальды респираторы аппараттар қолданылады. Ал «дымқыл» түрінде күнделікті секретті сорып «дренаж» қолданылады. Ал ауыр жағдайда трахеостома жасап, жасанды тыныс аппаратын қолданған жөн. Қозғалу қызметін қалпына келтіру деңгейі, емдеудің тиімділігіне байланысты. Белсенді массаж және емдік дене шынықтыру ауырсыну синдромын жойғанымен контрактураның дамуына себепші болады. Қалпына келтіру шараларынауқастың жалпы жағдайы жақсарып, қозғалу бұзылулары толық байқалғанда жеңіл массаж түрінде тағайындалуы керек. Кейіннен массаж бен емдік дене шынықтыру жаттығуларының қарқындылығымен уақытын ұзартады және дибазол, прозерин, басқа да антихолинестеразды препараттар тағайындалады. Аяқтың қысқаруы болған жағдайда арнайы аяқ – киім беріледі және кемістік коррекциясының ортопедиялық емі жүргізіледі.
Санаторлы - курортты ем 6-8 айдан соң басталады. Сазбен емдеу (Одесса, Бердянск, Евпаторий), құммен емдеу (Евпаторий), радонды ванналар, күкіртсутекті ванналар тағайындалады.
Профилактикасы. Науқасты бөлек шығарып, дезинфекция жүргізіленеді. 20 күнге карантин тағайындалады. Ал қарым-қатынаста болған балаларға гамма – глобцлин егіледі. Полиомиелитке қарсы белсенді иммунизация 3 айлық балаларға (3 ай ішінде) әр типті вирустың әлсіреген тірі вакциналарымен жасалады. Ал реиммунизация 1 жылдан соң қайта жасалады. Вакциналар тамшы түрінде немесе драже түрінде беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет