Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері Менингиттер


Энцефалиттердің классификациясы (М.Б.Цукер бойынша)



бет5/15
Дата22.02.2024
өлшемі40.72 Kb.
#492890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
НС инф аурулары

Энцефалиттердің классификациясы (М.Б.Цукер бойынша)
Бірінші реттік вирусты энцефалиттер
А. Вирусты белгілі энцефалиттер:
1) Мезгілдік арбовирустық
- күзгі-жазғы
2) мезгілге байланысты емес вирустық:
- энтеровирустық (Коксаки, ЕСНО)
- герпес вирусты туғызатын
- тұмаудан кейін дамитын энцефалит
В. Вирусы белгісіз энцефалиттер;
- эпидемиялық қысқы;
- көп маусымды энцефалиттер;
Инфекциялық – аллергиялық және аллергиялық энцефалиттер
1. Параинфекциялық (қызылшадан кейін)
2. Вакциналардан (егілгеннен) кейін – АДС, АКДС, антирабикалық
3. Демиелиниздеуші: -лейко-, панэнцефалиттер,шашыранды (таралған) склероз
4. нерв жүйесінің ревматизм және коллагеноздар кезінде зақымдалуы.
5. туберкулотоксикалық энцефалиттер, энцефаломиелиттер
Микробтық және рикетсиоздық:
1. Бірінші реттік:
- нерв жүйесінің мерезі
- бөртпелі тифтен кейін
2. Екінші реттік
- стафилококк, стрептококк және т.б.
- маляриядан кейін
- токсоплазмоз кезінде
- рикетсиялық энцефалиттер
Инфекциялы – генетикалық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер:
-Қуру
- болбыр энцефалит
- скрепи
4.1. Эпидемиялық энцефалитті (латергиялық, қысқы, энцефалит А) алғаш рет 1917 жылы Вена қаласындағы профессо Экономо толықтай сипаттады. Летаргиялық энцефалитті 915-1925 ж.ж. эпидемия кезінде көптеген зерттеушілер зерттеді. 1923 ж. Н.Ю.Тарасевич балалардағы эпидемиялық энцефалиттің ағымы мен клиникасының ерекшеліктерін толықтай сипаттады.
Летаргиялық энцефалитпен көбінесе 20-30 жастағы адамдыр ауырады, мектеп жасындағы балалар сирек ауырады. Емшектегі және мектептегі балаларда эпидемиялық энцефалит ауыр түрде өтеді.
Этиологиясы мен патогенезі. Летаргиялық энцефлиттің вирусты табиғатының көптеген жанама дәлелдер бар. Аурудың қоздырғышы сүзгіш вирусы болып табылады. Вирустың нерв жүйесіне ену жолдары толық зерттелмеген. Алдымен вирусемия пада болып, сосын вирус периневральды кеңістік арқылы миға енеді деп болжайды. Эпидемиялық энцефалиттің клиникалық ағымы жедел және созылмалы кезеңге бөлінеді. Энцефалиттің созылмалы кезеңінің түзілуіне аутоиммунды процестердің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет