Жадынама тарату
Жұмысты жаңа бастаған жас мамандарды қате қадамнан сақтандыратын бірнеше тыйым
Балаларды көңіліне тиетін атаулармен және теңеулермен атап кемсітпеңіз.
Шектен шыққан жағдай орын алса да дауыс көтермеңіз. Егер сондай бір жәйт үстінде
дауыс көтеріп қалған болсаңыз, артынша неге бұлай еткеніңізді түсіндіріп, бұған мәжбүр болғаныңызға өкінетініңізді білдіріңіз.
Баланы жазалай отырып, дер кезінде кешіре де біліңіз, шын көңілден кешірім сұрауға дайын болатындай жағдай да жасаңыз.
Баланы жазалай отырып, сол жаза арқылы өзге балалардың қуанышын ынталандырмаңыз.
Балалардың бір-бірін жамандап әңгіме айтуына жол бермеңіз, шағым айтқыштарды сөзі шын болса да ынталандырмаңыз. Кінәлі балаға өз қателігін мойындатуға тырысыңыз. Бірақ ол өзін «жаман», «тәрбиесіз» немесе бәрін «әдейі» істейтін бала секілді сезінбейтін болсын.
Баланың отбасы мен ата-анасы туралы оның көзінше ешқашан жағымсыз сөз айтпаңыз және өзгенің де олай етуіне жол бермеңіз.
Егер сіз ойынды немесе сабақ тақырыбын өзіңіз жақсы білмейтін болсаңыз немесе әзірлігіңіз нашар болса, оларды өткізбеңіз.
Баланың бастамасын «Өзіңнен сұраған кезде ғана айт» немесе «Өзіңе рұқсат берген «кезде ғана жаса» деп үзіп тастамаңыз, әйтпесе олар сіздің басшылығыңызсыз бірдеме істеуден мүлдем қалады.
Ашуланбаңыз және ез ашуыңызды керсетпеңіз. Егер солай бола қалған жағдайда, бұл жәйттің сізді қатты қынжылтқанын білдіруге тырысыңыз.
Жас мамандарға
Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
Өзіңіздің білім атты «жүктемеңізді» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
Сабаққа көрнекілікті «артығымен» әзірлеңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
5. Сұрақ менен, жауап сізден
1. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлалады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», — деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдер қолданасыз?
2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?
3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кіналады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңыды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
4. Сіз үйге тапсыра бардіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінд, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз, оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалукерек пе?
5. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз оқушыны кіналі деп тауып,
оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
6. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиынды келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
Жас мамандарға психологиялық кеңес
1. Оптимист болыңыздар! 2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер; 3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз; 4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді; 5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына
келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз; 6.Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие; 7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады; 8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау; 9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз; 10.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз; 11.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті; 12.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды; 13.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі; 14.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді; 15.Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз; 16.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз; 17. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |