Тақырыбы: Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін өздері ұстауларының негізгі ережелері



бет4/4
Дата16.11.2022
өлшемі101 Kb.
#465006
түріСабақ
1   2   3   4
жол ережесіdoc

Сахналық қойылым
Ішке мысық келеді.Қолында үзілген құйрығы , қорқып аулаға келе алмай тұрады.
Бастаушы:Келе ғой , мысығым бізден қорықпа ,
Жараңды жазамыз , жылама ,зарықпа.
Бастаушы ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып шипагер  Айболит атаны көмекке шақырады.
Ортаға шипагер ата келеді , балалармен амандасады.
Бастаушы: Кішіге , үлкенге , жасына , кәріне ,
Жансая қиналған жандардың бәріне.
Шипагер атаны біз жақсы көреміз ,
Өйткені ол үлкен дәрігер !
Шипагер атай жайласып отырады , басын шайқап:құйрығыңды қалай үзіп алып жүрсің , қазір орнына келтіреміз ,-деп тігіп береді.
Мысық:Доп қудық көшеде Қозы бар , лақ бар
Көп өткен машина бірақ та.
Кеп қалған машина басты да ,
Добымыз жарылды доңғалақ астында.
Достарым анда тұр , кіруге қаймығып.
Біреуі құлағын ұстап , екіншісі мүйізін ұстап аулаға келеді.Дәрігер көмек көрсетіп , ескерту жасап балалардан жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды .
Бастаушы:Балалар , көшеде доп қуып ойнағанның ақыры немне бітерін байқаған боларсыңдар . Бір қуанарлығы өздері аман қалыпты.
Аулаға өкіріп аю келеді .
Бастаушы: Ататай , қараңыз мына бір сұмдықты ,
Маймаққа не болған , кім оны қынжылтты ?.
Шипагер ата: Маймағым , не болды , жасырмай айтшы өзің ?
Неліктен көкпенбек ісінген бас- көзің .
Дәрігер аюдың басын таңып ,бет-аузын сүртеді .
Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,
Сақтаңыз шыбындай жанымды..
Жармасып бал тасыр машина-қадаққа ,
Домалап түсті де , тап болдым азапққа.
Бастаушы:Аюжан , сенің түбіңе бал жететін шығар .
Балалар , жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?
Балалар: Жоқ , болмайды .
Аю:Кешіріңізші , Ата ! Енді ұрлық та жасамаймын , жолда жүру ережесін де бұзбаймын .
ІІІ бөлім. Топтар шартты белгілерімен таныстырады.
«Бағдаршам» тобы
1. Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орыңда тұр, қозғалма,
Ереже бұл «Сен, тоқта!»

2. Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.


3. Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білген жандар 
Өтуге еш қорықпайды.

4. Көрегенмін, қырағымын,
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін 
Тәртіпті мен орнаттым.

«Жол белгілері» тобы
1. «Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,a
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.

2. «Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?

3. «Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

4. «Көрсеткіш» белгісі
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

5. Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!
ІV бөлім. Сұрақ-жауап
Бағдаршам тобына
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/
2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/
4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/
«Жол белгілері» тобына
1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/
5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/
V бөлім. Көрермендерге жұмбақтар беріледі. Ән орындалады. Жұмбақтардың жауабы алынады. 
VІ бөлім. Оқушылармен бағдаршам ойыны ойналады.
VІІ бөлім. Қорытынды
Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
Жол ережелері жазылған стенд көрсетіледі.
Оқушылардың «Менің Оқушылар Үйіне дейінгі жолым» атты схемалары түсіндіріледі.
Газет қорғалады.
Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет