Адаптивті деңгей педагогтың педагогтық шынайылықққа тұрақсыз түрде қарауы, нақты педагогтық қызметтің міндеті мен мақсаты олардың жалпы түрімен анықталған жағдайда олар қызеттің бағытталуы мен критериі болады. Кәсіби-педагогикалық қызметті педагог алдын ала құрылған алгоритмім болып кеткен кесте бойынша жасайды шығармашылық оған тән емес.
Репродуктивті деңгейдегі педагог педагогикалқ шынайылыққа құндылықты түрде тұрақты қарауға бейім, педагогикалық процеске қатысушылар арасында субъективті-субъективтлік қарым-қатынастар құрады, оған педагогикалық қызметтің қанағаттанарлығының жоғары индексі тән. Шығармашылықтық белсенділік қызмет ету шектерімен шектелген, алайда жаңа шешімдер іздеу элементтері туындап отырады. Қажеттіліктің педагогикалық бағыттары, қызығушылығы, бейімділіктері қалыптасады; ойша репродуктивтік формадан ізденіс фомасына ауысу байқалады.
Креативтік деңгей – көбіне мақсатты бағытпен сипатталған, кәсіби қызметтің тұрақтылығы мен жолдары және әдістері арқылы сипатталады. Педагогтың оқушылармен, әріптестермен, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасыкөрініп тұрған гуманитаклық бағыт арқылы ерекшеленеді. Педагогикалық ойлаудың құрылымында педагогикалық рефлексия, эмпатия маңызды орынға ие ол тәрбиеленушінің жеке даралығын толық түсінуді қамтамасыз етеді, оның әрекеттері мен қылықтарын толық түсінуді қамтамасыз етеді.
Креативтік деңгей педагогикалық қызметтің жоғары деңгеймен, психологиялық-педагогикалық біліммен, қызметтестік қарым-қатынасқа деген және оқушылар мен әріптестеріне деген қарым-қатынастарын бекітумен ерекшеленеді.
Сонымен Жеке тұлғаның құрылымында ғылыми және педагогикалық қызығушылықтар және қажеттіліктер үйлесмді түрде беректерелген; дамыған педагогатық рефлексия мен шығармашылықтық өзінділік жеке-психологиялық тиімді түрде өзін-өзі көрсетуге жағдай жасайды жеке тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндіктерін көрсетеді.
Негізгі әдебиет: 1,3,4,8,9.
Қосымша әдебиет: 3,4,5,7,9.
Сұрақтар:
-
Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары қандай?
-
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі қандай?
3. Рефлексия дегеніміз не?
№21-дәріс
Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы және оқушының портфолиосы
Портфолионың мақсаты: педагогтың және оқушының жеке кәсіби жетістіктері мен жұмыстарының нәтижелігін ұсыну.
Мұғалімнің портфолиосы – бұл педагогтың жұмысын бағалаудың баламалы формасы ретінде қарастырыла алатын педагогтың жеке жетістіктерінің жиынтығынан тұратын құжаттар жинағы.
Портфолионың міндеті:
-
Педагогтың кәсіби-тұлғалық сипаттамасын қалыптастыру;
-
Кәсіби өзін-өзі ұйымдастыруды, негізгі құзыреттіліктерді дамыту;
-
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін арттыру;
-
Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына көмектесу.
Портфолионың құрылымы:
1. жалпы мәліметтер:
-
фотосурет (қызықты, отбасымен, балалармен түскен фотосуреттер де жарайды);
-
аты-жөні, тегі;
-
туған жылы;
-
жұмыс орны;
-
білімі (дипломның көшірмесі);
-
гтүрлі саладағы жетістіктері;
-
грамоталар, дипломдардың, құрметті атағы мен деңгейлерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;
-
біліктілікті арттыру куәлігінің көшірмесі.
2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер).
Еркін формада, қызықты түрде, әрбір блок бойынша диагностикалық материалдар мен нәтижелерді беру, сондай-ақ жеке өсуінің даму болашағы туралы өзінің пікірін жазу.
-
Мен – адаммын (табиғи қасиеттер, сырт бейнесі, жеке-даралығы т.б.).
-
Мен – тұлғамын (мінезі, қалауы, жарқын бейнесі т.б.).
-
Мен және менің отбасым (еркін түрде).
-
Мен – кәсіби маман (қызығушылығы, қажеттілігі, жетістігі, «Өзін-өзі тану» пәтуралы).
-
Мен және қоғам (Мен әлемнің ішінде, әлем менің ішімде, менің ерекше қасиеттерім).
-
Өз-өзімен әңгімелесу, өзіне өзі туралы айту (өзінің мақсаты туралы, өмірдік мәні туралы, тағдыры туралы, қарым-қатынастар туралы, жетістіктері туралы, талдау, бағалау, болжам, рефлексия т.б.).
-
Менің өмірлік ұстанымым (ол туралы әңгімелеу, талқылау және негіздеу т.б.
-
Менің бағдарым және идеалым (өмірлік, маңызды).
3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері.
Аталған бөлім адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижелер қарқынын көрсететін материалдардан тұрады.
-
Балалардың білім бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бар және олардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдар.
-
Үш жылғы іс-әрекет туралы салыстырмалы талдау (диагностиканың нәтижелері).
-
Балалардың - олимпиадалар, фестивальдер, жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарының тізімі.
4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет.
Бұл бөлім педагогтың кәсібилігі туралы куәлік беретін материалдардан тұрады.
-
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды таңдау негізделетін материалдар.
-
Пән бойынша өткізілген шеберлік сыныптарының, семинарлардың тізімі.
-
Конференциялар мен педагогикалық кеңестердегі баяндамалар.
-
Сайыстарға қатысу.
-
Жарияланымдар тізімі.
-
Адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша үздік сабақтардың, шаралардың материалдар (бейнематериалдар).
-
Өздігінен білім алу бағдарламасы.
-
Басқа құжаттар.
5. Сабақтан тыс іс-әрекет.
6. Оқу-материалдық база.
Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады.
-
Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі.
-
Оқытудың техникалық құралдарының болуы.
-
Көрнекілік құралдардың тізімі.
-
Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі.
Портфолионы рәсімдеу
Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді.
Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша).
Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек.
Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді.
Портфолионың презентациясы
Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну.
Оқушының портфолиосы
Портфолионы құру бойынша ұсыныстар
Адам жетіле түсу үшін кез-келген іс-әрекет бағалауды қажет етеді.
Бағалау – өте көлемді ұғым: ол үрдістен және жұмыс нәтижесінен тұрады. Сонымен қатар бағалау әртүрлі іске асырылуы мүмкін:
-
Сандық көрсеткіш түрінде:
-
Сапалық көрсеткіш түрінде:
-
жұмыс үрдісі мен оның нәтижесі туралы ауызша баға беру;
-
эмоционалды реакция.
Осылайша, бағалау тек баға қоюмен шектелмейді. Қазіргі білім беру барынша дараланған, дифференцияцияланған бола түсуде және оқушылардың білім нәтижелерін бағалауда жаңа әдістерді талап етеді. Сондықтан портфолионы енгізу осы мәселені шешуде қажетті жағдай болып табылады.
Портфолио (франц.
porter - баяндау, айту,
folio - бет, парақ) - жетістіктердің жиынтығы, досье.
«Портфолио» ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер «портфолио» деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Қазіргі уақытта бизнес саласында портфолио фирманың жетістіктерін көрсету үшін қолданылады, ал фотосуретшілер мен фотомодельдер арасында фотосуреттер альбомы ретінде пайдаланылады.
Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды.
Портфолио – бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған [1].
Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу.
Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:
-
оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау,
-
олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту;
-
оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс-әрекеттерінің дағдыларын дамыту;
-
оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру;
-
оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету;
-
тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау.
Бағалаудың аталған түрі тек негізіг мектептеде ғана емес, сондай-ақ бастауыш сыныптарда және мектепке дейінгі мекемелерде пайдаланылады [3].
Портфолионың мәні:
-
оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді;
-
алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді;
-
бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады;
-
педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды;
-
үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады.
Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар
-
Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек «еріктік» (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді.
-
Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап.
-
Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез-келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру.
Осылайша, оқушының портфолиоға материалдар жинақтау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны қажетті психологиялық және практикалық қолдаусыз да қалдырмау керек.
-
Портфолионы әзірлеу кезінде қосымша және кәсіби білім беру ұйымдарына, балалардың қоғамдық ұйымдарына жиі бару керек, оқушыны олар өткізетін шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Бұл мектептер ұсынатын олимпиадалар, сайыстар және викториналардың тар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл шараларға пәндерге деген қызығушылықтары бар болса да, әрбір оқушы қатыса алмайды. Сондықтан аталған әлеуметтік орталарға бару оқушының портфолиосы үшін материалдарды джинақтау мен жеке жетістіктерін көрсетуде мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
-
Портфолионы әзірлеу кезінде материалдарды көптеп жинақтаумен және басқа оқушылармен «ал менде екі пікірге артық» деген ұстаным бойынша жарысумен елігуге болмайды. Портфолио үшін құжаттар мен материалдарды жинақтауға барынша мұқият болу керек. Өйткені олардың саны емес, сапасы маңыздырақ.
Портфолионың құрылымы
-
Алғашқы бет (түсқабы);
-
мазмұны;
-
бірінші бөлім: «Менің портретім»;
-
екінші бөлім: «Құжаттар портфолиосы»;
-
үшінші бөлім: «Жұмыстар портфолиосы»;
-
үшінші бөлім «Пікірлер портфолиосы»;
-
бесінші бөлім: «Жинақ сандықша» (жадынамалар, нұсқаулар, пайдалы ақпараттар).
Бөлімдер
-
Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады.
-
Құжаттар портфолиосы – сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады.
-
Жұмыстар портфолиосы – түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу.
-
Пікірлер мен ұсыныстардың портфолисы – оқушының мұғалім ұсынған іс-әрекеттің әлуан түріне қарым-қатынасының сипаттамасы, оқушының өзінің нақты іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне жазбаша өзіндік талдауы. Бөлім оқушының адамдарға, оқиғаларға, іс-әрекеттің түрлеріне қарым-қатынасының сипаттамасынан тұрады (БАҚ мақалалары, мақалаға пікір, мұғалімнен, ата-ананың, достарының пікірлері).
Назар аударыңыз!
-
Портфолио бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдарға есептелген, бұл маңызды білім нәтижелерінің траекториясын құруға мүмкіндік береді, баланың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз етеді, алған білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалана ару қабілеттерін көрсетеді.
-
Портфолиомен жұмыс істеу технологияны пайдалануды (іскери ойындар, тренингтер, топтың іс-әрекеттер), баланың өз бетінше жұмыс істеуі мен педагогпен жеке өзара әрекеттестігін қарастырады.
-
Портфолиомен жұмыс істеуге ата-аналар, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, психологтар тартылады. Жұмысқа сынып жетекшісі жетекшілік етеді.
Әдебиеттер
-
Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006.
-
Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006.
-
Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3.
-
Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5