Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі


Исламның негізгі багыттары



бет6/12
Дата10.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#126394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Исламның негізгі багыттары.

Ислам үш бағытқа бөлінеді - мұсылман әлеміндегі ең көп жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы, ең алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін күреске және саяси мотивке байланысты еді.

Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. VIII ғ екінші жартысының басында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады -азракиттер, ибадиттер, суфиттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті. Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп үлес қосты. «Тайпалық десократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғарғы билікті тек қана сайлану жолымен алуы тиіс деп есептеді. Егер де, ол өзіне қойылған талаптар деңгейінен көріне алмаса, онда қауым оны алып тастауға, ал керек болған жағдайда - өлтіруге дейін бара алады. Халиф болып кез келген дінді ұстанған адам тегіне, әлеуметтік статусына және ұлтына қарамай сайлана алады. Билікке үміткер жанға қойылатын басты талаптар - оның Құран мен Суннаны қатаң ұстануы, мұсылман қауымының өкілдеріне әділетті қарауы және сол қауымның мүддесін қолына қару алып қорғауға шамасының келетініндей болуы керек. Халиф - мұсылман қауымының басты өкілетті тұлғасы және де әскер басшысы болып есептелінеді.

Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Келіссөз жүргізу арқылы Муавиямен ортадағы дауды шешуге ұмтылған Али, хариджиттер түсінігінде, өзінің халифатқа иелік ету құқығын жоғалтты. Өйткені оны «Алла ғана соттай алады» деген принципті бұзса керек. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет+- ғұрыптарды қатаң қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді.

Шииттер мен сунниттер

Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры «тақуа халиф» Али мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. Шиизм (ар. «шиа»- топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүей болып табыл-майды. Ол - көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәти-жесінде жүріп отырды.

Шииттер, суннитер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастау деп есептейді. Бірақ олардың сунниттерден ерекшеліктері мынада.: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге Али әулетінен шыққан адамдарды таниды.

Шииттер, суниттерге қарағанда қасіретшеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азартану иедясына, Али мен оның баласы Хусейіннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады.

Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия «байқампаздық, естілік, ақылдылық» - «өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу» принципі, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе жан дүниеңде берік бола тұра, іс жүзінде - оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі.Шииттер бұндай жағдайға жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар - өз тарихында саны жағынан азғантай болып, көбіне біраз қысым көрген жандар.

Суниттер

Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты ұстанады. Сунниттердің толық атауы - «Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі ислманың маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән белгілердің негіділеріне: төрт «тақу халиятердің» заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіен күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу. жатады (маликиттік, шафииттік, ханифиттік немесе ханбалиттік) Шииттерден сунниттердің айырмашылығы - олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пағамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы.

Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда болған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады.

Шиидтік секталар

Кең тараған исламдық жіктемелердің бірреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: Кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады.

  1. Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы

Қазір дін мен дәстүрді былықтырып, өзгеше ұлттық дін жасағысы келіп жүргендер бар, яғни олар әр ұлттың өз діні болу керек дегенді қағида қылып ұстанады. Міне, осы т ұрғыдан қарағанда әртүрлі діни ағымдар өздерін ұлттық дінді ұстап жүрген біздерміз деп халықтың басын қатырады.

Қазіргі ең өзекті мәселе - көп мұсылман жастардың сектаға кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң басын алып шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден өз орнын таба аламау - жастардың психологиясын мүлдем өзгертуде.

Секта - діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын өз дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар қарапайым адамдарға үгіт -насихат жүргізіп, бірдеңемен қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға кірсе, мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған мүліктер үшін ол жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға кіріп кеткен балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген ата-аналар аз емес.

Ислам атын жамылған діни ағымның бірі - «Хизбут - Таһрир» партиясы . Бұл ұйымда мұсылмандар арасына жік салуда. Өкіншке орай, кей жастарымыз мәселенің мән-жайына бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей ілесіп олардың қатарына қалай қосылып қалғанын аңғармай жүр.

Жастарымыздың осындай көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін көрсетеді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік беріңіз?.

  2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғырын қалай түсінесіз?.

  3. Дін және оның даму тарихын сипаттаңыз?.

  4. Әлемдік діндерге сипаттама беріңіз олардың ерекшеліктері неде?

  5. Секталар ұғымын қалай түсінесіз?



№10-дәріс

Тақырыбы: Тұлға қалыптасуындағы өзін-өзі танудың рөлі.

Мақсаты: Тұлға бойындағы биік сезім, адами қасиеттердің қалыптасуына негіз салу.

Тірек ұғымдар: “тұлға”, “даму”, “өсу” “тұлғалық қасиет”, “сапа”, т. б.

Жоспар.

  1. Тұлға ұғымына түсінік.

  2. Тұлға дамуы мен қалыптасуына өзін-өзі танудың рөлі.

  1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;

  1. адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.

Индивид (лат. individuum - бөлінбейтін) - 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:

  • психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

  • қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;

  • белсенділігі.

Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғалық (индивидуальность) - 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

  1. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы - оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).

Қалыптасу - бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық - баланың ата-анасынан немесе ата- бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер).

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта - адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта - адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.

  1. Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау керек. Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық бірліктің жеке өкілі деп түсінеміз.

Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп түсінеміз.

Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны қалыптастыру объективті және заңды үрдіс екендігін көрсетеді.

Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген.

Психологиялық анықтама бойынша тұлға-қоғамдық қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог -ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам - тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ- ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп пайымдаған.

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы-деп көрсетеді профессор С.Қалиев.

Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы адамзатты сүю шарт”

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани- адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы Ә. Мұқанбетжанова өзінің «Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» - атты монографиясында: «... дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады»- деп тұжырымдайды.

Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова .”тұлға ” ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға тек жай - жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын мәніне ие болатындығын көруге болады.

Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе, А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу негізіне алып бөліп көрсетуге болады:

  1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен сипатталуы мүмкін.

  2. Тұлға - салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық, сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде қарастырылады.

  3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады.

  4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады.

Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп жазды.

  1. Сана қалыптастыру әдістері

Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет әрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мән-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске қосылатын - сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл әдістер тобы сендіру әдістері деп аталған, себебі олардың міндеті - тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы әрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде әрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тәрбие мазмұнымен белгіленген іс-әрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесін береді.

Наным-сенімге оқушыны әрқилы әдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи

өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды әдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау әдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған әдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» және т.б. тағылым-тәрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ әдептілік-имандылық тақырыбындағы әңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, әдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру әдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды әдісі - өнеге-үлгі. Әдістердің әрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ әдістерінің бәрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді әрі жүйелі түрде басқа әдістермен бірге қолданылады.

Этикалық тақырыптағы әңгіме - инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен әсерлі баяндау әдісі. Сезімге ықпал ете отырып, әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет-қылық нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік әңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын

басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тәрбиелік ұнамды үлгі-өнегені өрнек ретінде ұсынады.

Әдептілік әңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты:

  • әңгіме оқушылардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болу қажет. Ол - қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай;

  • әңгіме көрнекілік әдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), әңгіме мазмұнын қабылдауға ән-күй үлкен жәрдем береді.

  • әдептілік әңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет.

Қоршаған жай-жағдайлардың әсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың адам көңіліне көтеріңкі әсері әңгіме тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал- жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды әңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында).

  • әңгіменің әсері кәсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен әңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мәжбүр болады.

  • әңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған эсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс.

Ұғындыру - тәрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау әдісі. Бұл әдістің қолданылуы сынып ұжымы мен әр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тәсілдер мен құрал-шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы «Осылай істеу керек», «Осылай істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру әдісі, егер тәрбиеленуші қандай да талаптың мәніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпараттарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме және т.б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу әдістерін қолданған дұрыс. Аталған әдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен әрекет-қылық формасын қалыптастыру әрі бекіту үшін; б) тәрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады.

Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру әдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тәрбие әдістерінің ықпал әсерін күшейту мақсатында қолданады.

Тәрбие тәжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу әдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу әрекеті тәрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тәуелді. Үгіттеу арқылы педагог тәрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нәтижелерге жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын тиімділік тәрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тәуелді, өз сөздері мен әрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тәрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады.

Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз әрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз әрекеттің, оның салдарының мәнін дәлелді ашып берумен бірге тәрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тәрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру және сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей әсерде жүргізіледі.

Әдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері - тәрбиеші және тәрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың әңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тәрбиеші өз сұхбаттасы - тәрбиеленушінің пікірін тыңдайды және онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі және қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Әдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық- имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты - ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау және бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру.

Әдептілік сұхбаттары тәрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жәрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар мен әрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мән-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда әдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың «ізін суытпай» не сол оқиғаның кінәкәрі сәл өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп, мән-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн.

Әдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды шарттарға тәуелді:

  1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан көзқарастар, идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тәрбиеші тосын, қалыпқа келмейтін сұрақтардың туындауына себепші болып, өз шәкірттерін оларға жауап іздеп, табуға баулиды.

  2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған жауаптары бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дәлелді тұжырымдар топшылауға жетелеңіз.

  3. Сұхбатыңыз тәрбиеші көпіре сөйлеп, тәрбиеленушілер үндемей тыңдайтын дәрісбаянға айналып кетпесін. Сұхбат барысында ашық та анық айтылған пікір балаларды дұрыс қорытындыға келтіреді. Әңгіме-сұхбат нәтижелілігі екі адам ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады.

  4. Сұхбат үшін таңдалған материал тәрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне сай болғаны жөн. Талқыланатын тақырып оқушыларға жете түсінімді болмай, олардан сөз жарыс, пікірталас белсенділігін күту не талап етуге болмайды. Шынайы тәжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нәтижесін береді.

  5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра білу қажет. Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды - бұл әділдік шынайылылық, қатынас мәдениетінің ізгілікті белгілері.

  6. Әдептілік сұхбатында дұрыс басшылық - мәні - тәрбиеленушілерге өз ынта, әрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жәрдем беру. Бұл үшін тәрбиеші болған оқиғаларға тәрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін түсінуге тырысуы қажет.

Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу - қате пікір. Жоғары маманданған педагогтар әдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шәкірттерін де байыппен дайындайды. Мектепте әдептілік сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып, кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі.

Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұндай әңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін бетіне баспай, әрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, әжуа- сықақсыз өткені дұрыс. Өз тәрбиешісінің шынайы көңілін, жәрдем пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уәде береді, қайтып ондай әрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық нәтижеге жеткені.

Үлгі-өнеге - өте әсерлі тәрбие әдісі. Бұл әдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз - екінші сигналдық жүйе деңгейінде эсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-әрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тәрбиеші, дос-жаран. Әдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тәрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі - еліктеушілік. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет.

Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға эсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару -міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген жөн.

Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық- әрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тәуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бәріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тәрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.

Сонымен, сана қалыптастыру әдістері тұлғаның ізгілену тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: әдептілік әңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, әдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тәрбие әдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тәуелді.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Тұлға дамуының мәні неде?

  2. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының

мағынасын ашыңыз.

  1. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.

  2. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?

  3. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық- әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.

  4. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

  5. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.

  6. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.

  7. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде?

  8. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста?



№11-дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет