Тақырыбы: «Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру»



бет7/8
Дата18.06.2022
өлшемі304.5 Kb.
#459303
1   2   3   4   5   6   7   8
өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттыру курстық жұмыс

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – жастарға терең білім беру және білім сапасын көтеру. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Жаңа бастамалардың бірі-Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін педагогтар біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары. Бұл курс бағдарламасында оқытудың жеті модулі төңірегінде, яғни білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушыларды жас ерекшелеріне сәйкес білім беру, білім берудегі басқару және көшбасшылық жүйеленген. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Оқушыларға терең де жүйелі білім беруде мұғалімнің жан – жақты білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы тиіс. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.


Жалпы білім білім беруде әр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап, қолданысқа енгізгенде оқушы жетістіктерін бағалауды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Себебі, оқыту үшін бағалау сыныптағы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі әсер етері сөзсіз. Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет