Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері



бет3/5
Дата15.03.2023
өлшемі29.43 Kb.
#470813
1   2   3   4   5
лекция 2

Оқу мазмұнын анықтау.
Оқу мазмұны жекелік оқу жоспарына бейнеленеді. Пациенттердің оқу мазмұнының негізгі бағыты – денсаулықты сақтау, өмір деңгейін көтеру болып табылады. Мейірбике оқу мазмұнын анықтамас бұрын, жаңа оқу технологияларымен танысуы, оның оқу процессіндегі қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді анықтап алуы қажет. Оқытудағы алынған білімнің тереңділігі, жүйелілігі, бірізділігі жас қабілетімен, денсаулық жағдайымен, жеке тұлғаның танымдық белсенділігімен анықталады. Мейірбике педагогикасының мазмұны кейбір күтім көрсету нысандарымен жұмыс жасағандағы, жәрдем көрсетудегі дағдыны, іскерлікті және т.б. қалыптастырады. Пациенттер әр түрлі практикалық жұмыстарға белсенді қатыса отырып, өз қажеттіліктерін, ықыласын, бейімділігін қалыптастырады. 
Оқуды жоспарлау, оның қасиеттерін бағалау, оқудың тиімділігі.
Мейірбике жоспарды құру, оқыту процессінің орындалуын қадағалап, бағалап, және оның сапасын, тиімділігін тексеріп, дәлелдерін қалыптастырудан тұратын оқыту процессін ұйымдастырып отырады. Оқу жоспары пациенттің жекелік қасиеттерін, оқытуға бөлінетін уақытты ескере отырылып, пациентпен бірлесіп талқыланады. Оқу процессі егер де мейірбике және пациент немесе оқушы белгілі бір мәселелерді ұғынуы бойынша қойылған мақсатта жетсе, онда оқыту тиімді деп саналады. Бұл жағдайда мейірбике коммуникативтік дағдылар, педагогикалық тактиканы және де педагогика, психология негіздерін білуі керек. 

  1. Мейірбикелік үрдіс туралы түсінік, оның мақсаты және мақсатқа жету жолдары

Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.
Мейірбикелік үрдіс – мейірбике пен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын проблемалар жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік практиканың ғылыми эдісі. 
Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:
Пациент туралы ақпараттар базасын құру;
Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау;
Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету;
Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама көрсетіп отыру;
Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет