Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері


Мейірбикелік үрдістің I кезеңі мейірбикелік тексеріс жүргізу әдісі арқылы жағдайды бағалау процессін өзіне енгізеді



бет4/5
Дата15.03.2023
өлшемі29.43 Kb.
#470813
1   2   3   4   5
лекция 2

Мейірбикелік үрдістің I кезеңі мейірбикелік тексеріс жүргізу әдісі арқылы жағдайды бағалау процессін өзіне енгізеді.

  1. Керекті ақпараттарды жинау:

а. Субъективті мәліметтер, оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.
ә. Объективтік мәліметтері: бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.
б. пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау,. эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік – экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер факторларын, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.

  1. Жиналған ақпараттар талдауы. 

ІІ.кезең: диагностикалау немесе пациенттің проблемасын анықтау
-пациеттің негізгі және потенциалдық проблемасын анықтау;
-күтудегі бірінші кезеңдегі мәселесін өңдеу;
-пациентпен оның анықталған проблемаларын талқылау. 
ІІІ кезең – керекті көмекті жоспарлау:
-мақсаттарды қою (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді);
-пациентпен бірге күтім нәтижелерін анықтау;
-пациентке қажетті мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау;
-мейіркештік кірісулер жоспарын құру;
-пациентпен күту жоспарын талқылау;
-күту жоспарын, күтімді жүргізушілермен таныстыру. 
IV кезең – күтім жоспарын енгізу:
– мейірбикелік қызметті жоспар сәйкестігі бойынша үйлестіру;
-жоспарланбаған немесе жоспарланған күтімді үйлестіру. 
V кезең – мейірбикелік күтімнің қорытынды бағасы.
-жетістікке жеткен қорытындысын жоспарланғанмен салыстыру;
-жоспарланған кірісудің нәтижесіне тиімділігін баға беру;
-егер қажетті нәтижеге жетпеген жағдайда келешек бағасын және жоспарын енгізу. Мейірбикелік үрдістің барлық кезеңдеріне сын қорытындысын жасау және қажетті түзетулерді енгізу. Мейірбикелік үрдіс мейірбикелік бағалау картасында құжатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет