Тақырыбы: Пациент оқыту кезеңдері, әдістемесі, деңгейлері және тәсілдері


Білім алудағы пациенттің және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру



бет2/5
Дата15.03.2023
өлшемі29.43 Kb.
#470813
1   2   3   4   5
лекция 2

Білім алудағы пациенттің және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру.

Пациенттердің қандайда бір қажеттілігін ашудағы қанағаттануының бұзылуы кезінде пациенттте аурушандық жағдай дами түседі.
Пациенттің және оның жанұясының өміріндегі белгілі бір сәтіндегі қажеттіліктерін ашуды, оның денсаулығын жақсарту мақсатында белсенді әсер етуге болады және де бұл процессте мейірбикеге көп көңіл бөлінеді. Ол үшін мейірбике:
-пациенттің өмір қалпы бағалайды;
-пациенттің өзіне күтім жасау оқуындағы қажеттіліктерін анықтайды;
-пациенттің әлеуметтік және мәдени ортасын бағалайды;
-оқушының психологиялық ерекшеліктерін, дамуын бағалайды.

  1. Пациенттің білім және ептілігінің бастапқы деңгейіне баға беру

Іскерлік оқыту процессінің нәтижесі болып танылады. Іскерлік деп өзгеріп отыратын жағдайлардағы қалыптасқан білім негізінде қандайда бір іс-әрекеттерді болдыру қабілеттілігін айтады. Әрбір оқушы жеке тұлғалық және іскерлік ерекшеліктеріне, оқуға деген қарым-қатынасына ие болады.
Дәлелдеу-оқыту процессінің бірінші бөлігі.
Дәлелдеу »дайын болу заңы» – ақыл-ой іс-әрекеттерінің қалыптасуының бірінші міндетті түрдегі кезеңі. Дәлел – ол адамды қандайда бір іс-әрекет жасауға талаптанып, ынталануын анықтайды. Пациентті оқытуда ішкі және сыртқы дәлелдері болуы мүмкін.
Сыртқы дәлелдерге денсаулығының қалпына келуі, материалдық пайдасы, сөгіс алуы, марапатталуы және т.б. жатады. Ішкі дәлелдерге өзінің оқулық деңгейін өсіруге талаптануы, бұрындағы алған білім мен ептілік деңгейлерін көтерулері жатады. 
Дәлелдің 4 құрылымдық компоненттері бар:

  1. Қызметтің өзінен қанағаттануы.

  2. Жеке тұлғаның өз нәтижесіне деген мәнділігі.

  3. Жасаған іс-әрекеттері үшін марапаттаудың »дәлелдеу» күші.

  4. Жеке тұлғаға күштеу арқылы қысым көрсету. 

Пациенттің оның жанұя мүшелерінің қабілеттілігін бағалау.
Адамның қабілеті өзінің жекелік психикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Адамның қабілеті жас кезінен денсаулығына, мінезіне байланысты әр алуан болып, танымдық белсенділігінің деңгейін анықтайды. Мейірбике пациенттердің және оның жанұя мүшелерінің жекелік психикалық жағдайына, қызмет ету сипатына, оқулық және тәрбиелік жағына, жеке қасиеттерін, қарым – қатынасын, ептілік дәрежесінің даму қабілеттіліктерін бағалап отырады. Мейірбике оқушылармен туындайтын қиыншылықтарды ескеріп, өзінің жұмысын әрі қарай жоспармен ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет