Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру


· жаңа психологиялық білімдерді қарастыру



бет3/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

· жаңа психологиялық білімдерді қарастыру;

· психологиялық білімдерді тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдану;

· психологиялық білімді беру және тарату.Аталған зерттеушілер психологияны оқыту әдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жоғары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шығармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:

- психологияны оқытуда белсенді әдістерді пайдалану;

- психология пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, яғни ғылыми-теориялық мәселелерге өмірлік тәжірибелер призмасы арқылы қарау;

- психологиялық теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пай­далану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.

Болашақ маманның кәсіби қалыптасуы туралы зерттеулерге сүйенсек, әр мамандықтың ерекшелігіне сай студенттердегі қабілет мазмұны да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, гуманитарлық бағытта даярланатын маман өз кәсібіне қатысты мынадай құрылымдық мазмұнды меңгергені жөн: біріншіден, мамандығына байланысты терең білім; екіншіден, өз бетімен іздену арқылы кәсіби білімін көтеру мәдениеті; үшіншіден, адамдармен жұмыс жасауға психологиялық жағынан дайындық.

Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялық мәселе:1) оқу материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет;2) жоғары мектеп оқытушысы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің «керектігін», өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;3) студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялық жолы -оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;4) психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету. Сондықтан, психология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың жолдары сан алуан;- психология курсын оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына (тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің қайталанбас тұлға екендігіне көз жеткізу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет