Тақырыбы: Психологиядағы пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелерін анықтау, білім сапасын арттыру



бет8/36
Дата19.05.2022
өлшемі89.26 Kb.
#457553
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36

Оқытудың белсенді әдістерін топтастыру. Оқытудың белсенді әдістері оқу процесінің әр түрлі кезеңдерінде пайдалануы мүмкін. Білімді тұңғыш игеру кезінде, білімді бекіту және жетілдіру кезінде, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру кезінде. Оқытудың меңгерілген әдістерін белсенді және белсенді емес деп бөлуге болмайды. Танымдық іс-әрекет белсенділігінің алуан түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, оқытушы студенттердің танымдық белсенділігін көтеруге қол жеткізеді

Оқытудың белсенді әдісі мен түрлеріне мынаналарды жатқызуға болады: іскерлік ойындар, проблемалық, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс – диалог, тренинг, дөңгелек столдар, пікірталас, ұжымдық - танымдық, оқу және т.б.

3. Мектептегі оқытудың ерекшеліктері

1.Оқыту және білім беру ұғымы.

2.Оқу іс-әрекетінің мақсаты.

3.Оқу үрдісінің құрылымы.

4.Оқытудың дәстүрлі формалары.

5.Оқытудың инновациялық үлгілері.

Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі.

Оқытудың негізгі сипаттары:

-екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді;

-қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі;

-танымның ерекше үдерісі;

-тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;

-басқарушылық.

Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие.

Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс-әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу.Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет