Тақырыбы: Шағын комплектілі мектептегі оқыту технологиясы пәні туралы түсінік



бет24/25
Дата22.12.2023
өлшемі130.99 Kb.
#487591
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
ШРРРÓ Ñ Ñ Ñ Ñ еÑ

Дәріс № 15.
Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен әдісі.
Мақсаты: Тақырыбы: ШЖМ БІД бақылаудың түрлері мен әдісі туралы түсінік
Тірек ұғымдар: бағалаудың түрлері, бағалаудың әдістері.
Дәрістің мазмұны:

  1. Бақылаудың түрлері.

  2. Бақылаудың әдістері мен оларға сипаттама.

Оқушылардың математикадан алған білімдері, біліктері мен дағдылары күнделікті сабақта ауызша сұрау мен оқушылардың білім деңгейлерін анықтау, яғни бақылау жұмыстары алынатын сабақтарда тексеріледі және бағаланады.


А) Оқушылардың ауызша жауаптарын бағалау: (Т.Қ.Оспанов)
«5» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады;

  • Қойылған сұрақтарға толық және дұрыс жауап берсе;

  • Есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;

  • Есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, қзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарына берген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;

  • Практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса.

Егер оқушының жауабы негізінен «5» деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, «4» деген баға қойылады:

  • Жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;

  • Есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;

  • Есептерді шығарған кезде дәлдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;

  • өлшеулер мен сызулар орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса.

Мұғалім аздап көмектессе, оқушы бұл кемшіліктердің барлықын да оп-оңай түзете алады.
«3» деген баға оқушыға мынадай жағдайларда қойылады:

  • есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;

  • есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса.

Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара алмаса және есептеулерді жүргізе алмаса, онда «2» деген баға қойылады.
Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда «1» деген баға қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет