Тақырыбы: Су – тіршілік көзі Мақсаты


Мұғалім: - Дәрігерлерді тыңдап көрелік. Олар не айтады екен? 5) Дәрігерлер



бет3/6
Дата23.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#474130
1   2   3   4   5   6
«Су-тіршілік көзі». Сыныптан тыс шара сценариі

Мұғалім: - Дәрігерлерді тыңдап көрелік. Олар не айтады екен?
5) Дәрігерлер:
1. - Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді.
2. Су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.
Дәрігерлерге сұрақ: - Егер адам қажетті мөлшерде су ішпесе не болар еді?
3. Мидың жұмыс істеуі баяулайды, тәбетсіздік, әлсіздік туады, іш қатады, қан қоюланып, жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады т.б. Міне, байқасаңыз, тіршіліктің көзі болған судың жетіспеуінің әсерінен-ақ ағзада ауытқушылық орын алады.
Мұғалім: - Енді судың қасиеттеріне тоқталу үшін, ортаға зертханашыларды шақырамыз.
6) Зертханашылар:
1-тәжірибе: - Екі шыны ыдыс аламыз, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құямыз. Екі ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылаймыз. («Су мөлдір»)
2-тәжірибе: - Балалар, түтікше арқылы су ішіп көрелік. Онда дәм бар ма? («Суда дәм жоқ»)
3- тәжірибе: - Балалар, суды иіскеп көрелік, судың иісі бар ма? («Судың иісі жоқ»)
4- тәжірибе: Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайық. Шешім: мұз, қар - бұл да су. («Мұз - қатты су»)
5- тәжірибе: - Суы бар екі стақан алып, біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреміз. Құм еріді ме? Екінші стақанға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стақандағы еріді? («Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді»)
7) Мақалшыларды ортаға шақырып, халық даналығына құлақ түрелік:

- Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
- Су жүрген жер - береке,
Ел жүрген жер - мереке.
- Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
- Су - ырыстың көзі,
Еңбек - кірістің көзі.
- Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас. 
- Судың да сұрауы бар.
- Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
- Тау мен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
- Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет