Тақырыбы: Су – тіршілік көзі Мақсаты


) Әртістердің «Тесік шелек» атты көрінісін тамашалайық



бет5/6
Дата23.05.2023
өлшемі0.68 Mb.
#474130
1   2   3   4   5   6
«Су-тіршілік көзі». Сыныптан тыс шара сценариі

9) Әртістердің «Тесік шелек» атты көрінісін тамашалайық:
Бір байдың үйіне қызметшісі күнде екі шелекпен су таситын. Алайда, оның біреуінің түбі тесік болатын. Бүтін шелекпен суды қожайынның үйіне төкпей-шашпай жеткізсе, тесік шелекке құйылған су жол бойы тамып, жартысы ғана кәдеге жарайтын. Осылайша арада екі жыл сырғып өте шығыпты. Бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын»,– депті. Таңқалған су тасушы: «Неге?» деп сұрайды. Шелек: «Өйткені, түбім тесік болғандықтан, судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де тиесілі еңбекақыңызды толықтай ала алмай келесіз» дегенде қызметші: «Оған түк те қайғырма. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдеріне бір қарашы», – депті жай ғана. Шынында да қожайынның үйіне жеткенше жолдың өз жағы жапырағы жайқалған, иісі аңқыған гүлдермен көмкеріліпті. Әдемілікке тамсанған шелек бір сәт аңтарылып тұрып қалғанда, су тасушы:
– Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім. Күн сайын су алып қайтқанда, сен оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері қожайынды осылайша қуантып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда, гүлдер болар ма еді?!», – деген екен. 
Мұғалім: - Пенде болған соң тесік шелек секілді әркімнің де өзіне тән кемшіліктері болары сөзсіз. Алайда, одан қуыстанып, қорқа беру де жөн емес. Дегенмен, кемшілігін түзеп, үлгі ала білсе, жақсылыққа қарай ұмтылса, сіздің де біреуге пайдаңыз тиері сөзсіз. 
- Ендеше өз ойымызды ортаға салайық, суды қорғау үшін не істеу керек? (суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз; мектеп, ауыл ішінде экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.
10) Жас экологтар: - Суды қорғау дегеніміз - адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсарту, қалпына келтіру және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Негізгі міндеттер — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерін тексеріп отыру, олардың табиғи толығуына, тазаруына жағдай жасау, суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғау шараларын жасауымыз керек. Су бассейнін ластамаудың негізгі жолы - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жібермеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет